Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10586 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 09.04.2018 № 453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 5-бабы 5-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 09.04.2018 № 453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 09.04.2018 № 453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 140 бұйрығына 1-қосымша

Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 09.04.2018 № 453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қағидалар "Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 5-бабы 5-1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және темекi бұйымдарының өндiрiсін жүзеге асыратын және мониторингке жататын тұлғалар үшін мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну мерзімі және тәртібін айқындайды.

      2. Мәліметтерді темекi бұйымдарының өндiрiсін жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі – декларант) тиісті мемлекеттік кіріс органына тапсырады.

      3. Мәліметтерді тапсырудың есепті кезеңі күнтізбелік ай болып табылады және мәліметтер есептiден кейiнгi айдың 15 күнiнен кешіктiрмей, ай сайын тапсырылады.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген ірі салық төлеушілер тізбесіне кірген салық төлеушілер, осы Қағидаларға сәйкес мәліметтерді ұсынбай Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес мәліметтерді ұсынады.

      5. Мәліметтер қағаз немесе электронды тасығышта табыс етіледі.

      6. Мәліметтерді толтыру кезінде:

      1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді;

      2) электронды тасығышта – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

      7. Мәліметтерді соманы (мың теңге) көрсете отырып заттай көрсеткiштерде (мың дана/килограмм) толтырылады.

      8. Көрсеткіштер болмаған кезде мәліметтердің тиісті торкөздері толтырылмайды.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 140 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер есепті кезең 20___ жылғы ______ айы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 07.10.2019 № 1100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________

      Салық төлеушінің атауы __________________________

      Есепті кезең ___________________________________

Есепті кезеңнің басындағы қалдық

Өндіріс

Сату

Экспорт

Жалпы

Ресей Федерациясына

Беларусь Республикасына

Армения Республикасына

Қырғыз Республикасына

Үшінші елдерге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Фильтрлі сигареттер (мың.дана/мың.теңге)










Фильтрсіз сигареттер (мың.дана/мың.теңге)










Папиростар (мың.дана/мың.теңге)










Сигаралар (мың.дана/мың.теңге)










Сигариллалар (мың.дана/мың.теңге)










Темекі (кг/мың.теңге)










      кестенің жалғасы

Импорт

Есепті кезеңнің соңындағы қалдық

Акциздер есептелді

Акциздер төленді

Жалпы

Ресей Федерациясынан

Беларусь Республикасынан

Армения Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Үшінші елдерден

10

11

12

13

14

15

16

17

18

Фильтрлі сигареттер (мың.дана/мың.теңге)










Фильтрсіз сигареттер (мың.дана/мың.теңге)










Папиростар (мың.дана/мың.теңге)










Сигаралар (мың.дана/мың.теңге)










Сигариллалар (мың.дана/мың.теңге)










Темекі (кг/мың.теңге)










      __________________/_________/ мәліметтерді беру күні ______________________

      Басшының аты-жөні, тегі (Салық төлеуші)

      _________________________________________________________________

      қолы                               күн, ай, жыл сандармен

      ___________________/_________/ мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді

      қабылдау күні

      Бас бухгалтердің (Салық төлеуші)                         күн, ай, жыл сандармен

      қолы ___________________/_________/

      Мәліметтерді қабылдаған тұлғаның қолы аты-жөні, тегі             қолы

  Мөр орны
  "Мониторингті жүзеге асыру
үшін қажетті мәліметтер"
нысанына қосымша

"Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. Мәліметтерді толтыру темекi бұйымдарын өндіру, сату және акциздерді төлеуі көрсетiледi.

      2. "Декларант туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде декларант мынадай деректердi көрсетедi:

      1) ЖСН (БСН) – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;

      2) салық төлеушінің атауы. Құрылтай құжаттарына сәйкес декларанттың толық атауы немесе жеке кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) көрсетiледi;

      3) Декларация берiлетiн салық кезеңi. Салық кезеңi араб сандарымен көрсетiледi.

      3. 1-бағанда есепті кезеңнің басында декларантта бар фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің қалдығы көрсетіледі;

      4. 2-бағанда есепті кезеңде декларант өндірген фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;

      5. 3-бағанда есепті кезеңде декларант өткізген фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;

      6. 4-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегінен тысқары декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;

      7. 5-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Ресей Федерациясына декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;

      8. 6-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Беларусь Республикасына декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;

      9. 7-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Армения Республикасына декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;

      10. 8-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Қырғыз Республикасына декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;

      11. 9-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде үшінші мемлекеттерге декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;

      12. 10-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегіне декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;

      13. 11-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Ресей Федерациясынан декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;

      14. 12-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Беларусь Республикасынан декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;

      15. 13-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Армения Республикасынан декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;

      16. 14-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Қырғыз Республикасынан декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;

      17. 15-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде үшінші мемлекеттерден декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;

      18. 16-бағанда есепті кезеңнің соңында декларанта қалған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің қалдығы көрсетіледі;

      19. 17-бағанда есепті кезең үшін акциздерді есептеу көрсетіледі;

      20. 18-бағанда есепті кезең үшін акциздерді төлеу көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады