Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 14.10.2014 № 255 қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2014 жылғы 11 тамыздағы № 263 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округінің Пятимар ауылы мен Қошпан қыстағы аумақтарында ұсақ малынан шешек ауруының шығуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Л. Хайретдинов