Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 4 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3174 тіркелген, 2013 жылғы 14 ақпандағы "Жайық таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылының аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.";
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарауылтөбе ауылдық | |
округінің әкімі | Ғ. Ихсан |