Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 150 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 2 қыркүйекте № 9715 тіркелді

      Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 150 қаулысымен   
бекітілген        

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша, өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының (бұдан әрі – номиналды ұстаушы) бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу талаптары мен тәртібін белгілейді.»;
      1-тармақта:
      3)тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қаржы ұйымы – инвестициялық портфельді басқарушы банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйым;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Жеке тұлға клиентке жеке шот (қосалқы шот) ашу кезінде номианалды ұстаушы жеке тұлға клиентке осындай жеке тұлға клиент ұсынған мәліметтер негізінде салық резиденттігін белгілейді.»;
      21-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) клиент мәмілені тіркеу үшін белгіленген мерзімде ірі қатысушы мәртебесін иелену үшін уәкілетті органның келісімін растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ұсынбаса;»;
      23-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) клиенттердің жеке шоттарынан екінші деңгейдегі банктердің оларға тиесілі, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын акцияларын есептен шығару және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3576 тіркелген) бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесінің 6-тармағында белгіленген тәртіпте қабылданған уәкілетті органның шешімі негізінде тіркелетін осы акцияларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шотына есепке жазу бойынша операциялар;»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер мәміле тараптарының біріне оны жасау үшін уәкілетті органның рұқсаты (келісімі) талап етілсе, номиналды ұстаушы осындай келісімнің бар екенін растайтын құжатты сұратады. Уәкілетті органның талап етілген рұқсаты (келісімі) болмаған жағдайда номиналды ұстаушы мәмілені тіркеуден бас тартады.»;
      28-1-тармағының бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «28-1. Банктер туралы заңның 47-1-бабының 3-тармағында, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 53-1-бабының 3-тармағында, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 72-3-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының акцияларын сенімгерлікпен басқаруды белгіленген кезде номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде қаржы ұйымының акцияларының меншік иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына сенімгерлікпен басқарушы туралы жазбаны енгізу бойынша операцияны уәкілетті органның қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлікпен басқаруды белгілеу туралы шешімінің және сенімгерлік басқарушының осы бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазба енгізу жөніндегі бұйрығының негізінде жүргізеді.
      Қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акциялары сатылған жағдайда номиналды ұстаушы оның меншік иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан осы акцияларды есептен шығару бойынша және осы акцияларды сатып алушының жеке шотына (жеке шоттарына) есепке алу бойынша операцияларды сенімгерлік басқарушының бұйрығы және Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабында және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның  72-1-бабында көзделген жағдайларда, уәкілетті органның қаржы ұйымының (банктік не сақтандыру холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжаты негізінде жүргізеді.»;
      38-тармағының бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, жеке шоттарында меншік иесіне тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепке алынатын номиналды ұстаушы уәкілетті органнан, орталық депозитарийден, тіркеушіден немесе эмитенттен сұрату алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде сұратқан тұлғаға тиісті мәліметтерді береді.».
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 30 қазанда № 450-451 (26294) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарда, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарда және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерінде:
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Сақтандыру ұйымы жеке тұлға клиентпен жинақтаушы сақтандыру шартын жасаған кезде осындай клиент ұсынған мәліметтер негізінде жеке тұлға клиенттің салық резиденттігін белгілейді.».
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      «14-1. Кастодиан жеке тұлға клиентпен кастодиандық шартты жасаған кезде осындай клиент ұсынған мәліметтер негізінде жеке тұлға клиенттің салық резиденттігін белгілейді.».
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 18 сәуірде «Заң газеті» газетінде № 56 (2450) жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Брокердің және (немесе) дилердің Қағидалардың 9-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келмеу фактісі басталған кезде нарығында брокер және (немесе) дилер сәйкес келмеу анықталған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы факт туралы хабарлама жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
      «26-1. Брокер және (немесе) дилер жеке тұлға клиентпен брокерлік шартты жасасқан кезде осындай клиент ұсынған мәліметтердің негізінде жеке тұлға клиенттің салық резиденттігін белгілейді.».
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 16 сәуірде «Заң газеті» газетінде № 54 (2448) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Инвестициялық портфельді басқарушы жеке тұлға клиентпен шартты жасасқан кезде осындай жеке тұлға клиент ұсынған мәліметтердің негізінде жеке тұлға клиенттің салық резиденттігін белгілейді.».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады