Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 04.09.2014 № 2207 хатымен).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шардара ауданы бойынша 2013 - 2014 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Муталиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі К.Айтуреев
Шардара ауданы әкімдігінің
24 маусым 2014 жылғы
№ 291 қаулысына қосымша
Шардара ауданы бойынша 2013-2014 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдері
№ |
Дақыл түрі |
Егістіктің оңтайлы мерзімдері |
Ескертпе |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||
1 |
Күздік бидай |
01.10.2013 |
20.11.2013 |
Егістік және суармалы жерлер |
2 |
Жоңышқа |
10.03.2014 |
15.04.2014 |
Егістік және суармалы жерлер |
3 |
Жүгері |
10.04.2014 |
15.05.2014 |
Суармалы жерлер |
4 |
Мақта |
10.04.2014 |
25.05.2014 |
Суармалы жерлер |
5 |
Күріш |
20.03.2014 |
15.05.2014 |
Суармалы жерлер |