Авиациялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 514 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11344 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 527 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 12 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 сәуір
№ 514 бұйрығына
1-қосымша

"Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы
жөнінде сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаты не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған, электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификаты үшін алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.

      Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшесінің штат санына байланысты:

      1) 251 адам және одан көп – алым төленетін күні қолданыстағы 235 айлық есептік көрсеткішті;

      2) 201 адамнан 250 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 224 айлық есептік көрсеткішті;

      3) 151 адамнан 200 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 213 айлық есептік көрсеткішті;

      4) 101 адамнан 150 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 202 айлық есептік көрсеткішті;

      5) 51 адамнан 100 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 191 айлық есептік көрсеткішті;

      6) 50 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 180 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі: көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметімен жете тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификатты алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім);

      2) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттау үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжат;

      3) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес әуежайдың АҚҚ басшылық құрамы, мамандары, техникалық құралдары бойынша, өндірістік базасы бойынша деректер;

      5) көрсетілетін қызметті алушының АҚҚ туралы ережесі;

      6) көрсетілетін қызметті алушының ААҚ бақылайтын аймақтар (рұқсаты шектеулі аймақтар) көрсетілген аумағы жоспарының схемасы және жете тексеру пункттері орналасқан аэровокзал ғимаратының егжей-тегжейлі схемасы (жоспары);

      7) ААҚ персоналын оқыту бағдарламалары;

      8) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;

      9) көрсетілетін қызметті алушының авиациялық қауіпсіздік сапасын ішкі бақылау бағдарламасы.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11588 болып тіркелген) бекітілген әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілген келісімі туралы сұрау салуға берген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@miid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.

      Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңды тұлғаның шағымында – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.miid.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 47 81, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы
жөнінде сертификат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi
ұйымдастыруы жөнiнде сертификатын алуға өтінім

      _________________________________________________________ мақсатында

      (қарап тексерудi ұйымдастыру жөнiндегi сертификатты алу, қолданылу

      мерзiмiн ұзарту)

      ___________________________________________________________________

      (өтiнiш берушiнiң толық атауы) сертификаттау жүргiзудi сұраймын.

      Қарап тексерудi жүзеге асырудың жоспарланған күнi ___________________

      (ұзартылған/өзгерiстер

      ____________________________________________________________________

      енгiзiлген кезде тиiсiнше қолданыстағы сертификаттың аяқталу мерзiмi

      көрсетiледi)

      Өтiнiш берушi:

      1) сертификаттау рәсiмдерiн орындауға;

      2) сертификаттық талаптарға сай болуға;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға қарап тексерудi

      ұйымдастыруды және қамтамасыз етудi бақылауды жүзеге асыру

      мүмкiндiгiн беруге мiндеттенедi.

      Басшы _________________________________________________________

      (лауазымы/қолы/күнi)

      М.О.

  "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы
жөнінде сертификат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Қарап тексеру бөлiмшесiнiң персоналы, әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамы, әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің өндiрiстiк базасы, техникалық
құралдардың тізбесі бойынша жиынтық деректер

      1. Әуежайдың қарап тексеру бөлiмшесiнiң персоналы мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамының жасақталуы жөнiндегi деректер (әуежай атауы)

Штаттық лауазымдар

Санаты

Штат бойынша саны

Нақты саны

1

2

3

4

ААҚ басшылық құрамының штаттық лауазымдары




1.




2.




Қарап тексеру бөлiмшесiнiң штаттық лауазымдары




1.




2.





      2. Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң өндiрiстiк базасы жөнiндегi деректер

ААҚ үшiн өндiрiстiк үй-жайлар мен құрылыстар

Саны және жалпы ауданы - (шаршы м)

Жеке меншiк

Жалданатын

1

2

3

1. ААҚ қызметтiк үй-жайлары



2. ААҚ тұрмыстық үй-жайлары



3. ААҚ оқу сыныбы



4. Өту/шығу БӨП



5. Жолаушыларды, ӘК экипаж мүшелерiн, авиаперсоналды қарап текcеpу пункттерi



6. Багажды, жүктi, поштаны, борттық қорларды қарап тексеру пункттерi



7. Қосымша ақпарат




      3. Авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң техникалық құралдарының тiзбесi

Қарап тексеру пункттерiнiң саны

1. Халықаралық желiлерде__________________

2. Iшкi желiлерде_________________________

3. БӨП-те ________________________________

4. Ресми делегация залдарында ____________

5. Багажды, жүктi, борттық қорларды қарап

тексеру үшiн ____

Авиациялық қауiпсiздiктiң техникалық құралдарының мақсаты және атауы

Типі, моделi

Саны

1

2

3

1. Жолаушыларды, экипаж мүшелерiн, авиаперсоналды және олардың қол жүгiн қарап тексерудiң техникалық құралдары:



2. Рентгендiк-теледидар қондырғылары, стационарлық металл iздегiштер, тасымалданатын (қол) металл iздегiштер



3. Багажды, жүктi, поштаны және борттық қорларды қарап тексерудiң техникалық құралдары: рентгендiк-теледидар құрылғылары, тасымалданатын (қол) металл iздегiштер



4. Жарылғыш заттарды (жарылғыш заттар буының детекторлары) анықтауға арналған жабдық




      Әуежай басшысы _____________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.А)

      Күнi ___________________М.О.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚҚ – авиациялық қауіпсіздік қызметі;

      БӨП – бақылау-өткізу пункті.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 514 бұйрығына
2-қосымша

"Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "Азаматтарға арналған үкімет" мемелекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемкорпорация) филиалдары арқылы беріледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш порталда тіркелген сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күн.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – экипаж мүшесінің куәлігі (бұдан әрі – ЭМК) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Мемкорпорация арқылы жүзеге асырылады және пайдаланушының уәкілетті өкілі өзі келген кезде берілген ЭМК есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып беріледі.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында ЭМК-нің дайын екендігі туралы хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

      2) портал – графигі тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты біткеннен кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларымен анықталған мейрам күндері өтінім берген жағдайда, электронды (толық автоматтандырылған) түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен басқа өтінім қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде іске асырылады.).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталда жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім-хаттың электрондық көшірмесі;

      2) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;

      3) ЭМК-ні алушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), лауазымын көрсете отырып, жеке қолы үлгісінің, мөлшері 9x2 түрлі-түсті (күңгірт) фотоның (jpg графикалық форматта бас киімсіз және нысанды киімде) электрондық көшірмесі;

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      5) Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің электрондық көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);

      6) ИКАО-да тіркелген оқу орталығында алынған сертификаттың электрондық көшірмесі (ұшуда әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін);

      7) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органының келісу хатының электрондық көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде порталға көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғандығы туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы өтінім-хатты қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15478 болып тіркелген) бекітілген Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілген келісімі туралы сұрау салуға берген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@miid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.

      Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңды тұлғаның шағымында – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.miid.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 47 81, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Экипаж мүшесінің куәлігін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

ЭМК алуға арналған өтінім-хат

      1) ЭМК алуға негіздеме;

      2) әліпбилік тәртіппен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған қызметкерлер тізімі;

      3) мынадай талаптарды сақтау туралы міндеттеме:

      ЭМК көшірмелерін дайындауға және пайдалануға, әуежай аумағында өндірістік қызметке байланысты емес уақытта болуға рұқсат етілмейді;

      өткізу және объектішілік режимнің, әуежайда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты шекаралық, кеден және өзге де мемлекеттік органдардың талаптарын сақтауы;

      ЭМК қолданылу мерзімінің өтуі бойынша, сондай-ақ авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі және авиакомпаниялардың кадр бөлімшелерінің басшылары (инспекторы) қол қойған актіні жасау арқылы жұмыс орнын ауыстыру немесе жұмыстан босатылу кезінде тапсыру;

      4) авиакомпанияның бірінші басшысының қолы;

      5) орындаушының тегі, аты, әкесінің аты, қызметтік телефоны, электрондық мекенжайы.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпиядан

      тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін_______________________

      20 __ жылғы "___" _____________

  "Экипаж мүшесінің куәлігін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Өтінім-хатқа қоса берілетін мәліметтер

      Нысан (альбомды парақ)


Тегі, аты, әкесінің аты

ЭМК №

Жынысы

Туған күні, азаматтығы

Жеке куәліктің деректері

Атқарылатын лауазымы

Ұшу қызметтің басталуы

Авиаперсонал куәлігінің нөмірі

Тұрғылықты жері

Жеке қолы

/с №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қазақ тілі










Орыс тілі

Ағылшын тілі


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЭМК – экипаж мүшесінің куәлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады