Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 17.05.2024 № 17-3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Бородулиха ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 21-9-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3303 нөмірімен тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 38, "Пульс района" газетінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 39 сандарында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Бородулиха ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидасында:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғыннан 1 өкілі құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.";
осы Қағиданың қосымшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы Аудандық мәслихат хатшысы | C. Быков У. Майжанов |