Жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 111 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 маусымда № 3371 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 ақпандағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 08.02.2016 № 43 қаулысымен (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2), 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес Көкпекті ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының:
      1) мүгедектер үшiн үш процент мөлшерiнде;
      2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Смаиловаға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкiмi

Д. Мусин

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады