«Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған сот приставтарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басшы І. Испанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_________Б.Сұлтанов
2015 жылғы 17 наурыз
Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының жанындағы Соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаменті
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының аппараты) басшысының
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 159 бұйрығымен бекітілген
Сот приставтарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары
№ |
Бұйымдардың атауы |
Бір адамға арналған бұйымдардың саны |
Кию мерзімі |
1 |
Кепка |
1 дана |
2 жыл |
2 |
Жеңдері қондырмалы қысқа күрте |
2 дана |
3 жыл |
3 |
Шалбар |
3 дана |
2 жыл |
4 |
Ұзын қондырма жеңді жейде |
2 дана |
2 жыл |
5 |
Галстук |
2 дана |
2 жыл |
6 |
Қысқа қондырма жеңді жазғы күрте |
2 дана |
2 жыл |
7 |
Қысқы күрте (астары алынатын) |
1 дана |
3 жыл |
8 |
Шарф |
1 дана |
3 жыл |
9 |
Қырықпа елтіріден жасалған құлақшын-бөрік |
1 дана |
3 жыл |