Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі Қарауылтөбе ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 маусымда № 4456 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 23 мамырдағы № 207 ұсынысы негізінде, ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі Қарауылтөбе ауылы аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3174 тіркелген, 2013 жылғы 14 ақпандағы "Жайық таңы" газетінде жарияланған) № 4 және 2014 жылғы 12 мамырдағы "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 4 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3540 тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымда "Жайық таңы" газетінде жарияланған) № 3 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қарауылтөбе ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Қ.С. Паңғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады