Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімінің 26.02.2015 № 1529 хатымен).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурызындағы № 170 қаулысына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 50 «2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2561 тіркелген, 2014 жылғы 15 наурызындағы «Созақ үні» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.».
2. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне /Б.Әбенұлы/ жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Еденбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Аймұрзаев