"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына сәйкес, Мақтарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 165 "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2538 тіркелген, 2014 жылғы 28 ақпанда "Мақтаарал" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.";
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Абуовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С.Тұрбеков |