"Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 2609 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда № 2917 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 мамырдағы № 808 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.05.2016 № 808 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына, Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 2143 және Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қазандағы № 41/283-5с "Шымкент қаласында төртінші ауданды құру және қала аудандарының шекараларын белгілеу туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2836 тіркелген бірлескен қаулысы мен шешіміне және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 379 және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 33/256-V "Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында құрылған төртінші ауданға атау беру туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2906 тіркелген бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының әкімі аппаратының басшысы Т.Мекамбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Д.Сатыбалды

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 2609 қаулысымен бекітілген

"Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын және орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Уалиханов көшесі № 2, телефоны: 55-43-26, индексі 600813.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы:
      "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басқару саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саясатты жүргізу.
      15. Міндеттері:
      1) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
      2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
      3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
      4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
      5) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
      6) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, соңдай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      7) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      8) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді;
      9) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
      10) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
      11) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
      12) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жердемдеседі;
      13) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
      14) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қалалық мәслихаттың сессияларының жұмысына қатысады;
      15) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
      16) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      17) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
      16. Функциялары:
      1) өтініштерді, хаттарды қарау және заңмен белгіленген тәртіпте жауаптар дайындау;
      2) мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
      3) мемлекеттік мекеменің жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша хат алмасуды жүргізу.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, қала әкімдігінің отырыстарына қатысады;
      2) "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
      3) "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      17. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Шымкент қаласының әкімімен қалалық мәслихаттың келісімімен лауазымына тағайындалады және босатылады.
      19. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
      2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
      3) сенімхаттар береді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
      5) өз құзыреті шегінде өкімдер, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
      7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
      "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      22. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкім басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады