Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 407 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11657 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.12.2020 № ҚР ДСМ-336/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _______________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 12 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 407 бұйрығымен
бекітілген

Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабының 35) тармақшасына сәйкес әзірленген және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне (бұдан әрі – өндіріс объектісі) есептік нөмірлер беру және тамақ өнімдерін өндіру объектілерінің есептік нөмірлерінің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері;

      2) есептік нөмір – тамақ өнімін өндіру обектісінің қызмет түрін және нөмірін қамтитын код;

      3) өндіріс субъектісі – тамақ өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір тамақ өнімін өндіру объектісі (бұдан әрі – өндіру объектісі) қызметінің барлық кезеңіне беріледі.

      4. Есептік нөмір беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өндіріс обектісінің қызмет түрін және нөмірін (бұдан әрі – нөмір) қамтитын кодқа сай жүзеге асырылады.

      Қызмет түрін қамтитын код өндіріс объектісінің қызмет түрінің әріптік белгісінен тұрады.

      Нөмір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өндіріс объектісінің реттік нөмірінен тұрады.

      Өндіріс объектісінің реттік нөмірі ведомствоның аумақтық бөлімшесінде есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу кезектілігіне сәйкес айқындалады.

      5. Есептік нөмір аумақтық бөлімшемен беріледі.

2. Тамақ өнімін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер
беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібі

      6. Есептік нөмір беру өндіріс объектісі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес болған жағдайда жүзеге асырылады.

      7. Есептік нөмір беру үшін өтініш беруші:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) өндірілетін тамақ өнімдері тізбесін ұсынуы қажет.

      8. Аумақтық бөлімше осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есептік нөмір (бұдан әрі – растау) береді және есептік нөмір берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ведомствоға жібереді.

      9. Өндіріс объектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері өзгерген жағдайда осы Қағидаларға сәйкес есептік нөмірді беру процедурасы қайта жүргізіледі.

      10. Реестр ведомствомен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      11. Ведомство алынған растаудың көшірмесі негізінде бес жұмыс күні ішінде өндіріс объектісін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің gov.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылатын тізілімге енгізеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Аумақтық бөлімше өндіріс субъектісі ұсынған өндіріс объектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері өзгергені туралы не қызметті тоқтатылған немесе тарату туралы мәліметтердің (бұдан әрі – мәліметтер) негізінде жазбаша ақпаратты мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ведомствоға жібереді.

      13. Аумақтық бөлімшеден келіп түскен жазбаша ақпарат негізінде бес жұмыс күні ішінде өзгерістер тізілімге ведомствомен енгізіледі.

3. Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру тәртібі

      Ескерту. 3-тараумен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беруді (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      15. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің электрондық көшірмесін жібереді.

      Қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарауының және Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды беруінің жалпы мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша объектінің сәйкестігін тексереді.

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге тексеру жүргізгеннен кейін актінің негізінде бір жұмыс күні ішінде өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды ресімдейді және береді немесе теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      19. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы толтырады және оған көрсетілетін қызметті берушімен бірге қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті берушінің: gov.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына; не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болған кезде), берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      жеке тұлғаның: оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;

      заңды тұлғаның: оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағымды көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұратын шағым туралы ақпаратқа (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн қаралады.

  Тамақ өнімдерін өндіру
объектілеріне есептік нөмірлер
беру және олардың тізілімін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Есептік нөмірді беру үшін өндіріс объектілерінің қызмет
түрлерінің кодтары

Р/с

Қызмет түрі

Коды

1

2

3

1

Балалар сүт асүйлері

A

2

Сүт өңдеу объектілері

В

3

Ұн тарту объектілері

C

4

Ет өңдеу объектілері

D

5

Жеміс өңдеу объектілері

E

6

Құс өңдеу объектілері

F

7

Балық өңдеу объектілері

G

8

Тамақ өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтандыру объектілері

H

9

Жартылай фабрикаттарды (ет, балық, құс еті, ұн) өндіру объектілері

I

10

Май өнімдерін өндіру объектілері

J

11

Кондитерлік өнімдерді өндіру объектілері

K

12

Макарон өнімдерін өндіру объектілері

M

13

Алкоголь өнімін өндіру объектілері

N

14

Алкогольсіз өнімді, ыдыстарға өлшеп-құйылған ауыз суды өндіру объектілері

O

15

Өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу объектілері

P

16

Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерін және тамақ өнімдерінің өзге де топтарын өндіру объектілері

Q

17

Чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинакилерді, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корн, қуырылған жаңғақтарды өндіру объектілері

R

18

Тамақ концентраттарын және тамақ қышқылдарын өндіру объектілері

S

19

Тағамдық және йодталған тұздарды өндіру объектілері

T

20

Қант өндіру объектілері

U

21

Нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру объектілері

V

22

Крахмалды-сірнелі өнімдерді, крахмал өндіру объектілері

W

23

Басқалар

X

Өндіріс объектісіне есептік нөмір беру үшін облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды,
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі

Р/с

Коды

Атауы

1

2

3

2

С

Ақмола облысы

3

С 01

Ақкөл

4

С 02

Аршалы

5

С 03

Астрахан

6

С 04

Атбасар

7

С 05

Бұланды

8

С 06

Көкшетау қ.

9

С 07

Степногор қ.

10

С 08

Егіндікөл

11

С 09

Еңбекшілдер

12

С 10

Ерейментау

13

С 11

Есіл

14

С 12

Жақсы

15

С 13

Жарқайың

16

С 14

Зеренді

17

С 15

Қорғалжын

18

С 16

Сандықтау

19

С 17

Целиноград

20

С 18

Шортанды

21

С 19

Щучье

22

B

Алматы облысы

23

B 01

Ақсу

24

B 02

Алакөл

25

B 03

Балқаш

26

B 04

Еңбекші қазақ

27

B 05

Ескелді

28

B 06

Жамбыл

29

B 07

Іле

30

B 08

Қарасай

31

B 09

Қаратал

32

B 10

Кербұлақ

33

B 11

Көксу

34

B 12

Панфилов

35

B 13

Райымбек

36

B 14

Сарқант

37

B 15

Талғар

38

B 16

Ұйғыр

39

B 17

Қапшағай қ.

40

B 18

Талдықорған қ.

41

B 19

Текелі қ.

42

B 20

Наурызбай

43

D

Ақтөбе облысы

44

D 01

Әйтеке би

45

D 02

Алға

46

D 03

Байғанин

47

D 04

Ақтөбе қ.

48

D 05

Ырғыз

49

D 06

Қарғалы

50

D 07

Мәртөк

51

D 08

Мұғалжар

52

D 09

Темір

53

D 10

Ойыл

54

D 11

Қобда

55

D 12

Хромтау

56

D 13

Шалқар

57

E

Атырау облысы

58

E 01

Атырау қ.

59

E 02

Жылыой

60

E 03

Индер

61

E 04

Исатай

62

E 05

Қызылқоға

63

E 06

Құрманғазы

64

E 07

Мақат

65

E 08

Махамбет

66

F

Шығыс Қазақстан облысы

67

F 01

Өскемен қ.

68

F 02

Аягөз қ.

69

F 03

Зырян қ.

70

F 04

Курчатов қ.

71

F 05

Семей қ.

72

F 06

Риддер қ.

73

F 07

Абай

74

F 08

Аягөз

75

F 09

Бесқарағай

76

F 10

Бородулиха

77

F 11

Глубокое

78

F 12

Жарма

79

F 13

Зайсан

80

F 14

Зырян

81

F 15

Катон-Қарағай

82

F 16

Көкпекті

83

F 17

Күршім

84

F 18

Тарбағатай

85

F 19

Ұлан

86

F 20

Үржар

87

F 21

Шемонаиха

88

H

Жамбыл облысы

89

H 01

Байзақ

90

H 02

Жамбыл

91

H 03

Жуалы

92

H 04

Қордай

93

H 05

Мерке

94

H 06

Мойынқұм

95

H 07

Т. Рысқұлов ауданы

96

H 08

Сарысу

97

H 09

Талас

98

H 10

Шу

99

H 11

Тараз қ.

100

L

Батыс Қазақстан облысы

101

L 01

Ақжайық

102

L 02

Бекейорда

103

L 03

Бөрлі

104

L 04

Жаңақала

105

L 05

Жәнібек

106

L 06

Зеленов

107

L 07

Қазтал

108

L 08

Қаратөбе

109

L 09

Сырым

110

L 10

Тасқала

111

L 11

Теректі

112

L 12

Шыңғырлау

113

L 13

Орал қ.

114

P

Қостанай облысы

115

P 01

Алтынсарин

116

P 02

Аманкелді

117

P 03

Әулиекөл

118

P 04

Денисовка

119

P 05

Жангелді

120

P 06

Жітіқара

121

P 07

Қамысты

122

P 08

Қарабалық

123

P 09

Қарасу

124

P 10

Қостанай

125

P 11

Меңдіқара

126

P 12

Наурызым

127

P 13

Сарыкөл

128

P 14

Таранов

129

P 15

Ұзынкөл

130

P 16

Федоров

131

P 17

Қостанай қ.

132

P 18

Арқалық қ.

133

P 19

Лисаковск қ.

134

P 20

Рудный қ.

135

M

Қарағанды облысы

136

M 01

Абай

137

M 02

Ақтоғай

138

M 03

Бұхар-Жырау

139

M 04

Жаңаарқа

140

M 05

Қарқаралы

141

M 06

Нұра

142

M 07

Осакаров

143

M 08

Ұлытау

144

M 09

Шет

145

M 10

Қарағанды қ.

146

M 11

Балқаш қ.

147

M 12

Жезқазған қ.

148

M 13

Қаражал қ.

149

M 14

Приозерск қ.

150

M 15

Саран қ.

151

M 16

Сәтпаев қ.

152

M 17

Теміртау қ.

153

M 18

Шахтинск қ.

154

N

Қызылорда облысы

155

N 01

Арал

156

N 02

Қазалы

157

N 03

Қармақшы

158

N 04

Жалағаш

159

N 05

Сырдария

160

N 06

Шиелі

161

N 07

Жаңақорған

162

N 08

Қызылорда қ.

163

N 09

Байқоңыр қ.

164

R

Маңғыстау облысы

165

R 01

Бейнеу

166

R 02

Қарақия

167

R 03

Маңғыстау

168

R 04

Түпқараған

169

R 05

Ақтау қ.

170

R 06

Жаңаөзен қ.

171

R 07

Мұнайлы

172

S

Павлодар облысы

173

S 01

Павлодар қ.

174

S 02

Ақсу қ.

175

S 03

Екібастұз қ.

176

S 04

Ақтоғай

177

S 05

Баянауыл

178

S 06

Железинка

179

S 07

Ертіс

180

S 08

Қашыр

181

S 09

Лебяжье

182

S 10

Май

183

S 11

Павлодар

184

S 12

Успен

185

S 13

Шарбақты

186

T

Солтүстік Қазақстан облысы

187

T 01

Айыртау

188

T 02

Ақжар

189

T 03

Аққайың

190

T 04

Есіл

191

T 05

Жамбыл

192

T 06

М. Жұмабаев

193

T 07

Қызылжар

194

T 08

Мамлют

195

T 09

Ғ. Мүсірепов

196

T 10

Тайынша

197

T 11

Тимирязев

198

T 12

Уәлиханов

199

T 13

Шал ақын

200

T 14

Петропавл қ.

201

X

Оңтүстік Қазақстан облысы

202

X 01

Арыс

203

X 02

Бәйдібек

204

X 03

Қазығұрт

205

X 04

Мақтаарал

206

X 05

Ордабасы

207

X 06

Отырар

208

X 07

Сайрам

209

X 08

Сарыағаш

210

X 09

Созақ

211

X 10

Төлеби

212

X 11

Түлкібас

213

X 12

Шардара

214

X 13

Шымкент қ.

215

X 14

Арыс қ.

216

X 15

Түркістан қ.

217

X 16

Кентау қ.

218

А

Алматы қ.

219

А 01

Алатау

220

А 02

Алмалы

221

А 03

Әуезов

222

А 04

Бостандық

223

А 05

Жетісу

224

А 06

Медеу

225

А 07

Түріксіб

226

Z

Астана қ.

227

Z 01

Алматы

228

Z 02

Есіл

229

Z 03

Сарыарқа


      Ескертпе:

      Есептік нөмір белгілерден құралады және мынадай құрылымы бар:

      бірінші белгі – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,

      астананың) литерлік коды;

      екінші белгі – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;

      үшінші белгі – өндіріс объектісінің қызмет түрінің коды;

      төртінші белгі – өндіріс объектісінің реттік нөмірі.

      Мысалы: С.01.O.210

      С – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік

      коды;

      01 – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;

      O – өндіріс объектісінің қызмет түрі;

      210 – өндіріс объектісінің реттік нөмірі.

  Тамақ өнімдерін өндіру
объектілеріне есептік нөмірлер
беру және олардың тізілімін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  ____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
өтініш берушіің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған кезде)
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________
жеке немесе заңды тұлғаның
атауы, мекенжайы
____________________________
байланыс телефоны

Өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден ______________________________________________ мекенжайы

      (аудан, көше, үй, пәтер)

      бойынша орналасқан санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ

      өнімін өндіру (дайындау) объектісіне ________________ есептік нөмір беруді

                                          (объектінің атауы)

      сұраймын.

      Қызмет түрі ___________________________________________________

      Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының нөмірі _____________

      Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының берілген күні ______

      Қосымша: ______________________________________________________

      (көрсету)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы

      жылы, күні, айы

  Тамақ өнімдерін өндіру
объектілеріне есептік нөмірлер
беру және олардың тізілімін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан/Форма

      Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру туралы

      растау/Подтверждение о присвоении учетного номера объекту

      производства (изготовления) пищевой продукции

      Осы растау/Настоящее подтверждение выдано____________________________

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды

      тұлғаның аты / фамилия,

      _____________________________________________________________________

      имя, отчество (при наличии) физического лица, наименование

      юридического лица)

      _____________________________________________________________________

      бойынша қызметті жүзеге асырушы/осуществляющему деятельность по

      _____________________________________________________________________

      (қызмет түpiн көрсету/указать вид деятельности)

      _____________________________________________________________________

      тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне (атауын көрсету)/на объект

      производства (изготовления) пищевой продукции (указать наименование)

      _____________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан (мекенжайын көрсету)/расположенного по

      _____________________________________________________________________

      адресу (указать адрес)

      20____ жылғы "___" ______ № ____ есептік нөмір берілгендігі жөнінде

      берілді/в том, что присвоен учетный номер _____ от "___" _______ 20__

      года.

      Басшы/Руководитель ___________________ _______________

      (тегі аты, әкесінің аты (болған кезде)/фамилия,

      имя, отчество (при наличии)) (қолы /подпись)

      Мөрдің орны/Место печати

      "___" _______ 20____ ж./г.

  Тамақ өнімдерін өндіру
объектілеріне есептік нөмірлер
беру және олардың тізілімін
жүргізу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Өндіріс өбъектілерінің есептік нөмірлерінің тізілімі

Р/с

Өндіріс объектісінің атауы

Жеке тұлғаның/ заңды тұлғаның атауы

Өндіріс объектісінің орналасқан орны

Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісінің есептік нөмірі

Берілген күні

Басқа мәліметтер*

1

2

3

4

5

6

7








      Ескертпе: * өндіріс объектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері өзгергені туралы, өндіріс субъектісі қызметті тоқатылған немесе тарату туралы мәліметтер көрсетіледі.

  Тамақ өнімдерін өндіру
объектілеріне есептік нөмірлер
беру және олардың тізілімін
жүргізу қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілі ( кіру каналдары)

"электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру туралы растау не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуге дәлелді бас тартуға негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) ұсынылған объектінің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдар үшін нұсқасына қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады