РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |
|
|
Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
Таза табыс 3000000 теңгеге дейін | Таза табыс сомасынан 5 пайыз |
Таза табыс 3000001 теңгеден 50000000 тенгеге дейін | 150000 теңге + 3000000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз |
Таза табыс 50000001 теңгеден 250000000 теңгеге дейін | 4850000 теңге + 50000000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз |
Таза табыс 250000001 теңгеден 500000000 теңгеге дейін | 34850000 теңге + 250000000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз |
Таза табыс 500000001 теңгеден 1000000000 теңгеге дейін | 97350000 теңге + 500000000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз |
Таза табыс 1000000001 теңге және одан жоғары | 247350000 теңге + 1000000000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз |