"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 274 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10872 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8625 тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28196) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрінің


міндетін атқарушы

М. Құсайынов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 274 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2013 жылғы 17 шілдедегі
№ 213-НҚ бұйрығымен бекітілген

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің
(бағалардың, алым ставкаларының) шекті деңгейін және
тарифтік сметаларды бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъект) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту тәртібін айқындайды.

      3. Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобасын табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) жобаларында көзделетін параметрлерін (көрсеткіштерін) ескере отырып қалыптастырады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) базалық тарифтiк смета – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 нөмірмен тіркелген) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiнің (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) талаптарына сәйкес қалыптастырылған Субъект тарифтерінiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) шектi деңгейi енгiзілген бірінші жылға тарифтiк смета;

      2) болжанып отырған тарифтiк смета – Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып қалыптастырылған орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңнiң кейінгі жылдарына арналған тарифтiк смета;

      3) құзыреттi орган – мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      4) тарифтiк кіріс – уәкiлеттi органның ведомствосы бекiткен тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейi бойынша Субъект реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алатын кіріс;

      5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      6) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті;

      7) тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің шекті деңгейін түзету – тарифтің бекітілген шекті деңгейін өсірусіз тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің шекті деңгейін түзету.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.

      5. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін қалыптастыру Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) әрбір түрі бойынша және жалпы өзге қызметі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебінің негізінде жүзеге асырылады.

      6. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) болжанып отырған тарифтік сметаны қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасына сәйкес келуге тиіс.

      7. Тарифтік сметаның болжанып отырған көрсеткіштері Субъектінің орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тарифтік кірісін айқындауға негізделеді.

      Тарифтік кіріс орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге кіретін әрбір жылға жеке есептеледі. Бүкіл кезеңге арналған тарифтік кірістің негізінде орташа өлшенген тариф (баға, алым ставкасы) есептеледі.

      Тарифтік кіріс реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуге арналған шығындардың болжанып отырған көлемдерінің, кезең шығыстарының, сондай-ақ пайданың ұйғарынды деңгейінің негізінде айқындалады.

      8. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейлерін төтенше шара түрінде бекіту туралы шешім қабылдаған кезде осы Қағидалардың 22, 23, 26, 29-тармақтарының талаптары қолданылмайды.

      9. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің қолданысы кезеңінде Субьект "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сай ақпарат ұсынады.

      10. Тарифтердің шекті деңгейінің қолданысы кезеңінде уәкілетті органның ведомствосы, егер Субъект тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің шығын бөлігін төмендетсе, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін төмендетпейді. Шығындарды қысқартудан алынған (шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді технологияларын және әдістерін қолдану нәтижесінде пайда болған) қаражатты Субъект жаңа өндірістік активтерді құруға, оларды кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыруға жұмсайды.

      11. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне енгізілетін еңбеқақы шығыстары Субъект персоналының бекітілген нормативтік санына сүйене отырып айқындалады.

      Cумен жабдықтау және (немесе) суды бұру, жылу энергиясын өндіру, беру саласындағы Субъектілер үшін тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне, сондай-ақ электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндірісі бар энергия өндіруші ұйымдарына енгізілетін еңбеқақы шығыстары Субъект персоналының бекітілген нормативтік санымен айқындалады.

      12. Орта мерзімді (ұзақ мерзімді) кезеңге тарифтердің шекті деңгейлерін жыл сайын бекітуге жол беріледі.

2. Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар
ставкаларының) шекті деңгейін бекітуге өтінімді ұсыну мен
қабылдау тәртібі

      13. Субъект уәкiлеттi органға тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн бекiтуге өтiнiмді олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн күнтізбелік бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады.

      Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) төтенше реттеуші шаралар ретінде қайта қаралған жағдайда, оның ішінде стратегиялық тауарлардың құнын арттыру кезінде табиғи монополия субъектісі өтініммен бірге өзі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаны және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің жобаларын береді, бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мұндай жағдайда қолданылмайды.

      14. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекітуге арналған өтінімге мыналар:

      1) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазба;

      2) бес жылдың және одан да көп мерзімге бекітілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) жобасы;

      3) салалық ерекшеліктер ескеріле отырып, прейскурантпен тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің жобасы;

      4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 нөмірмен тіркелген) бекітілген нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі бухгалтерлік теңгерім;

      5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 нөмірмен тіркелген) бекітілген нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі кірістер мен шығыстар туралы есеп;

      6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 нөмірмен тіркелген) бекітілген нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі ақшаның қозғалысы туралы есеп;

      7) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 28 қазандағы № 27 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9910 нөмірмен тіркелген) бекітілген нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі инвестициялық қызмет туралы есеп;

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 нөмірмен тіркелген) бекітілген нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі еңбек бойынша есеп;

      9) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 нөмірмен тіркелген) бекітілген нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі жекелеген лауазымдар мен кәсіптер бойынша қызметкерлер жалақысының мөлшерлері туралы мәліметтер;

      10) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10074 нөмірмен тіркелген) бекітілген нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есеп;

      11) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10074 нөмірмен тіркелген) бекітілген нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі негізгі қорлардың жағдайы туралы есеп;

      12) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтік сметасының жобасы;

      13) алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі дебиторлық және кредиторлық берешектің толық жазылуы;

      14) алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі өзге және басқа да шығыстардың толық жазылуы;

      15) бес және одан астам жылдарға бекітуге:

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес персоналдың нормативтік санының;

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес шығыстың техникалық және технологиялық нормаларының;

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес нормативтік техникалық ысыраптардың жобасы.

      16) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін Субъектінің ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың белгіленген тәртіппен бес және одан астам жылға бекітілген және уәкілетті органның ведомствосымен келісілген сметасы;

      17) өткен күнтізбелік жыл ішіндегі материалдық, қаржылық ресурстарды, жабдық пен қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері;

      18) қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда ставкасының есебі;

      19) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырғанға дейін пайдаланылатын және орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезінде пайдалануға енгізілетін негізгі құралдарға амортизациялық аударымдарды жылдарға бөліп көрсете отырып, есептеу туралы ақпарат;

      20) қарыз ресурстарын қаржыландыру және өтеу шарттары (кредиттер үшін пайыздар, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, өтеу мерзімдері мен басқалар);

      21) басшылардың, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлердің еңбегіне ақы төлеу қорын және лауазымдық жалақыларын, сондай-ақ оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін (мемлекеттік кәсіпорындар не мемлекет қатысуының басым үлесі бар кәсіпорындар үшін) белгілеу туралы мемлекеттік мүлікті немесе мемлекеттік кәсіпорынды басқару жөніндегі органның шешімі қоса беріледі.

      Субъектімен тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекітуге өтініммен бірге бір уақытта инвестициялық бағдарлама (жоба) бекітуге ұсынылады.

      15. Табиғи монополия субъектісі есепке алу аспаптарынсыз тұтынушылар санының азаюына байланысты көрсетілген қызметтер көлемі өзгерген кезде жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты, оның ішінде осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей сараланған тарифтерді бекітуге мына негіздейтін материалдарды:

      1) жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты, оның ішінде осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей сараланған тарифтерді бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазбаны;

      2) есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтердің есебін;

      3) негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, халықтың тобына жататын тұтынушылардың, оның ішінде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және аспаптары жоқ (үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак үлгідегі үйлерде тұрып жатқан халық тобына жататын жеке тұлға тұтынушыларды қоспағанда) тұтынушыларды бөліп көрсете отырып, жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпаратты;

      4) басқа да тұтынушылардың, оның ішінде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және аспаптары жоқ (үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық үй-жайларда, барак үлгідегі үйлерде орналасқан халық тобына жататын жеке тұлға тұтынушыларды қоспағанда) тұтынушыларды көрсете отырып, жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпаратты;

      5) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак үлгідегі үйлерде тұрып жатқан немесе орналасқан тұтынушылардың (оның ішінде жеке тұлғаларға және басқа тұтынушыларға бөліп көрсете отырып) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпаратты;

      6) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық үй-жайлардың, барак үлгідегі үйлердің тізбесін қоса бере отырып өтінім ұсынады.

      16. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылумен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекітуге өтінімді күнтізбелік жиырма күн ішінде қарайды. Қарау мерзімі өтінім берілген сәттен бастап есептеледі.

      17. Осы қағидалардың 14-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлетiн есептер мен негiздеушi материалдар мынадай тәртіп сақталып ұсынылады:

      1) өтiнiм материалдары тiгiледі, нөмiрленеді, Субъект басшысының мөрiмен және қолымен расталады. Бұл ретте қаржы құжаттарына Субъектiнiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және Субъектiнiң мөрiмен расталады;

      2) негiздеушi материалдар ретiнде өтiнiм беруден бұрынғы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi шығындар туралы нақты деректер ұсынылады;

      3) тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) көлемдердің маусымдық ауытқу әсерін болдырмау мақсатында жылға есептелген деректер негізге алынады;

      4) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын есептеу кезінде базаға өткен күнтізбелік жыл ішіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдері алынады;

      5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi төмендеген кезде төмендеудi негiздеушi және растаушы материалдар ұсынылады;

      6) табиғи монополия субъектiсi жүзеге асыратын қызметтердiң әрбiр түрiне жеке дайындалады.

      18. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейін және тарифтік сметаны төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге арналған өтінімге:

      1) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту себептері көрсетілген түсіндірме жазба;

      2) Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тарифтік сметаның жобасы қоса беріледі. Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құнын арттыру жағдайында тарифтік сметаның стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығын баптары ғана түзетіледі;

      3) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда, төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар ретінде өтінімге конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарттар, шот-фактуралар, шығын деңгейінің есептері, алдағы кезеңге бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар, стратегиялық тауарлар құнының өзгеруі тарифтерді төтенше реттеуші шара ретінде бекіту үшін өтінім беруге себеп болған осы тауарлар шығысының нормалары туралы ақпарат қоса беріледі.

      19. Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіткен жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның ведомствосы өтінім алған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған негіздеуші материалдардың толықтығын тексереді және Субъектіні өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімді қараудан бас тартқаны туралы бас тартудың себептерін келтіре отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.

      Уәкілетті органның ведомствосы өтінімді алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және табиғи монополия субъектісін төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін өтінімдерді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімдерді қарауға қабылдаудан бас тартқандығы туралы бас тарту себептерін келтіре отырып жазбаша түрде хабардар етеді.

      20. Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тарту себептері:

      1) Субъектінің өтінімді ұсыну мерзімдерін бұзуы;

      2) Субъектінің осы Қағидалардың 14 және 18-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;

      3) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2) және 6) тармақшаларына сәйкес келмеуі болып табылады.

3. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті
деңгейінің жобасын бекіту тәртібі

      21. Уәкiлеттi органның ведомствосы Субъектінің тарифтерi (бағалары, алымдар ставкалары) шектi деңгейiнiң жобасын осы Қағидаларға сәйкес экономикалық негiзделген есептерді ұсынған жағдайда, өтiнiмдi беру сәтiнен бастап күнтізбелік бiр жүз қырық бес күн iшiнде қарайды.

      Уәкiлеттi органның ведомствосы төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің жобаларын күнтізбелік жиырма күн ішінде қарайды.

      22. Уәкiлеттi органның ведомствосы тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобасына:

      1) Субъект өтініммен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есептерді талдау, сондай-ақ қызметтің осындай түрімен айналысатын Субъектілер қызметінің көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде;

      2) бұл үшін тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, жобаны ұсынған Субъектіні тарта отырып, сараптама жүргізеді.

      23. Уәкiлеттi органның ведомствосы Субъект ұсынып отырған тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің жобасын жария тыңдаулар өткізу кезінде талқылауға салады.

      24. Уәкiлеттi органның ведомствосы жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды қолданыс мерзiмiн көрсете отырып, бекiту туралы шешiм қабылдайды.

      Тарифтердiң қолданыс мерзiмi Субъектiнiң инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асыруы көзделген кезеңнен аспайтын мерзiмге белгiленедi.

      25. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту немесе реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекітуден бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкiлеттi орган олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірмей Субъектiге жолдайды.

      Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті орган олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей Субъектiге жолдайды.

      26. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

      27. Субъект тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу туралы ақпаратты оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тұтынушылардың назарына жеткiзедi.

      Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейі төтенше реттеуші шара ретінде өзгертілген жағдайда, табиғи монополия субъектісі олардың өзгергені туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жеткізеді.

      Табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді енгізу туралы ақпаратты олар қолданысқа енгізілгенге дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей аталған ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы тұтынушының назарына жеткізеді.

      28. Субъект уәкiлеттi органның ведомствосына күнтізбелік бес күн iшiнде тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу туралы тұтынушыларды хабардар ету фактiсі туралы ақпаратты ұсынады.

      29. Егер субъект тұтынушыларды осы Қағидаларда көзделген мерзімде тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін енгізу туралы хабардар етпесе, онда көрсетілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейі уәкілетті органның шешімінде көрсетілген күнінен бастап енгізілмейді. Бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

      30. Табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес бекітілген тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейін түзету үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға ағымдағы жылдың аяғына дейін тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейін түзету туралы ұсыныспен өтініш бере алады.

      Тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейін түзету туралы ұсыныспен өтініш берген кезде табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға түзетулерді ескере отырып, тарифтің (бағаның, алым ставкасының) және тарифтік сметаның жобасын және түзетулерді енгізуді негіздейтін материалдарды ұсынады.

      31. Тарифтік сметаға қоса беріліп отырған материалдар тігіледі, нөмірленеді және табиғи монополия субъектісі басшысының мөрімен және қолымен расталады. Қаржылық құжаттарға табиғи монополия субъектісінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және олар табиғи монополия субъектісінің мөрімен расталады.

      32. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейін түзету бойынша құжаттарды ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

  Табиғи монополия субъектілерінің
Реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің
(бағалардың, алымдар ставкаларының)
шекті деңгейін және тарифтік сметаларды
бекіту қағидаларына 1-қосымша

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаның орындалуы
туралы есеп

      Есепті кезең 20___ ж.

      Индексі: ТСО-1

      Кезеңділігі: жылдық

      Ұсынады: өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, табиғи монополия субъектілері

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті

      Ұсыну мерзімі – өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей

Көрсеткіштердің атауы*

Өлшем бірлігі

Бекітілген тарифтік сметада көзделген

Тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштері

% ауытқу

ауытқудың себептері

1

2

3

4

5

6

Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы, оның ішінде

мың теңге





Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде

- " -





Шикізат және материалдар

- " -





сатып алынатын бұйымдар

- " -





жанар-жағармай материалдары

- " -





отын

- " -





Энергия

- " -





Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы, оның ішінде

- " -





өндірістік персоналдың жалақысы

- " -





әлеуметтік салық

- " -





Амортизация

- " -





Жөндеу, барлығы, оның ішінде

- " -





Негізгі қорлар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу

- " -





Өзге шығындар (таратып жазу)

- " -





Кезең шығыстары, барлығы, оның ішінде

- " -





Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы: оның ішінде:

- " -





Әкімшілік персоналдың жалақысы

- " -





әлеуметтік салық

- " -





Салықтар

- " -





Өзге шығыстар (таратып жазу)

- " -





Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар

- " -





Қызметтер ұсынуға арналған барлық шығындар

- " -





Кіріс (АРБ*ПС)

- " -





Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (АРБ)

- " -





Барлық кіріс

- " -





Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі

заттай көрсеткіштерде





Нормативтік техникалық ысыраптар

%





Тариф

теңге/көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне арналған






      * - шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін

      Ұйымның атауы _________________________________________________

      Мекен-жайы ____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық почтаның мекен-жайы _______________________________

      Орындаушының тегі және телефоны _______________________________

      Басшысы _______________________________________________________

      (Т.А.Ә. қолы)

      Күні 20 жылғы " " ______________

      М.О.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру жөніндегі түсіндірме
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаның орындалуы
туралы мәліметтер
1. Жалпы нұсқаулық

      Осы түсіндірме өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаны орындау туралы есепті дайындауына арналған. Тарифтік смета – бұл уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша бекітетін кірістер мен шығыстар баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті органның ведомствосы бекіткен нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері.

      Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) жобаларын, оның ішінде сараланған тарифтерді бекіту туралы өтінімді беру және олар бойынша шешім қабылдау, сондай-ақ тарифтік сметалардың орындалуы туралы есепті қарау кезінде уәкілетті органның ведомствосы және табиғи монополия субъектілері Ерекше тәртіпті, тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын), оның ішінде сараланған тарифтерді есептеудің салалық әдістемелерін қоса алғанда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тарифтік сметалардың орындалуы туралы есепті қарау кезінде бухгалтерлік есеп, салық заңнамасы стандарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

      Тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды төтенше реттеуші шара ретінде бекіту және "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту он екі айда бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. Жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі өңірлік электр желілік компаниясын қоспағанда, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер

      1-баған – уәкілетті органның ведомствосы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бөлінісінде бекітетін тарифтік смета көрсеткіштерінің атауы, кірістер мен шығыстар баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті органның ведомствосы бекітетін нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;

      2-баған – тарифтік смета көрсеткіштерінің өлшем бірлігі көрсетіледі;

      3-баған – бекітілген тарифтік сметада көзделген кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері және табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;

      4-баған – тарифтік сметаның кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері туралы нақты қалыптасқан көрсеткіштері және тарифтік сметаны орындау туралы есепті ұсыну кезеңінде табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;

      5-баған – тарифтік сметаның бекітілген көрсеткіштерінен тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштерінің пайыздық арақатынасы көрсетіледі;

      6-баған – тарифтік смета көрсеткіштерінің ауытқу себептерінің толық сипаттамасы көрсетіледі.

  Табиғи монополия субъектілерінің
Реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің
(бағалардың, алымдар ставкаларының)
шекті деңгейін және тарифтік сметаларды
бекіту қағидаларына 2-қосымша

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Қарыздар бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу
туралы ақпарат

      Есепті кезең 20___ ж.

      Индексі: ҚНТ-1

      Кезең: тоқсан сайын

      Ұсынатын: инвестициялық бағдарламасы (жобасы) бар табиғи монополиялар субъектілері

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті

      Ұсынатын мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 25 күніне дейін

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

...

Төлем бойынша міндеттемелер:

мың $*






млн. теңге*






Кредиттер үшін пайыздар

мың $






млн. теңге






Комиссиялық төлемақы, сыйақылар, және т.б.

мың $






млн. теңге






Қарыздың негізгі сомасы

мың $






млн. теңге






Резервтік қорға жіберілді

мың $






млн. теңге






Есепті кезең аяғында резервтік қорда қаражаттардың нақты болуы

мың $






млн. теңге






Жинақталған қаражатқа сыйақы есептеу сомалары

мың $






млн. теңге







      * Егер қарыздар ұлттық валютада болған жағдайда, онда тек теңгемен төлемдер бойынша ақпарат жіберіледі. Егер қарыздар шетел валютасымен алынған жағдайда, онда ақпарат екі өлшемде: шетел валютасымен, алынған қарыздар бойынша міндеттемелерге төлемақының нақты бағамы бойынша ұлттық валютамен беріледі.

      ** АҚШ долларына теңгенің бағамын көрсету.

      Ұйымның атауы _________________________________________________

      Мекен-жайы ____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық почтаның мекен-жайы _______________________________

      Орындаушының тегі және телефоны _______________________________

      Басшысы _______________________________________________________

      (Т.А.Ә. қолы)

      Күні 20 жылғы " " ______________

      М.О.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
Қарыздар бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу
туралы мәліметтер
1. Жалпы нұсқаулық

      Осы түсіндірме табиғи монополиялар субъектілерінің қарыздары бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу туралы ақпаратты дайындауға арналған.

      Көрсетілген ақпаратты инвестициялық бағдарламасы (жобасы) бар табиғи монополиялар субъектілері тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 25 күніне дейін қол жеткізілген нақты көрсеткіштерді құжаттармен растап және олар келісілген нұсқадан ауытқыған жағдайда себептерін түсіндіріп ұсынады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін кредиттерге сыйақылар төлеуге арналған шығындар енгізіледі. Алынған кредиттер бойынша сыйақылар мөлшерін (кредиттер үшін пайыздарды, комиссиялық төлемдерді) өзгерту инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде тек төмендету жағына рұқсат беріледі.

      Шетел валютасымен алынған кредиттер үшін сыйақылар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің (инфляция) негізінде теңге бағамының шетел валютасына болжамды өзгерілуі ескеріле отырып, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне енгізіледі.

      1-баған – инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін кредиттерге сыйақылар төлеуге көрсеткіштердің атауы уәкілетті орган ведомствосы бекіткен нысан бойынша көрсетіледі;

      2-баған – көрсеткіштердің өлшем бірлігі көрсетіледі (егер қарыздар ұлттық валютада болған жағдайда, онда тек теңгемен төлемдер бойынша ақпарат жіберіледі. Егер қарыздар шетел валютасымен алынған жағдайда, онда ақпарат екі өлшемде: шетел валютасымен, алынған қарыздар бойынша міндеттемелерге төлемақының нақты бағамы бойынша ұлттық валютамен беріледі. АҚШ долларына теңгенің бағамын көрсетіледі.

      3-баған – тиісті жылдың тоқсандары бойынша кредиттер үшін сыйақылар төлемдері көрсеткіштерінің ақпараты көрсетіледі.

  Табиғи монополия субъектілерінің
Реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің
(бағалардың, алымдар ставкаларының)
шекті деңгейін және тарифтік сметаларды
бекіту қағидаларына 3-қосымша

      ___________________________________________________

      (ТМС атауы))

      _____________________________________________ тарифтік сметасы

      реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрінің атауы

№ р/с№

Көрсеткіштердің атауы*

Өлшем бірлігі

Қолда-ныстағы тарифтік сметада қабылданды

Алдың-ғы аяқтал-ған жыл ішіндегі нақты көрсет-кіштер

Алдыңғы аяқталған 4 тоқсан ішіндегі нақты көрсеткіштер

Субъектінің тарифтік сметасының жобасы

Жобаны іске асыру-дың барлық кезеңі-не, оның ішінде

Жобаны іске асыру-дың 1 - (базалық) жылы

Жобаны іске асыру-дың 2 - жылы

Жобаны іске асыру-дың і-жылы

І

Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы, оның ішінде

мың теңге








1

Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде

- " -








1.1

Шикізат және материалдар

- " -








1.2

Сатып алынатын бұйымдар

- " -








1.3

жанар-жағармай материалдары

- " -








1.4

отын

- " -








1.5

Энергия

- " -








2

Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы, оның ішінде

- " -








2.1

өндірістік персоналдың жалақысы

- " -








2.2

әлеуметтік салық

- " -








3

Амортизация

- " -








4

Жөндеу, барлығы, оның ішінде

- " -








4.1

Негізгі қорлар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу

- " -








5

Өзге шығындар (таратып жазу)

- " -








ІІ

Кезең шығыстары, барлығы, оның ішінде

- " -








6

Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы: оның ішінде:

- " -








6.1

Әкімшілік персоналдың жалақысы

- " -








6.2

әлеуметтік салық

- " -








6.3

Салықтар

- " -








6.4

Өзге шығыстар

(таратып жазу)

- " -








7

Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар

- " -








ІІІ

Қызметтерді ұсынуға арналған барлық шығын

- " -








ІV

Кіріс (АРБ*ПС)

- " -








V

Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (АРБ)

- " -








Барлық кіріс

- " -








VІІ

Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың жұмыстардың) көлемі

заттай көрсеткіштерде








VІІІ

Нормативтік техникалық ысыраптар

%










заттай көрсеткіштерде








ІХ

Тариф

теңге/көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне арналған










Анықтамалық:


8

Персоналдың орташа тізім бойынша саны,

адам


оның ішінде:


8.1

өндірістік

- " -

8.2

әкімшілік

- " -

9

орташа айлық жалақы, барлығы, оның ішінде

теңге

9.1

өндірістік персоналдың

- " -

9.2

әкімшілік персоналдың

- " -

10

Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу

мың теңге

11

Пайданың есебінен жүзеге асырылатын шығындар (толық жазу)

- " -

12

Шаруашылық тәсілмен орындалатын ағымдағы (жоспарлы-алдын алу) жөндеу, барлығы, оның ішінде

- " -

12.1

жөндеуге арналған материалдар

- " -

12.2

жалақы

- " -

12.3

әлеуметтік салық

- " -


      * - шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады