Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11097 тіркелді.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 70-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Қ. Қасымов

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      _________________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 2 наурыз

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік

      даму министрі

      _________________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 1 сәуір

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 7 сәуір

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      _________________ Е. Ыдырысов

      2015 жылғы 8 сәуір

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _________________ В. Школьник

      2015 жылғы 16 наурыз

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _________________ А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы 18 наурыз

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 20 сәуір

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      _______________ И. Тасмағамбетов

      2015 жылғы 26 наурыз

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 12 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 149 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 70-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында азаматтық қорғау мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерiн, құрылымын және қызметті ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.

      2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесi (бұдан әрі – АҚМЖ) – Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден қорғау жөніндегі жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған, азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының жиынтығы.

      Әлеуметтiк сипаттағы төтенше жағдайлардың, ұлтаралық қақтығыстардың, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу АҚМЖ құзыретiне кiрмейдi.

      3. АҚМЖ негізгі мiндеттерi Заңның 3-бабының 1-тармағында айқындалған.

2-тарау. АҚМЖ құрылымы мен кіші жүйелерінің құрамы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. АҚМЖ аумақтық және салалық кіші жүйелерді қамтиды және олардың үш деңгейі бар: республикалық, аумақтық және объектілік.

      5. АҚМЖ аумақтық кіші жүйелері қабылданған әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес келеді.

      Әрбір аумақтық кіші жүйе ведомстволық бағыныстағы аумақта азаматтық қорғауды ұйымдастыру мен жүргізуге арналған және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияны, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін, күнделікті басқару органын ("112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін, кезекші-диспетчерлік қызметтер), осы аумақтағы салалық кіші жүйелердің күштері мен құралдарын, оның ішінде қаржы, азық-түлік, медициналық және материалдық-техникалық ресурстарды, байланыс, құлақтандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелерін қамтиды.

      Аумақтық кіші жүйелердің құрылымы әкімдердің шешімімен айқындайды.

      Аумақтық кіші жүйелердің міндеттері, жұмыс істеуін ұйымдастыру және оның тәртібі, мемлекеттік органдардың объектілік және жергілікті төтенше жағдайлар кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдар бекітетін ережелермен айқындалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. АҚМЖ салалық кіші жүйелерін азаматтық қорғау іс-шараларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органдар құрады.

      Салалық кіші жүйелердің құрылымын, олардың міндеттерін Қазақстан Республикасының тиісті орталық атқарушы органдары айқындайды және олар осы кіші жүйелер туралы ережелермен бекітіледі.

      Бұл ретте әрбір салалық кіші жүйеге, оның буындарына оның құрылымынан шыға отырып, басшы органдар, күнделікті басқару органдары (кезекші-диспетчерлік қызмет), әлеуетті қауіпті объектілердегі жағдайға бақылау жасайтын және табиғи ортаның жай-күйін қадағалап отыратын күштер мен құралдар, төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі күштер мен құралдар кіреді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. АҚМЖ-дың республикалық деңгейіне: Қазақстан Республикасының Үкіметі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның ведомстволары, сондай-ақ басқа да орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде, орталық кезекші-диспетчерлік пункттер, төтенше жағдайларды байқау, бақылау және жою күштері мен құралдары, басқару мен байланыстың мобильді пункттері жатады. АҚМЖ шеңберінде олардың іс-қимылын үйлестіруді шешімдері ұсынымдық сипатта болатын Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. АҚМЖ аумақтық деңгейіне: жергілікті атқарушы органдар, салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың департаменттері, азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың басқармалары, аудандық және қалалық төтенше жағдайлар бөлімдері), ұйымдардың кезекші-диспетчерлік қызметтері, осы аумақтағы төтенше жағдайларды байқайтын, бақылайтын және жоятын күштер мен құралдар жатады. Олардың қызметін үйлестіруді шешімдері ұсынымдық сипатта болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі тиісті аумақтық комиссиялар жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. АҚМЖ объектілік деңгейіне: ұйымдар, ұйымдардың кезекшi-диспетчерлiк қызметтерi, осы аумақтағы ТЖ байқайтын, бақылайтын және жоятын күштер мен құралдар жатады. Олардың қызметiн үйлестiрудi ұйымдардың (объектілердің) басшылары жүзеге асырады.

      10. Барлық деңгейлердегi төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешуге қоғамдық бірлестіктер ерiктi негiзде Қазақстан Республикасының заңнамасына және өздерiнiң жарғыларына сәйкес қатысуға құқылы. Мiндеттердi халықтың арасында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау, құтқарушы немесе ерікті өрт сөндіруші мәртебесі болған кезде төтенше жағдайларды жоюға қатысу, гуманитарлық және өзге көмек ұсыну жолымен шешедi.

3-тарау. АҚМЖ басшылығы мен басқару органдары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. АҚМЖ-ға басшылық Заңның 4-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар құрылады, оның ішінде:

      1) Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия;

      2) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аумақтық комиссиялар;

      3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары;

      4) азаматтық қорғаныс санаттарына жататын ұйымдардың, олардың басшыларының шешімі бойынша құрылатын эвакуациялық комиссиялар.

      Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі туралы ережені Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес айқындайды.

      Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олар туралы ережені Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен айқындайды.

      Орталық және жергілікті атқарушы органдардың эвакуациялық және эвакоқабылдайтын комиссиялардың құрылымы мен құрамын, қажет жағдайда олардың құрылуын орталық және жергілікті атқарушы органдардың сәйкес басшыларының шешімдерімен айқындайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. АҚМЖ күнделiктi басқару органдары АҚМЖ кiшi жүйелерi мен буындарының жұмыс iстеуiне басшылық пен бақылауды жүзеге асырады.

      АҚМЖ күнделiктi басқару органдарын орналастыру тиiстi байланыс және құлақтандыру құралдарымен жарақтандырылатын және пайдалануға тұрақты даярлықта ұсталатын басқару пункттерiнде жүзеге асырылады.

      14. Жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтері:

      азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның кезекшілік-диспетчерлік қызметтерінен;

      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың кезекшi қызметтерiнен;

      әлеуетті қауіпті объектiлердiң кезекшi-диспетчерлiк қызметтерiнен;

      радиациялық және ядролық қауiпсiздiкті мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардан;

      теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзудiң өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардан;

      көлiктiң қауiпсiз пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыратын органдардан;

      сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдардан;

      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарынан;

      ветеринария, фитосанитария, жануарлар мен өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардан;

      қоршаған орта мен табиғи ресурстардың, оның iшiнде гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы бойынша мониторинг қызметтерiнен;

      қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардан;

      сейсмологиялық байқау және жер сiлкiнiсiн болжау республикалық жүйесiнiң қызметтерiнен;

      селдерге, сырғымаларға және көшкiндерге мониторинг жүргізу қызметтерiнен;

      орман және дала өрттерiне мониторинг жүргізу қызметтерiнен тұрады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Төтенше жағдайларды жоюға қатыстырылатын азаматтық қорғау күштерi мен құралдары:

      азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiнен;

      авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарынан;

      мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен;

      азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның авиациясынан;

      сел, тасқын және қар көшкіндері қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтерінен;

      азаматтық қорғау құралымдарынан;

      ішкі істер органдарынан, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнен, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарынан тартылатын күштері мен құралдарынан;

      халықты қорғау және азаматтық қорғау күштерін жарақтандыру үшін қолданылатын материалдық-техникалық мүліктен тұрады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.11.2015 № 899 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Жұмыс істеудің әртүрлі режимдерінде АҚМЖ қызметін ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. АҚМЖ қызметiне бейбiт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғау бойынша іс-шараларды жоспарлау, әзiрлеу және жүзеге асыру кiредi.

      Жағдайға қарай жүйе жұмыс iстеуiнiң үш: күнделiктi қызмет, жоғары әзiрлiк, төтенше жағдай режимі болады.

      Жағдайға байланысты АҚМЖ кіші жүйелері мен буындары біруақытта әртүрлі режимдерде жұмыс істей алады.

      1) Күнделікті қызмет режимі – төтенше жағдайлардың туындау қаупінің болмауымен сипатталатын АҚМЖ-дың, оның ведомстволық бағынысты аумақтағы аумақтық және салалық кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.

      Күнделікті қызмет режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды өткізеді:

      төтенше жағдайларды болжау;

      халықты, объектілерді және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау туралы ақпарат жинау, өңдеу және алмасу;

      төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;

      төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын әзірлеу және іске асыру;

      азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің іс-қимылдарын жоспарлау;

      халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлау;

      азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау;

      төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға арналған материалдық ресурстар резервтерін құру, орналастыру, сақтау және толықтыру;

      өздерінің өкілеттіктері шегінде азаматтық қорғау саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;

      2) Жоғары әзірлік режимі - төтенше жағдайлар туындау қаупі кезінде енгізілетін АҚМЖ, оның жекелеген кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.

      Жоғары әзірлік режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды өткізеді:

      төтенше жағдайлар мен олардың салдарының туындауын болжау;

      төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдар жоспарларын түзету;

      қажеттілік болғанда басқару пункттерінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшылары мен лауазымды адамдарының тәулік бойы кезекшілігін енгізу;

      болжанатын төтенше жағдайлар туралы деректерді жинау, өңдеу және азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштеріне жіберу, мемлекеттік органдар мен халыққа олардан қорғану тәсілдері туралы хабар беру;

      төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және жою, олар туындаған жағдайда келтірілетін нұқсан мен шығындардың мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығын және қауіпсіздігін арттыру бойынша жедел шаралар қабылдау;

      төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою үшін құрылған материалдық ресурстардың қажетті резервтерін толықтыру;

      қажеттілігіне қарай эвакуациялық іс-шаралар өткізу;

      3) Төтенше жағдай режимі – төтенше жағдай туындағанда және оны жою кезінде енгізілетін АҚМЖ, оның жекелеген кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.

      Төтенше жағдай режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды өткізеді:

      төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдар жоспарларын қолданысқа енгізу (іске асыру, орындау) және оларды түзету;

      туындаған төтенше жағдайлардың және олардың салдарының дамуын болжау;

      төтенше жағдайлардың туындау және олардың салдары туралы орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ халықты хабарландыру;

      төтенше жағдайларды жою, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарының іс-қимылдарын жан-жақты қамтамасыз ету, оларды жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен туындаған төтенше жағдайларды жою үшін ішкі істер органдарының және Ұлттық ұланның, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану;

      төтенше жағдай аймағындағы жағдай және оны жою жұмыстарын жүргізу барысы туралы ақпарат жинау, талдау және алмасу;

      төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру және қолдау;

      төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету іс-шараларын жүргізу.

      АҚМЖ, оның кіші жүйелерінің және буындарының жұмыс істеуінің осы немесе басқа режимін енгізу туралы шешімді нақты жағдайды ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган басшылығы, аумақтық бөлімшелермен (облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың департаменттерімен), облыстық маңызы бар қалалардың басқармаларымен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерімен келісу бойынша АҚМЖ түрлі деңгейдегі басшы органдары қабылдайды.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2019 № 1064 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

5-тарау. АҚМЖ жүйесінде даярлау және оқыту

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. АҚМЖ ұйымдастыруды жетілдіру, жүйенің басқару органдарының, күштер мен құралдарының әзірлігін және дайындығы деңгейін тексеру мақсатында жыл сайын оның кіші жүйелерінде және буындарында оқу-жаттығулар мен машықтанулар жоспарланады және өткізіледі. Оқу-жаттығулар мен машықтанулар түрлерін, олардың мерзімдерін, ауқымдарын және өткізу жоспарларын сәйкесінше бірінші басшылар – азаматтық қорғаныс бастықтары бекітеді.

      18. Азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандарын, халықты төтенше жағдайлар кезiнде қорғану тәсiлдерiне оқыту, сондай-ақ даярлау және қайта даярлау Заңның 46-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қауіпті өндірістік объектілердің, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін оқыту және білімін тексеру (емтихандар) Заңның 72, 79-баптарында белгіленген тәртіпте берілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығын беретін аттестаты болған кезде қауіпті өндірістік объектінің немесе оқу ұйымының оқу орталығында жүргізіледі.

      19. Төтенше жағдайлар кезiнде халықтың, қоршаған табиғи ортаның қауiпсiздiгi мен қорғалуы және шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң орнықты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк бағдарламалардағы іс-шараларды орындауды төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың тұрақсыздандыру ықпалын азайту жөнiндегi қаржы, несие-инвестиция саясатын үйлестiру мақсатында, сондай-ақ авариялардың, апаттардың, табиғи және басқа да зiлзалалардың зардаптарын жоюға даярлау мақсатында тиiстi орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

6-тарау. Төтенше жағдайлар қаупі төнгені және туындағаны туралы хабар беру тәртібі

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. АҚМЖ қызметін ақпараттық қамтамасыз етудi ақпараттық жүйе жүзеге асырады. Халықты және басқару органдарын хабарландыру Заңның 5-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      21. Төтенше жағдайлардың туындауы туралы хабар беру мына тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) төтенше жағдайлар туындаған кезде төтенше жағдай фактісі және ахуал туралы ақпарат:

      барлық деңгейдегі әкімдердің аппараттары, ұйымдар, сондай-ақ халық – дереу азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне;

      ұйымдар – өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес дереу орталық атқарушы органдарға;

      азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері – дереу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығына; орталық атқарушы органдар – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығына ведомстволық бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат береді;

      2) жаhандық және өңірлік төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олар туралы ақпаратты қосымша:

      азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелері арқылы Қазақстан Республикасының шекаралас әкімшілік-аумақтық бірліктерінің әкімдеріне;

      азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган - өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес дереу Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық атқарушы органдарға береді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-тарау. Төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Төтенше жағдайларды жоюға тiкелей басшылықты Заңның 50-бабына сәйкес тағайындалған төтенше жағдайларды жою басшысы жүзеге асырады.

      23. Төтенше жағдайларды жоюды төтенше жағдайлар пайда болған аумақтар мен объектiлерде АҚМЖ аумақтық және салалық кiшi жүйелерiнiң күштерi мен құралдары жүзеге асырады.

      24. Азаматтық қорғау күштерін азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, АҚМЖ түрлi деңгейлердегі басшылық органдары өз мүмкiндiктерiнiң шегiнде елiмiздiң түрлi өңірлерінде төтенше жағдайларды жедел оқшаулау және жою жұмыстарын жүргiзу, және де Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шетелдерге көмек көрсету үшiн тартылады.

      Республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебінен қамтылмайтын ұдайы әзiрлiктің күштері төтенше жағдайды жою басшысының шешiмi бойынша құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарын орындауға тартылады.

      Ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының күштері мен құралдарын төтенше жағдайларды жоюға тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларына (өзара іс-қимыл) сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады