Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 191 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 21 қарашада № 9894 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келісуге ұсынсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


төрағасы

Қ.Келімбетов


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 191 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:

      "36-1. Кастодиан кастодианның есепке алу жүйесінде есепте тұрған бағалы қағаздардың ұстаушысы болып табылатын тұлғаның бірінші талап етуі бойынша талапты (сұратуды) алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы тұлғаға танысу үшін өзінің осы тұлғаның ақшасын, қаржы құралдарын және өзге де активтерін есепке алу жүйесіндегі деректерді мыналардың:

      1) егер көрсетілген тұлға брокердің клиенті болып табылса, номиналды ұстаушы ретінде қызметті жүзеге асыру құқығы бар бірінші санаттағы брокердің;

      2) егер көрсетілген тұлға кастодианның клиенті болып табылса, орталық депозитарийдің және (немесе) шетелдік номиналды ұстаушының деректеріне сәйкес болуын салыстырып тексеру актісінен үзінді-көшірме ұсынады.".

  Қазақстан Республикасының қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау мен қадағалау
мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау мен қадағалау
мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады