"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 172 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 08 тамызда № 3446 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 67 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 06.03.2015 № 67 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 38-бабы 4-тармағы, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығы негізінде, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ ережесі бекітілсін.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ басшысы М. Ш. Досмагамбетова осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мемлекеттік мекемелерінің Ережесіне өзгертулер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 611 қаулысының 2-қосымшасының 8-тармағы алынып тасталсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Қ. Аргумбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Г. Акулов


Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "27" маусымдағы
№ 172 Қаулысымен бекітілді

"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) қолданыстағы заңнамамен белгіленген шекте мемлекеттік саясатты және шағын бизнес пен инновациялық дамудың мақсатты бағдарламаларын іске асыру саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық формасындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілдегі атауы көрсетілген мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес есепшоттары бар.
      4. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түседі.
      5. Бөлім заңнамаларға сәйкес өкілеттігі бар болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.
      6. Бөлім өз құзырындағы мәселелер бойынша заңда белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің штат санының құрылымы мен лимиті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бекітіледі.
      8. Бөлімнің заңды мекенжайы: индексі 070400, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі".
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметі аудандық бюджеттен қаржыландырылады.
      12. Бөлімнің өз қызметіне жататын міндеттерді орындау жөнінде кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарттық қатынастар жасауына тыйым салынады.
 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары мен міндеттемелері

      13. Бөлімнің миссиясы - қолданыстағы заңнамамен белгіленген шекте мемлекеттік саясатты және шағын және орта бизнес пен инновациялық дамудың мақсатты бағдарламаларын жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      1) қолданыстағы заңнамамен белгіленген шекте мемлекеттік саясатты және шағын және орта бизнес пен инновациялық дамудың мақсатты бағдарламаларын жүзеге асыру;
      2) шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметі мен басқа да ұстанымдарын үйлестіру;
      3) аудандағы сауда мен кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
      4) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес нысаналы инвестициялық саясатты жүргізу;
      5) мемлекеттік басқару органдарының аудан кәсіпкерлерімен өзара әрекет етуін және тиімді ынтымақтасығын қамтамасыз ету;
      6) маркетингті ұйымдастырудың негізгі принциптерін дайындау және тұтынушы тауарлары мен қызметтерінің нарығын толтыру, тауар өндірушілердің жұмыстарын ынталандыру;
      7) ауданның экономикалық өсуіндегі шағын кәсіпкерліктің маңызы мен рөлін арттыру, шағын бизнес саласына тұрғындардың қалың көпшілігін тарту;
      8) кәсіпкерлік субъектілері қызметінің кепілдігін, еркіндігін қамтамасыз ету;
      9) кәсіпкерлікке қатысты қаржылық-кредиттік саясатты енгізу;
      10) аудан кәсіпорындарымен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтуды дамытуға жәрдемдесу.
      11) аудан аумағында туристік қызметті үйлестіруді жүзеге асыру.
      12) Туристік қызмет көрсету нарығын талдау.
      15. Қызметтері:
      1) кәсіпорындармен, ұйымдармен және кәсіпкерлік құрылымдармен өзара әрекет етудің жаңа түрлерін әзірлейді;
      2) ресурстарды сала аралық бөлу механизмін, өндірістік-шаруашылық бірлестіктер мен басқа да ұйымдарды құруға жәрдемдеседі;
      3) шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысын жетілдіру және жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;
      4) басым бағыттарға сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық жобаларын іріктеуді жүргізеді;
      5) кәсіпкерлікті және тауарлар мен қызметтер нарығында бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін, ұйымдастыру, методикалық, экономикалық және құқықтық сипаттағы шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
      6) сауда мен нарық конъюктурасының даму динамикасының, тұрғындардың сауда қызметтері мен халықтық тұтыну тауарларына қажеттілігінің мониторингін жүргізеді.
      7) белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын, ұсыныстары мен жүгінімдерін қарастырады;
      8) өңірде шағын және орта кәсіпкерлік пен инновациялық қызметті қолдаудың инфрақұрылымдық нысандарының құрылуын және дамуын қамтамасыз етеді;
      9) жергілікті атқарушы органдарның жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым нысандарымен өзара қарым-қатынасын дамыту стратегиясын белгілейді;
      10) мемлекеттік сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді;
      11) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асырады;
      12) өз құзіреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асырады;
      13) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі сауда қызметіне септігін тигізетін жағдайлар құру бойынша шаралар әзірлейді;
      14) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді және жүзеге асырады;
      15) өңірдегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мен орындауды қамтамасыз етеді және оған жауап береді;
      16) жеке кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
      17) сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;
      18) жергілікті көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастырады.
      16. Құқықтары мен міндеттемелері:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған көлемде оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, ақпаратты және материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұратуға және қабылдауға;
      2) бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін кәсіпорындар мен ұйымдарды аралауға (келісім бойынша), жобалық-сметалық құжаттамамен танысуға;
      3) жетекшілік ететін мәселелерді аудандық әкімдіктің отырысында қарау бойынша ұсыныстар енгізуге;
      4) мемлекеттік органдар өткізетін және бөлімнің құзіретіндегі мәселелерге қатысты отырыстарға, жиындарға және кеңестерге қатысуға;
      5) өз құзіретінің шегінде сауда субъектілерінің қызметіне бақылау жасауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға;
      6) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі әкімдіктің қаулы жобаларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін келісуге қатысуға;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімге оның басшысы басшылық жасайды, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметтерін жүзеге асыруына тікелей өзі жауап береді.
      18. Бөлім басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
      2) заңда белгіленген тәртіп бойынша Бөлім қызметкерлерін ынталандырады, сөгіс жариялайды;
      3) Бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті болатын бұйрықтар шығарады, нұсқау береді;
      4) Барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Бөлім атынан өкілдік етеді;
      5) штат санының бекітілген құрылымы аясында бөлімнің штат кестесін, Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын және басқа құжаттарды бекітеді;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті шараларды қолданады және осы үшін тікелей жауап береді;
      7) тәжірибесіне, қабылеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке ерлер мен әйелдердің тең тұрғыда қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      8) заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлім басшысы болмаған кезде оның міндетін атқаруды заңнамаға сәйкес оның орнын басатын тұлға жүзеге асырады.
 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Бөлім заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында жеке мүлікті иеленуі мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз әрекеттері нәтижесінде тапқан мүліктің және Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған өзге де көздерден алынған мүліктің есебінен қалыптасады.
      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер заңнамада басқаша белгіленбеген болса, өз бетінше есептен шығаруға немесе басқа да жолмен билік етуге құқылы емес.
 

5. Мемлекеттік органды қайта құру және жою

      23. Бөлімді қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
 
 

      Бородулиха ауданының


      кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

М. Досмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады