Бородулиха ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наруыздағы № 21-9-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 мамырда № 3303 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 тамыздағы № 7-6-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 тамызда № 112-18 болып тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 28.08.2023 № 7-6-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бородулиха ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары бекітілсін және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны айқындалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Р. Бергенев

У. Майжанов



  Бородулиха аудандық
  мәслихатының 2014 жылғы
  27 наурыздағы № 21-9-V
  шешімімен бекітілген

Бородулиха ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу
Қағидасы және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі
тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
1. Жалпы қағидалар

      1. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің осы ережесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін анықтайды.

      2. Ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйлердің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиындар) жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізудің тәртібі

      3. Бөлек жиынды кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады. Жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге арналған аудан әкімінің оң шешімі болған кезде бөлек жиын өткізуге рұқсат беріледі.

      4. Бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастық тұрғындарына оны өткізуге дейін он күнтізбелік күннен кем емес уақыт ішінде бұқаралық ақпарат құралдары немесе басқа да әдістермен хабарландырылады

      5. Ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй аясындағы өлек жиындарды. кенттің және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудан бұрын сәйкес ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үйдің жиынға қатысуға құқығы бар және қатысуға келген тұрғындарын тіркеу өткізіледі.

      7. Бөлек жиынды кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғыннан 1 өкілі құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 29.10.2014 № 27-4-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      9. Дауыс беру әрбір кандидатура бойынша жеке ашық әдіспен өткізіледі. Бөлек жиынға қатысушылардың көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және сәйкес кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына тапсырылады.


  Бородулиха ауданының
  аумағында бөлек жергілікті
  қоғамдастық жиындарын
  өткізу Қағидасына және
  жергілікті қоғамдастық жиынына
  қатысу үшін ауыл, көше,
  көппәтерлі тұрғын үй
  тұрғындары өкілдерінің санын
  айқындауға қосымша

Бородулиха ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін
ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдері кандидатураларының
саны

      Ескерту. Қосымша алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 29.10.2014 № 27-4-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады