Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндіру және өткізу қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11027 тіркелді

      «Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» 2003 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндiру және өткізу қағидасы бекітілісін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      _______________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы « » _____________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      _______________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы « » _____________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _______________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы « » _____________

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы   
№ 154 бұйрығымен бекітілген

Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндiру және сату қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы йодталмаған ас тұзын әкелу, өндiру және сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) меншік нысанына қарамастан, қызметі тамақ өнімдерін әкелу, өндiру және сатумен байланысты заңды және жеке тұлғаларға арналған.
      2. Йодталмаған ас тұзын әкелуді, өндіруді және сатуды реттеу Қазақстан Республикасының аумағында йод тапшылығы ауруларының алдын алу мақсатында жүргізіледі.
      3. Қазақстан Республикасының аумағына йодталмаған ас тұзын әкелу, өндіру және сату:
      1) өндірісінде йодталмаған ас тұзы пайдаланылатын тамақ өнімінің жекелеген түрлерін өндіруге;
      2) йодталған тұзды қолдануға болмайтын көрсетiмдерi бар адамдарға жол беріледі.

2. Йодталмаған ас тұзын әкелу және өндіру қағидасы

      4. Қазақстан Республикасының аумағына йодталмаған ас тұзын әкелу құрамында йодталмаған ас тұзын пайдалану көзделетін тамақ өнімінің жекелеген түрлерін нысаналы өндіруге қажетті көлемдерді жеткізу туралы тамақ өнеркәсібі кәсіпорнымен келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.
      5. Йодталған ас тұзын қолдануға болмайтын көрсетiмдерi бар адамдарды қамтамасыз ету үшін өндірушілер йодталмаған ас тұзын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдері бойынша, бірақ өндірістік қуатының жалпы көлемінің кемінде 0,1 %-ын шығарады.
      6. Йодталмаған ас тұзын әкелу Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (021/2011 КО ТР) талаптарына сәйкестігін растау (бағалау) бойынша құжаттары болған кезде жүзеге асырылады.

3. Йодталмаған ас тұзын сату қағидасы

      7. Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған йодталмаған ас тұзы Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (021/2011 КО ТР) талаптарына сәйкестігін бағалауға (растауға) жатады.
      8. Йодталмаған ас тұзы оның таңбалануы Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімі оның таңбалану бөлігінде» Кеден одағы техникалық регламентінің (022/2011 КО ТР) талаптарына сәйкес келген кезде нарықта айналымға шығарылады.
      9. Йодталмаған ас тұзын сату сауда объектілерінің сауда залдарында бейімделген мақсаттағы өнімдер үшін арнайы бөлінген сөрелерде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады