Үржар ауылындағы көшенің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 31 қазандағы N 90 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 желтоқсанда N 3571 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес, 2014 жылғы 03 қыркүйектегі Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындардың пікірін ескере отырып, Үржар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Үржар ауылындағы Пролетарская көшесі - "Әмір Әлхан" көшесі деп атауы өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б. Ақтановаға жүктелсін.
      3. Шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Үржар ауылдық округі әкімі С.Шарыкбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады