Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 215 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қазанда № 8799 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      3. «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – орталық депозитарий) және «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – тіркеуші) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне орталық депозитарий мен тіркеушінің ережелер жинағына өзгерістер мен толықтыруларды белгіленген тәртіппен келісуге ұсынсын.
      4. Тіркеуші осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шотындағы және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шотындағы айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде оқшауланған бағалы қағаздарды ұстаушылардың қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздардың саны туралы, орталық депозитарийдің айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқығына тиісті сәйкестендіргіш беру туралы мәліметтерді ұсыну туралы орталық депозитарийге сұрату жіберсін.
      5. Орталық депозитарий осы қаулының 4-тармағында көрсетілген тіркеушінің сұратуын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тіркеушіге сұрату бойынша мәліметтерді жіберсін.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге арналған үлгі шартты бекіту туралы» 2008 жылғы  29 желтоқсанда № 239 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5538 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы қаулыға қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағының он сегізінші және он тоғызыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қыркүйектен кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                         Г.Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы 
№ 215 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды
тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5531 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақта көрсетілген бөлімшелердің қызметкерлеріне басқа бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін қоса атқаруға жол берілмейді.»;
      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясына ие;»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді тіркеу жөніндегі операцияларды және ақпараттық операцияларды мыналардың:
      1) осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың тиісті бұйрықтарының;
      2) сауда-саттықты ұйымдастырушының бұйрықтарының;
      3) клиринг ұйымының бұйрықтары;
      4) эмитентің бұйрығы және тіркеушінің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде орталық депозитарийге ашылған жеке шот бойынша жүргізілген осы эмитент шығарған қаржы құралдарын айырбастаған кездегі қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу бойынша операциялар туралы хабарламасы (есебі);
      5) орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында белгіленген тәртіпте орталық депозитариймен шарт жасаған депонент клиентінің бұйрығы негізінде жүзеге асырады.
      Ақпараттық операциялар орталық депозитарийдің ережелер жиынтығында көзделген жағдайларда депонент клиенттерінің бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады.»;
      17-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) орталық депозитарий клиентінің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға арналған іс-қимылын тоқтата тұрғанда немесе лицензиясын айырғанда (басқа депоненттерге номиналды ұстауға қаржы құралдарын аудару жөніндегі немесе орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы қаржы құралдарын шығарған операциялар мен ақпараттық операцияларды қоспағанда);
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) бағалы қағаздар шығару талаптарына сәйкес бағалы қағаздар айналысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған кезде (ақпарат операцияларын, номиналды ұстау ауысқан кезде немесе осындай бағалы қағаздарды өтеу кезінде жүргізілетін қажетті операцияларды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына ашылған қосалқы шоттардан бағалы қағаздарды есептен шығару және жинақтаушы зейнетақы қорларына ашылған қосалқы шоттарға енгізу операцияларды қоспағанда);»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынғанда;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) қаржы құралдарын номиналды ұстауға (ұстаудан) енгізуге (шығаруға) орталық депозитарийдің бұйрығын есепке алу ұйымының орындамағаны туралы хабарламаны алған кезде;»;
      мынадай мазмұндағы 27-1, 27-2 және 27-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «27-1. Тіркеушінің сұратуы негізінде орталық депозитарий орталық депозитарийдің ережелер жиынтығында белгіленген тәртіппен айналыс мерзімі өткен, эмитенттің оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамауы нәтижесінде осы талап ету құқығы туындаған эмитенттің эмиссиялы бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргішін беруді жүзеге асырады және тіркеушіге:
      осындай эмиссиялық бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіргіш нөмірін көрсете отырып эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының берілген сәйкестендіргіші туралы;
      айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған эмитенттің қосалқы шотында және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шоттарында өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны туралы;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың қосалқы шотында оқшауланған бағалы қағаздардың саны туралы мәліметті жібереді.
      27-2. Тіркеушіден айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде орталық депозитарийге ашылған жеке шот бойынша жүргізілген операциялар туралы хабарламаны (есепті) алғаннан кейін орталық депозитарий осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды (номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде оқшаулау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан есептен шығару және осындай бағалы қағаздар (ауыртпалық салу, сенімгерлік басқару) бойынша туындаған міндеттемелерді сақтай отырып эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу бойынша операцияларды жүргізеді және депоненттерге мыналар:
      айналыс мерзімі өткен және эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитент жіберген дефолт;
      эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша берілген талап ету құқығының сәйкестендіргіші;
      орталық депозитарийдің есепте алу жүйесінде айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан есептен шығару және эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу бойынша жүргізілген операциялар туралы мәліметтерден тұратын хабарламаны жібереді.
      Орталық депозитарий эмитенттің айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы сәйкестендіргішінің тізілімін жүргізеді.
      27-3. Орталық депозитарий орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде эмиссиялық бағалы қағаздарды оқшаудан шығару бойынша операцияны жүргізген күннен кейінгі келесі жұмыс күннен кешіктірмей тіркеушіге ол туралы хабарлама жібереді.».
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 10 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының   
бағалы қағаздар нарығының   
мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін    
нормативтік құқықтық      
актілердің тізбесіне     
1-қосымша          

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің
жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа  
1-қосымша                

Нысан

_______________________________________________________________
20__ жылғы ___ ________ жағдай бойынша __ №___ бағалы
қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының   
бағалы қағаздар нарығының   
мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін    
нормативтік құқықтық      
актілердің тізбесіне     
2-қосымша          

      Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің
жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа  
2-қосымша                

Нысан

Тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, нөмірі, телефоны, факс

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады