Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 168 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 қазанда № 9796 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтаң қараңыз

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Тізбенің 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 22-тармағын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Тізбенің 5-тармағының күші жойылды деп танылады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 27 тамыздағы
№ 168 қаулысымен
бекітілді

Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      Осы Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының (бұдан әрі - номиналды ұстаушы) бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуі, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беруі және номиналды ұстаушының ақпаратты ашуының талаптары мен тәртібін айқындайды.

      1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;";

      21-1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген негіздер бойынша оқшаулауды жүзеге асырған кезде, хабарлама қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі.".

      23-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) клиенттердің жеке шоттарынан оларға тиесілі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын екінші деңгейдегі банктердің акцияларын есептен шығару және уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3576 тіркелген) бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесінің 6-тармағында белгіленген тәртіпте қабылданған шешімі негізінде тіркелетін осы акцияларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шотына есепке алу бойынша операциялар;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер мәмілені жасау үшін мәміле тараптарының біреуіне уәкілетті органның рұқсаты (келісімі) талап етілсе, номиналды ұстаушы осындай келісімнің бар болуын растайтын құжатты сұратады. Уәкілетті органның талап етілетін рұқсаты (келісімі) болмаған кезде номиналды ұстаушы мәмілені тіркеуден бас тартады.";

      28 және 28-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Номиналды ұстаушы Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген терроризмді және эсктремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдардың және тұлғалардың тізбесі негізіндегі оқшаулау және оқшаулауды алу операцияларын қоспағанда, бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алу бойынша операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осындай құқығы бар мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарының немесе клиенттің бұйрығы негізінде номиналды ұстау жүйесінде жүргізеді. Оқшаулау бойынша операция жүргізілген кезде бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотының "негізгі" бөлімінен "оқшаулау" бөліміне ауыстырылады. Оқшаулауды алу операциясы жүргізілген кезде бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) "оқшаулау" бөлімінен "негізгі" бөліміне ауыстырылады.

      28-1. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлікпен басқару белгіленген кезде, Банктер туралы заңның 47-1-бабының 3-тармағында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) 53-1-бабының 3-тармағында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 72-3-бабының 3-тармағында, көзделген жағдайларда, номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде уәкілетті органның қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлікпен басқаруды белгілеу жөніндегі шешімінің және сенімгерлікпен басқарушының осы бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотына сенімгерлікпен басқарушы туралы жазбаны енгізу туралы бұйрығының негізінде қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын бағалы қағаздар ұстаушының жеке шотына сенімгерлікпен басқарушы туралы жазбаны енгізу бойынша операция жүргізеді.

      Қаржы ұйымының сенімгерлікпен басқаруға берілген акциялары сатылған жағдайда, номиналды ұстаушы сенімгерлікпен басқарушының бұйрығы және Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабында көзделген жағдайда, уәкілетті органның қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк не сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжаттың негізінде бағалы қағаздардың меншік иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан осы акцияларды есептен шығару бойынша және осы акцияларды сатып алушының жеке шотына (жеке шоттарына) есепке алу бойынша операциялар жүргізеді.

      Номиналды ұстаушы қаржы ұйымының сенімгерлікпен басқаруға берілген акцияларының меншік иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан сенімгерлікпен басқарушы туралы жазбаны алып тастау жөніндегі операцияны сенімгерлікпен басқарушының осы бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан сенімгерлікпен басқарушы туралы жазбаны алып тастау туралы бұйрығы негізінде жүргізеді.

      Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жасалған бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына (шотынан) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу (алып тастау) жөніндегі операциялар осы операция жасалған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде номиналды ұстаушының бұйрығы негізінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі.";

      38-тармақтың бірінші бөлгі мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, жеке шотында меншік иелеріне тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепке алынатын номиналды ұстаушы уәкілетті органнан, орталық депозитарийден, тіркеушіден немесе эмитенттен сұратуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде сұрату жасаған тұлғаға тиісті мәліметтерді ұсынады.".

      7. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Күш жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 249(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 тіркелген, 2010 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 450-451 (26294) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарда, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарда және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерінде:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтанушымен сақтандыру шарты сақтандыру ұйымы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес клиентті тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады.".

      14. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Клиентпен кастодиандық шарт кастодиан "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады.".

      17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада "Заң газеті" газетінде № 181 (2382); 2013 жылғы 4 желтоқсанда № 182 (2383); 2013 жылғы 8 желтоқсанда № 183 (2384) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Брокерлер және (немесе) дилерлер, Басқарушылар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау жөніндегі есепті ұсынады, оған:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесі;

      2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкессіздігін) дербес бағалау;

      3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда түзетілуі тиіс кемшілікті, кемшілікті жою үшін қажетті іс-шаралар, жауапты адамдар және іс-шараларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетілген оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары кіреді.";

      84-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметтерін қылмыстық мақсатында, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру мақсаттарында пайдалануды болдырмау кіреді.".

      18. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің металл шоттарды ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 223 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8800 тіркелген, 2013 жылғы 25 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде № 191 (2392), 2013 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде № 12, 65 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің металл шоттарды ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Клиентпен металл шоты шарты "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісінше тексеру бойынша банк шаралар қабылдағаннан кейін жасалады.".

      19. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 17 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 55 (2449); 2014 жылғы 18 сәуірде № 56 (2450) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

      "23-1. Клиентпен брокерлік шарт брокер және (немесе) дилер "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады.".

      21. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.11.2019 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.11.2019 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады