"Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 343 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 қарашада № 2879 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қолданысы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатын осы қаулымен бекітілген "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 16-тармағының 124) –134) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б. Оспанов
      Б. Жылқышиев
      С. Қаныбеков
      Е. Садыр
      С. Тұяқбаев
      А. Абдуллаев
      Р. Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы
№ 343 қаулысына қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тоқаева көшесі, № 17 үй, пошталық индексі 160000.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығын дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      15. Міндеттері:
      агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      егін шаруашылығын дамыту бойынша шараларды іске асыру;
      ветеринария саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
      асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау және дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру;
      облыстың агроөнеркәсіп саласында инновациялық технологияларды енгізу;
      азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыруға ықпал жасау.
      астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
      басқарманың қызмет саласына қатысты салаларды дамыту үшін инвестициялар тарту;
      заңнамада белгіленген тәртіпте басқарманың қызмет саласына қатысты салаларда қызмет ететін шетелдік заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау.
      16. Функциялары:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
      4) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;
      5) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
      6) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
      7) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;
      8) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;
      9) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
      10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
      11) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      12) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
      13) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобаларының және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін жасау;
      14) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      15) агроөнеркәсіптік кешеннің және ауылдық аумақтардың жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру;
      16) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу туралы ұсыныс беру;
      17) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
      18) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
      19) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
      20) астық қабылдау кәсіпорындарын:
      бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді;
      астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау;
      21) тиісті облыстың дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілерінің мемлекеттік астық ресурстарына азық-түліктік астық жеткізу мөлшерін жалпы түсімге проценттік қатынаспен бекітуді қамтамасыз ету туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      22) дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылау;
      23) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру көлемін бекіту үшін астық мұқтажын бәсекелестік секторы қамтамасыз етпеген өтінімдерді уәкілетті органға ұсыну;
      24) тендерлік негізде:
      ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын оларға өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын;
      мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнды оларға өткізу үшін нан пісіру ұйымдарын айқындауды ұйымдастыру;
      25) астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау;
      26) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнның және нан-тоқаш өнімдерінің шекті бағасын айқындау және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      27) астық қабылдау кәсіпорындарының: "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;
      астықты сақтау;
      астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
      28) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      29) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
      30) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
      31) Қазақстан Республикасының "Астық туралы" Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;
      32) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
      33) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
      34) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;
      35) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
      36) астықтың, оның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
      37) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
      38) мемлекеттiк астық ресурстарының көлемi, құрылымы, оларды қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану қағидалары жөнінде ұсыныстар енгізу;
      39) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
      40) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      41) агенттен мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындаған отандық астық өндірушілердің тізбесін сұрату;
      42) мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындамаған отандық астық өндірушілерге осы міндетті орындағанын растау қажеттігі туралы хабарлама жіберу;
      43) отандық астық өндіруші мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындағанын растамаған жағдайда, оған Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы бір ай ішінде ұйғарым беру;
      44) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік жазалар қолдану;
      45) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      46) Қазақстан Республикасының "Астық туралы" Заңының 25-бабында қарастырылған астық қабылдау кәсiпорнына мынадай жауапкершiлiк түрлерiнiң бiрiн:
      астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылғаны байқалған, астық қабылдау кәсiпорындарының лауазымды адамдарының сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiне қатер төндiруi мүмкiн құқыққа сыйымсыз әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi анықталған жағдайда қолдану;
      47) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу және басып шығару;
      48) ірi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөлу;
      49) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;
      50) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар ету;
      51) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;
      52) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      53) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      54) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізу;
      55) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметінің басталғаны туралы хабарлаған байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асыру;
      56) облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша тұқымдар баланстарын жасау;
      57) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;
      58) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      59) тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асыру;
      60) Қазақстан Республикасының "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңының 6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      61) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
      тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
      әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындау;
      62) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
      63) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      64) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      65) тұқым шаруашылығы жөнiнде:
      субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
      тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      66) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формулияциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерін лицензиялау;
      67) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;
      68) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;
      69) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдау;
      70) өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң Қазақстан Республикасының "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңында белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттерiнiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      71) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      72) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      73) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының талаптарын сақтамауы туралы істерді қарау;
      74) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұрату және алу;
      75) өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгілеу;
      76) агенттен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиiстi аумақтағы сақтандырылған өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi көрсетiлген тiзбесiн сұрату;
      77) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жаза қолдану;
      78) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
      79) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      80) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      81) ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау;
      82) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      83) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      84) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
      85) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және оларды тасымалдау (жеткізу);
      86) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      87) процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды берушілерге олармен беруге шарттар жасасқанға дейін беруді қамтамасыз ету;
      88) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
      89) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
      90) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      91) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды
      зерттеп-қарауды жүргізу;
      92) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      93) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      94) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалау;
      95) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      96) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      97) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
      98) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
      99) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      100) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      101) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
      102) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
      103) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;
      104) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
      105) уәкілетті орган бекіткен қағидаларына сәйкес мақта нарығының мониторингін жүргізу;
      106) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мақта егілетін аймақтарда мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауына мониторинг жүргізу;
      107) мақта өңдеу ұйымдарын:
      мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақта өңдеу ұйымын біліктілік талаптарына сәйкес келуі және бекітілген кестелер негізінде шитті мақтаның жаңа өнімін қабылдауға дайындығы тұрғысынан жыл сайын жоспарлы тексеруді;
      мақта өңдеу ұйымдарын тексеру актілерін рәсімдеуді қамтитын лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
      108) уәкілетті органға стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды, мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
      109) сотқа мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу және оны мерзімінен бұрын аяқтау туралы өтініш беру;
      110) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
      111) мыналарды:
      мақтаның қауіпсіздігі мен сапасын;
      аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін;
      сарапшы ұйымның қызметін бақылау;
      сараптама ұйымының мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      112) мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыру;
      113) анықталған Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзушылықтарды ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;
      114) сотқа мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы қуыным беру;
      115) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 32-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде мақтаны беруге уақытша тыйым салу;
      116) мақта өңдеу ұйымдарының:
      мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу;
      мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын сақтауын бақылау;
      мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, күшін жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
      117) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұру, сондай-ақ, мақта қолхаттарын бере отырып қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы сотқа қуыным арызын беру;
      118) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау;
      119) мақта тұқымдарының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды қамтамасыз ету және басқару әрі олардың сандық-сапалық жай-күйін бақылау; 120) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, күшін жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
      121) сарапшылық ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауын жыл сайын бақылау;
      122) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, негіздеу, іске асыру және нәтижелерге қол жеткізу;
      123) мына бағыттар бойынша облыстың агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялауды жүзеге асырады:
      тұқым шаруашылығын дамыту;
      мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру;
      басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарын және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
      отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
      өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;
      ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізіп беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту:
      жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
      шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындарды субсидиялау;
      агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау;
      астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу;
      ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
      отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайту;
      қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
      агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;
      124) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқару, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
      125) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізу, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізу;
      126) су қорын пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      127) өз құзіреті шегінде конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру;
      128) өз құзіреті шегінде бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысу, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізу, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделеу, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолдану;
      129) өз құзіреті шегінде су объектілерін ұтымды пайдалану, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
      130) өз құзіреті шегінде судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындармен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiсу;
      131) тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу;
      132) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
      133) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су беру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асыру;
      134) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлеу;
      135) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша облыс әкіміне және оның орынбасарларына ұсыныс енгізу;
      2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдармен бірлесіп іс-қимыл жасау, олардан өзінің функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату және алу, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарға жедел ақпарат ұсыну;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығару;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша өз құзыреті шегінде облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттермен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
      3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      4) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
      5) "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      6) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;
      7) келісім-шарттар жасасады;
      8) сенімхаттар береді;
      9) банкте шоттар ашады;
      10) өз уәкілеттігі шегінде барлық "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      11) "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;
      12) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;
      13) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігі мен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      Ескерту. 5-тарау жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 06.03.2015 № 51 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      26. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мекеме тізбесі:
      1) Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының "Табиғат қорғау" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады