Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 17.10.2019 № 308 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың | |
сессия төрағасы | Б. Мухамеджанов |
Кентау қалалық мәслихатының 16 қыркүйек 2014 жылғы № 189 шешімімен бекітілген |
Кентау қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі
Жалпы ережелер
1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6 тармағына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Ауылдардың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды ауылдың әкімі шақырады.
Кентау қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдың әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Кентау қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті ауыл әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
11. Жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны төмендегідей айқындалады:
жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны:
халық саны 14570 Қарнақ ауылында 73 өкіл;
халық саны 6364 Хантағы ауылында 32 өкіл;
халық саны 2176 Ащысай ауылында 11 өкіл;
халық саны 1580 Байылдыр ауылында 8 өкіл.