"Турагент, гид (гид-аудармашы), экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 28 шілдедегі № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 шілдеде № 23749 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Турагент, гид (гид-аудармашы), экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрыққа:

      1) 1-қосымшаға сәйкес турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;

      2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;

      3) 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтің нысаны;

      4) 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтің нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәлімет".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      министрдің міндетін атқарушы Н. Дауешов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  министрдің міндетін атқарушы
2021 жылғы 28 шілдедегі
№ 236 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 249 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер

      1. Ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін өңір

      _______________________________________________________.

      2. Ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін тіл(-дері)

      ____________________________________________________________________.

  министрдің міндетін атқарушы
2021 жылғы 28 шілдедегі
№ 236 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 249 бұйрығына
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәлімет

      Экскурсиялық қызметтерін көрсететін өңір___________________________

      ____________________________________________________________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады