БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету қағидаларын және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10586 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысанын бекіту туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 5-бабы 5-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;";
мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_____________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы "__" ___________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 453 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығына 1-қосымша |
Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидалары
1. Осы Қағидалар "Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 5-бабы 5-1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және темекi бұйымдарының өндiрiсін жүзеге асыратын және мониторингке жататын тұлғалар үшін мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну мерзімі және тәртібін айқындайды.
2. Мәліметтерді темекi бұйымдарының өндiрiсін жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі – декларант) тиісті мемлекеттік кіріс органына тапсырады.
3. Мәліметтерді тапсырудың есепті кезеңі күнтізбелік ай болып табылады және мәліметтер есептiден кейiнгi айдың 15 күнiнен кешіктiрмей, ай сайын тапсырылады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген ірі салық төлеушілер тізбесіне кірген салық төлеушілер, осы Қағидаларға сәйкес мәліметтерді ұсынбай Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес мәліметтерді ұсынады.
5. Мәліметтер қағаз немесе электронды тасығышта табыс етіледі.
6. Мәліметтерді толтыру кезінде:
1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді;
2) электронды тасығышта – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
7. Мәліметтерді соманы (мың теңге) көрсете отырып заттай көрсеткiштерде (мың дана/килограмм) толтырылады.
8. Көрсеткіштер болмаған кезде мәліметтердің тиісті торкөздері толтырылмайды.
Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер есепті кезең 20___ жылғы ______ айы
Индексі: МЖүҚМ 1
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатындар: Мәліметтерді темекi бұйымдарының өндiрiсін жүзеге асыратын тұлғалар
Қайда ұсынылады: тиісті мемлекеттік кірістер органына
Ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей
ЖСН (БСН)
________________________________________________________________________________
Салық төлеушінің атауы
________________________________________________________________________________
Есепті кезең
________________________________________________________________________________
Есепті кезеңнің басындағы қалдық | Өндіріс | Сату | Экспорт | |||||
Жал | Ресей Федера циясына |
Беларусь Республи | Армения Республикасына |
Қырғыз Республи |
Үшінші ел | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Фильтрлі сигареттер (мың дана/мың теңге) | ||||||||
Фильтрсіз сигареттер (мың дана/мың теңге) | ||||||||
Папиростар (мың дана/мың теңге) | ||||||||
Сигаралар (мың дана/мың теңге) | ||||||||
Сигариллалар (мың дана/мың теңге) | ||||||||
Темекі (кг/мың теңге) | ||||||||
Кестенің жалғасы
Импорт | Есепті кезеңнің соңындағы қалдық | Акциздер есептелді | Акциздер төленді | |||||
Жалпы | Ресей Федерациясынан | Беларусь Республикасынан | Армения Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Үшін ші ел дерден | |||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
Фильтрлі сигареттер (мың дана/мың теңге) | ||||||||
Фильтрсіз сигареттер (мың дана/мың теңге) | ||||||||
Папиростар (мың дана/мың теңге) | ||||||||
Сигаралар (мың дана/мың теңге) | ||||||||
Сигариллалар (мың дана/мың теңге) | ||||||||
Темекі (кг/мың теңге) | ||||||||
________________________/____/ мәліметтерді беру күні ________________________
Басшының (Салық төлеуші) қолы м.о. күн, ай, жыл сандармен
аты-жөні, тегі (болған кезде)
________________________________/____/ мемлекеттік кірістер органдарына
Бас бухгалтердің (Салық төлеуші) қолы мәліметтерді қабылдау күні______________
аты-жөні, тегі (болған кезде) ш.о. күн, ай, жыл сандармен
________________________________/____/
Мәліметтерді қабылдаған тұлғаның қолы
аты-жөні, тегі (болған кезде)
Ескертпе: Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің нысанын толтыру бойынша түсіндірме көрсетілген нысанның қосымшасында келтірілген.
"Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер" нысанына қосымша |
"Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. Мәліметтерді толтыру темекi бұйымдарын өндіру, сату және акциздерді төлеуі көрсетiледi.
2. "Декларант туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде декларант мынадай деректердi көрсетедi:
1) ЖСН (БСН) – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;
2) салық төлеушінің атауы. Құрылтай құжаттарына сәйкес декларанттың толық атауы немесе жеке кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) көрсетiледi;
3) Декларация берiлетiн салық кезеңi. Салық кезеңi араб сандарымен көрсетiледi.
3. "Eceпті кезеңнің басындағы қалдық" 1-бағанда есепті кезеңнің басында декларантта бар фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің қалдығы көрсетіледі;
"Өндіріс" 2-бағанда есепті кезеңде декларант өндірген фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
"Өткізу" 3-бағанда есепті кезеңде декларант өткізген фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
"Экспорт барлығы" 4-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегінен тысқары декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
"Ресей Федерациясына экспорт" 5-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Ресей Федерациясына декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
"Беларусь Республикасына экспорт" 6-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Беларусь Республикасына декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
"Армения Республикасына экспорт" 7-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Армения Республикасына декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
"Қырғыз Республикасына экспорт" 8-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Қырғыз Республикасына декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
"Үшінші мемлекеттерге экспорт" 9-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде үшінші мемлекеттерге декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
"Импорт барлығы" 10-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегіне декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
"Ресей Федарациясынан импорт" 11-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Ресей Федерациясынан декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
"Беларусь Республикасынан импорт" 12-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Беларусь Республикасынан декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
"Армения Республикасынан импорт" 13-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Армения Республикасынан декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
"Қырғыз Республикасынан импорт" 14-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Қырғыз Республикасынан декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
"Үшінші мемлекеттерден импорт" 15-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде үшінші мемлекеттерден декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
"Есепті айдың соңындағы қалдық" 16-бағанда есепті кезеңнің соңында декларанта қалған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің қалдығы көрсетіледі;
"Акциздер есептелді" 17-бағанда есепті кезең үшін акциздерді есептеу көрсетіледі;
"Акциздер төленді" 18-бағанда есепті кезең үшін акциздерді төлеу көрсетіледі.