РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына сәйкес Мақтарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 21.11.2014 № 1284 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
2-1. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
Ескерту. Қаулы 2-1 тармақпен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 21.11.2014 № 1284 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Абуовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С.Тұрбеков |
Мақтарал ауданы әкімдігінің 12 ақпан 2014 жылғы № 165 қаулысына қосымша |
2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
қ/с | Ұйымдардың атауы | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Адам саны | Қоғамдық жұмыстардың көлемі | Қаржыландыру көздері |
1 | Қала, кенттер және ауылдық округтері әкімдерінің | Көркейту, көгаландыру, аймақтарды тазалау | 525 | 180 гектар | Аудандық бюджет |
Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, тарату | 24 | 30000 дана | |||
Жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмілетке толмағандардың арасында құқықты бұзұды алдын алу ("Сақшы" және "Тәртіп") | 25 | Қала, кенттер және ауылдық округтері аумағында | Аудандық бюджет | ||
2 | "Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекмесі | Жұмыссыздардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесу, құжаттарды көбейту және тарату | 6 | 3000 дана | Аудандық бюджет |
| Жалпы | | 580 | | |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.