"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және-жол құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
__________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 19 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 28 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________ Е. Досаев
2015 жылғы 8 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 16 маусым
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығымен бекітілген |
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тіркеу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.07.2020 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзiрленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидалар тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрi – машиналар) мемлекеттік тіркеу тәртібін және "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – "Е-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінің "Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу" кіші жүйесінде машиналар және оларды иеленушілер туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
2) машина иесі – өзіне тиесілі автокөлікті өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
3) машиналарды есептен шығару – машиналарды жоғалтуға, басқа адамға иеліктен шығаруға, сондай-ақ кәдеге жаратуға немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты болуға әкетуге байланысты машиналарды мемлекеттік тіркеуді тоқтатуға байланысты іс-қимылдар;
4) машиналарды иеленушi – өзінің меншік құқығы немесе уақытша иелену және пайдалану құқығы негізінде ағымдағы уақыт кезеңінде машинаны нақты иеленуді жүзеге асыратын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
5) машиналарды қайта тiркеу – тиiстi құқықтық негiздер болған кезде машинаның тiркеу деректеріне және тіркеу құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
6) машиналарды мемлекеттiк тiркеу – құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексергеннен кейiн машиналарды тiркеу жөнiндегi тiркеу пункттерi жүзеге асыратын ақпараттық жүйеге машина деректерін енгізу және тіркеу құжаттарын беру (бұдан әрі – машиналарды тіркеу) арқылы машиналарды мемлекеттiк тiркеу және есепке алу тәртiбiнің рәсімі.
Машинаны тіркеу олардың Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде пайдалануға болатынын растайды;
7) машиналарды тіркеудің электрондық тізілімі – ақпараттық жүйеде көрініс тапқан машина, меншік иесі, иеленуші, мемлекеттік тіркелетін нөмірлік белгі (бұдан әрі – нөмірлік белгі), техникалық паспорт, машиналарды тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтер жиынтығы;
8) нөмiрлiк агрегат – зауыттық тiркеу нөмiрi бар машинаның негiзгi құрамдас торабы (шасси, қаңқа);
9) өтімділігі жоғары арнайы машиналар – ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына елу және елу километрден аз квадроциклдер және қаршаналар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының СТ РК В 1029 "Конверсиялық техника" әскери ұлттық стандартының талаптарына сәйкес жасалған конверсиялық техника;
10) сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
11) сәйкестік туралы декларация – өндіруші, импорттаушы, өндіруші немесе сатушы уәкілеттік берген тұлға айналысқа шығарылатын өнімнің, процестер мен қызметтердің техникалық регламенттер мен стандарттау құжаттарының талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
12) тiркеу құжаты – көрсетілетін қызметті беруші беретін, машинаға арналған ресми құжат болып табылатын, машинаның жол қозғалысына қатысуына және пайдаланылуына рұқсат етілгенін растайтын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық паспорт;
13) тіркеу іс-қимылдары – тіркеу пунктерінің ақпараттық жүйеге өзгерістер енгізе отырып, машиналарды тіркеуді, уақытша тіркеуді, қайта тіркеуді, есептен шығаруды жүзеге асыруға байланысты қызметі;
14) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жасалған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның меншік құқығын және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші)) көрсетеді.
5. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Машиналарды тіркеу іс-қимылдары туралы мәліметтер жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тіркеу құжаттарын бергенге дейін ақпараттық жүйеге енгізіледі, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды тіркеудің электрондық тізілімі қалыптасады.
7. Машиналарды иеленушілер машиналар өздерінің меншiгіне (иелігіне) түскен, өздерінің меншiгiнен (иелiгінен) шығарылған не машиналарды тiркеу (қайта тіркеу), тіркеу (қайта тiркеу) немесе тіркеу есебінен алу қажеттігіне әкеп соқтыратын міндеттемелер туындаған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн iшiнде машиналарды тiркеу (қайта тiркеу) немесе тіркеуден шығару үшiн осы Қағидаларда белгіленген iс-қимылдарды жасайды.
8. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген, басқа тiлдерде толтырылған құжаттар тiркеу іс-қимылдарын жүргiзу үшiн мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiне аударылған және бiр тiлден екiншi тiлге аударманың дұрыстығын нотариустың не аударманың дұрыстығын куәландыру жөніндегі іс-қимылдарды жасауға құқығы бар басқа лауазымды адамның қолымен расталған күйінде ұсынылады.
9. Машиналарды тіркеу (қайта тіркеу) үшін берілген құжаттар:
1) олардың толтырылған күнін;
2) олардың толтырылған орнын;
3) машина туралы мәліметтерді (маркасы, моделі, шығарылған жылы, машинаның зауыттық нөмірлері);
4) өкілеттілігі мөрмен расталатын уәкілетті адамдардың (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда) қолын қамтиды.
10. Қазақстан Республикасына әкелiнетін, шетелдік тауар болып табылатын машиналар кедендiк декларациялаудан және кедендік тазартудан өткеннен кейiн тiркеледi.
Қазақстан Республикасына әкелiнетін, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) тауары болып табылатын машиналар кедендiк декларациялаудан және кедендік тазартудан өтпестен тiркеледi.
2-тарау. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тіркеу және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1-параграф. Машиналарды тiркеу
11. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін тіркеу орнына (көрсетілетін қызметті берушіге) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық нысанда не тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне қағаз түрінде Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Өтінішті қағаз түрінде тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) арқылы берген кезде:
1) тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын өтініштің көшірмесінде көрсете отырып, құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы белгімен өтініштің қабылданғанын растайды және тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына жібереді;
2) тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы құжаттарды қарастырады және тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысына (бұдан әрі – инженер-инспектор) орындау үшін жібереді.
3) инженер-инспектор тіркеу іс-қимылдарын жүргізеді және деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және қол қою үшін тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына жолдайды;
4) тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкеріне жолдайды;
5) тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу құжатын (телнұсқасын) және (немесе) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап береді;
Өтінішті портал арқылы электрондық түрде берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі;
2) инженер-инспектор портал арқылы келіп түскен құжаттарды қарастырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және қол қою үшін тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беру уақыты мен орнын көрсете отырып, тіркеу құжатының (телнұсқаның) және (немесе) нөмірлік белгілердің дайын болғаны туралы хабарлама не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап жібереді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Портал мен ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тіркеу іс-қимылы және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және машиналарға арналған нөмірлік белгіні беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) ақпараттық жүйе операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор еркін нысанда техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған тіркеу пунктіне (көрсетілетін қызметті берушіге) қол қойдырады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі ‒ Министрлік) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Министрлік және тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Тіркелген машиналарға тіркеу пункті (көрсетілетін қызмет беруші) "Механикалық көлік құралдарының жекелеген түрлеріне және олардың тіркемелеріне арналған жарықты шағылыстыратын жабыны бар мемлекеттік тіркеу белгілері" 1176-2010 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандарт талаптарына сәйкес дайындалған тиісті үлгідегі техникалық паспорттар мен нөмірлік белгі береді. Бір машинаға бір нөмірлік белгі беріледі.
Бұл ретте техникалық паспорттар бланкілерінің сериясында және нөмірлік белгілерде қолданылатын Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының латын транскрипциясындағы әріптік белгілерінің тізбесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданылады.
Тіркеу құжаттары мен машиналардың нөмірлік белгілерінің жұмсалуы сериялар мен олардың цифрлы нөмірлерінің өсу тәртібімен ақпараттық жүйеде жүргізіледі.
Келіп түсетін және шығарылатын нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың саны осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың келіп түсуін және берілуін есепке алу журналында көрсетіледі.
Нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың келіп түсуін және берілуін есепке алу журналы, сондай-ақ тіркеу құжаттарының бланкілері мен нөмірлік белгілер машинаның тіркелген орны бойынша сақталады.
Толтыру кезінде бүлінген тіркеу құжаттарының бланкілері, одан әрі пайдалануға жарамсыз нөмірлік белгілер оларды қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын құралдармен және тәсілдермен кәдеге жаратылады, ол туралы тиісті актілер жасалады.
Нөмірлік белгілерді қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттеуді тіркеу пункті (көрсетілген қызметті беруші) жүргізеді.
17. Тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) нөмірлік белгіні бермей берген тіркеу құжаты машинаны жол қозғалысына қатысуға рұқсатсыз пайдалануға рұқсат етілгенін растайды.
Машинаның техникалық көрсеткіштері Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде, машинаны тіркеу машинаға нөмірлік белгіні және тіркеу құжатын бере отырып жүзеге асырылады.
Машинаға арналған тіркеу құжаты және нөмірлік белгі машинаның жол қозғалысына қатысуына рұқсат етілгенін растайды. Мемлекеттік тіркеу тек Қазақстан Республикасының аумағында жүрген машиналарға қатысты жүзеге асырылады.
Бұл ретте тіркеу пункті (көрсетілген қызметті беруші) беретін тіркеу құжаты инженер-инспектордың қолымен және мөрмен куәландырылады, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу құжатын, сондай-ақ нөмірлік белгіні алғаны туралы ақпарат ақпараттық жүйеге енгізіледі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Кепілге берілген немесе өзге де ауыртпалық салынған машиналарға қатысты тіркеу іс-қимылдары тіркеу пункті (көрсетілген қызметті беруші) кепіл ұстаушының немесе пайдасына тиісті ауыртпалық түрі берілген өзге де адамның мұндай тіркеу іс-қимылдарын жасауға жазбаша келісімі алынғаннан кейін жүргізіледі.
19. Тіркелген машиналарға жасалған тіркеу іс-қимылдары және олардың меншік иелері туралы анықтама мен басқа да жазбаша ақпарат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдардың;
2) машиналар иелерінің жазбаша сұранымы негізінде беріледі.
20. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың атына машиналарды тіркеу жалпы негіздерде жүргізіледі.
21. Жасаушы кәсiпорындардан, машина жөндеу зауыттарынан, мемлекеттік кіріс органдары мен сауда ұйымдарынан машиналарды тiркеу орнына өз жүрiсiмен жеткiзiлген, сондай-ақ тұрғылықты жерiнің немесе меншiк құқығының өзгеруiне байланысты тiркеушi органда тіркеуден алынған машиналарға тиiсінше жасаушы кәсiпорындар, машина жөндеу зауыттары, мемлекеттік кіріс органдары, сауда ұйымдары бір рет пайдалану үшін "Транзит" нөмірлік белгілерін бередi.
22. Машиналарды тiркеу кезiнде "Транзит" нөмірлік белгілері алынады және машиналарды тiркеу үшiн негiз болған құжаттарға тiгiледi, ал оларды жоғалтқан жағдайда, мән-жайларды түсіндіре отырып, жоғалған жері мен уақыты туралы құжат ұсынылады.
23. Тіркеу құжаты және (немесе) нөмірлік белгі жоғалған, бүлінген, қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда тіркеу пункті (көрсетілген қызметті беруші) тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгі береді.
24. Машиналарды тіркеу есебінен алынған тіркеу құжаттары мен нөмірлік белгілер жоғалған жағдайда, тіркеу пункті (көрсетілген қызметті беруші) машинаның бұрынғы тіркелген орны бойынша машиналардың тіркеу іс-қимылдары туралы мәліметтерді ақпараттық жүйе арқылы алады. Ағымдағы тіркеу бойынша ұқсас мән-жайлар болған кезде меншік иесінің түсініктемесі сұратылады және тиісті жазбалар енгізілетін ақпараттық жүйемен салыстырып тексеру жүргізіледі.
25. Тіркеу пунктіне (көрсетілген қызметті берушіге) келіп түскен, орнына телнұсқалары мен жаңа нөмірлік белгілер берілген табылған құжаттар машиналардың нөмірлік белгілері жарамсыз деп есептеледі және оларды қайта пайдаланылу мүмкіндігін болдырмайтын құралдармен және тәсілдермен кәдеге жаратылады, ол туралы тиісті актілер жасалады.
26. Машинаны меншiк иесi болып табылмайтын адамдар пайдаланатын жағдайда, тiркеу құжатындағы "ерекше белгiлер" деген бағанда машинаның иесi және машинаның пайдалануда болуы негізі (лизинг, жалға беру, мүліктік жалдау шарты) көрсетіледі.
27. Жасаушы зауыттардың, заңды тұлғаның жарғысы негiзiнде машиналар өткізуді жүзеге асыратын сауда немесе өзге де ұйымдардың өткізуге арналған және олардың жеке шаруашылық мақсаттарына пайдаланылмайтын машиналары мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
28. Машиналар жеке тұлғаларға тұрақты тұратын жері немесе уақытша тұру мерзіміне уақытша болу орны бойынша (тұрақты тiркелуi болмаған жағдайда) немесе тұрған жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында (жеке тұлға дара кәсiпкер ретiнде тіркелген жағдайда) тіркеледі, заңды тұлғаларға заңды мекенжайы бойынша, заңды тұлғалардың филиалдарына, заңды тұлғаның жазбаша рұқсатымен филиалдардың орналасқан жері бойынша тіркеледі.
29. Машиналарды мемлекеттік тіркеу жалға беру, лизинг, ипотека, қарыз шарттарына сәйкес олар сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге берілген тұлғаларға жүргізілетін жағдайда, оларға қатысты тіркеу іс-қимылдары осы келісімдерге қатысушының (қатысушылардың) жазбаша келісімімен жүргізіледі.
30. Тіркеу пунктінің (көрсетілген қызметті берушінің) қызметкерлерi тiркеу iс-қимылдарын жүргізген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар негiзiнде жеке тұлғалардың жеке басын анықтайды.
Жеке тұлға өкілінің өкілеттіктері нотариалды куәландырылған сенімхатпен, заңды тұлға өкілінің өкілеттіктері басшының қолымен және заңды тұлғаның (дара кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда) мөрімен куәландырылған сенімхатпен расталады. 14 пен 18 жас аралығындағы азаматтардың жеке басын анықтау олардың заңды өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған баланың туу туралы куәлігін электрондық не қағаз түрінде ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Тіркеу пункттері (көрсетілген қызметті берушілер) жасайтын тiркеу iс-қимылдары машиналарды тiркеу орны бойынша жүргiзiледi. Көрсетілген iс-қимылдарды өзге орында жүргiзу туралы шешiм машиналарды тіркеу орны (машинаның тіркелген орны) бойынша тіркеу пункттері (көрсетілген қызметті берушілер) мен тіркеу іс-қимылдарын жүргізу болжанатын орын (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген) бойынша тіркеу пункті (көрсетілген қызметті беруші) арасындағы келісім бойынша қабылданады.
Тіркеу пункті (көрсетілген қызметті беруші) тіркеу іс-қимылдарын жүргізу болжанатын орын бойынша ақпараттық жүйе арқылы машинаның бұрынғы тіркелген орны бойынша машиналардың тіркеу іс-қимылдары туралы қажетті мәліметтерді алады.
Машиналарды тіркеу орны бойынша ақпараттық жүйеден мәліметтер алынғаннан кейін тіркеу іс-қимылдарын жүргізу болжанатын орын бойынша тіркеу пунктінде (көрсетілетін қызметті берушіде) қажетті тіркеу іс-қимылдары жасалады.
32. Машиналарды мемлекеттік тiркеу немесе өзге де тіркеу іс- қимылдары меншік иелері болып табылмайтын тұлғалар үшін жүргiзiлген жағдайда, машина тіркелген тұлғаның иелігінен машинаның шығуы не көрсетілген тұлғаның машинаны одан әрі иелену құқығынан айрылуы меншік иесiнiң бастамасы бойынша тиiстi тiркеу iс-қимылдарын жүргiзу және кейiннен машинаны меншiк иесiнің атына тiркеу үшін негiз болып табылады.
33. Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен немесе республикадан тыс жерлерден 2 (екі айдан) астам мерзімге келген, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге, жалдау, қосалқы жалдау, өтеусіз пайдалану, лизинг, қосалқы лизинг, сенімгерлікпен басқару, қарыз шарттарына немесе машиналарды иелену және (немесе) пайдалану құқығын растайтын өзге де құжатқа сәйкес берілген машиналарды уақытша тіркеуді жүзеге асыру үшін көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеу орнына (көрсетілетін қызметті берушіге) ұсынады.
Машиналарды уақытша тіркеудің қолданылу мерзімдері Қазақстан Республикасының аумағына машиналарды уақытша әкелгенде мемлекеттік кірістер органдары беретін шарттарда не құжаттарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Машиналарды уақытша тіркеу кезінде инженер-инспектордың қолымен және мөрімен расталған машинаны уақытша тіркеу туралы анықтама беріледі және ол ақпараттық жүйеге енгізіледі.
2-параграф. Машиналарды қайта тіркеу
35. Машиналарды қайта тіркеу:
1) меншiк құқығы өзгерген;
2) машиналардың ортақ меншiк құқығы пайда болған, тоқтатылған және ортақ меншiк иелерінің құрамы өзгерген;
3) машина иеленушінің (иесінің) ерік білдіруі бойынша машина иеленушінің (иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген;
4) машина тіркелген адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегi өзгерген;
5) машинаны қайта жабдықтау немесе нөмірлік агрегаттарын ауыстыру, арнайы жабдық орнату және осыған ұқсас өзге де өзгерістер салдарларынан оның типі өзгерген жағдайларда жүргізіледі.
36. Машиналарды қайта тіркеуді жүзеге асыру үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеу орнына (көрсетілетін қызметті берушіге) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Машиналарды қайта тіркеу кезінде инженер-инспектор тіркеу құжатына және ақпараттық жүйеге тиісті жазбалар енгізеді. Тіркеу құжатындағы өзгерістер инженер-инспектордың қолымен және мөрімен куәландырылады.
38. Тораптарының және нөмірлік агрегаттарының нөмірленуінде тіркеу құжаттарымен алшақтықтары бар машиналарды қайта тіркеу тіркеу пункті (көрсетілген қызметті беруші) қабылдаған шешімнің негізінде жүргізіледі. Бұл жағдайда, машинаның тіркеу құжатының "Ерекше белгілер" деген бөліміне инженер-инспектор көрсетілген шешімнің деректемелерін енгізеді, оның куәландырылған көшірмесі тіркеу іс-қимылдарын жүргізу негізіне тігіледі. Көрсетілетін қызметті алушылар шешімдерді жоғалтқан жағдайда, олардың көшірмелері ұсынылады.
3-параграф. Машиналарды тіркеу есебінен алу
39. Машиналарды тіркеу есебінен алу:
1) машина тіркелген адамның тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген (егер, жаңа тұрғылықты жер (заңды мекенжай) машинаны тіркеген тіркеу пунктінің (көрсетілген қызметті берушінің) қызмет көрсету аумағынан тыс жерде орналасса);
2) машинаға меншік құқығы тоқтатылатын;
3) машина кәдеге жаратылатын (жарамсыз етілетін, есептен шығарылатын);
4) машина Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкетілетін жағдайларда жүргізіледі.
40. Кәдеге жаратуға (жөндеуге, есептен шығаруға) жататын машиналар көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеу орнына (көрсетілетін қызметті берушіге) ұсынған кезде тіркеуден алынады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Машиналарды тіркеу есебінен алған кезде инженер-инспектор тіркеу құжатына және ақпараттық жүйеге тиісті жазбалар енгізеді. Тіркеу есебінен алу мән-жайлары көрсетілген тіркеу құжатындағы жазба инженер-инспектордың қолымен және мөрімен куәландырылады.
42. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеулер салынған машиналар тіркеуден алынбайды, оларды тіркеуден алу салынған шектеулердің алынғанын куәландыратын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүргізіледі.
43. Сот шешімі негізінде мемлекет меншігіне берілетін машиналар тіркеу есебінен алынған жағдайларда, сот орындаушыларына, өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына осы Қағидаларда машиналар иелерінің өкілдері үшін көзделген талаптар қолданылады.
44. Нөмірлік агрегаттарының нөмірленуінде тіркеу құжаттарымен алшақтықтар бар машиналарды тіркеу есебінен алу тіркеу пункттері (көрсетілген қызметті берушілер) қабылдаған шешімдер (қорытындылар) негізінде жүргізіледі.
45. Егер, машиналар ортақ меншікте болса, тіркеу есебінен алу барлық меншік иелерінің жазбаша келісімі бойынша жүргізіледі.
46. Осы Қағидалардың 32-тармағында көзделген иеленушілердің іс-қимылдары жағдайларында, машиналар тіркеуден алынбайды.
47. Машиналарды тіркеу, тіркеуге (қайта тіркеуге) өзгерістер енгізу, тіркеуден алу, нөмірлік белгілерді, тіркеу құжаттарын беру немесе ауыстыру үшін негіз болған құжаттар ақпараттық жүйеге енгізіледі және үш жыл бойы сақталады.
3-тарау. Тіркеу пункттерінің (көрсетілетін қызметті берушінің) және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
48. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым тіркеу пункттері (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-қимыл жасалған жағдайда, тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) шағымды 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жібермейді.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:
тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.50. Тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпаратты алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Техникалық паспорт Технический паспорт
Техникалық паспорт
Технический паспорт
1. Жалпы мәліметтер
Общие сведения
1) Машинаның атауы және маркасы
Наименование и марка машины____________________________________
_______________________________________________________________
2) Шығарушы зауыт
завод-изготовитель_______________________________________________
3) Шығарылған айы және жылы
месяц и год изготовления_________________________________________
4) Машинаның зауыттық нөмірі
заводской номер машины_________________________________________
5) Қозғалтқыштың маркасы
марка двигателя_________________________________________________
6) Меншік иесі/меншік иесі болып табылмайтын иеленуші және мекенжайы:
(керек емесі сызылсын)
_______________________________________________________________
собственник/владелец, не являющийся собственником и адрес:
(ненужное зачеркнуть)
_______________________________________________________________
7) Присвоен номерной знак _________________ нөмірлік белгісі берілді.
8) Ерекше белгілер
особые отметки
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Техникалық паспорт
Технический паспорт выдан_______________________жылы (года) берілді.
__________________________________ _____________________________
(инженер-инспектор, инженер-инспектор) (қолы, подпись)
Мөр орны
Место печати
Сериясы
серия _________ № ______________
2. Машиналарды тіркеуге қабылдау және тіркеуден алу
Прием и снятие машин с регистрации
1) Снята с регистрации вследствие _________________________________
_______________________________________________________________
_________________________________салдарынан тіркеуден алынды.
"___" _______________жыл (год) ___________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
2) Принята на регистрацию ________________________________________
_______________________________________________________________
(жаңа меншік иесінің мекенжайы, адрес нового собственника)
_____________________________________________тіркеуге қабылданды
"___" ______________ жыл (год) _________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
3) Снята с регистрации вследствие _________________________________
_______________________________________________________________
_________________________________салдарынан тіркеуден алынды.
"___" ______________ жыл (год) _________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
4) Принята на регистрацию ________________________________________
_______________________________________________________________
(жаңа меншік иесінің мекенжайы, адрес нового собственника)
_____________________________________________тіркеуге қабылданды
"___" ______________ жыл (год) _________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
5) Снята с регистрации вследствие _________________________________
_______________________________________________________________
_________________________________салдарынан тіркеуден шығарылды.
"___" ______________ жыл (год) _________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
6) Принята на регистрацию ________________________________________
_______________________________________________________________
(жаңа меншік иесінің мекенжайы, адрес нового собственника)
_____________________________________________тіркеуге қабылданды
"___" _________________ жыл (год) _________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
Сериясы
серия _________ № ___________________
3. Нөмірлік белгінің өзгеруі
Изменение номерного знака
Нөмірлік белгінің берілген уақыты |
Белгінің сериясы мен нөмірі |
Инспектордың қолы және мөр |
4. Жөндеу және агрегаттарды ауыстыру туралы мәліметтер Сведения о ремонте и замене агрегатов
Жөндеудің жүргізілген уақыты |
Жөндеулердің, ауыстырылған агрегаттардың атауы және олардың нөмірлері |
Жөндеуге жауапты адамның қолы |
Сериясы
серия _________ № ____________
5. Техникалық жай-күйін қарап тексеру
Осмотры технического состояния
Күні |
Техникалық жай-күйі |
Пайдаланылуынан бастап қарап-тексеру сәтіне дейінгі жұмыс жасауы |
Инспектордың қолы |
Сериясы
серия _________ № ___________
"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінімдерін қабылдау: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) портал арқылы – 1 жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық кіші түрлері бойынша: |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Машиналарға арналған тіркеу құжатын (телнұсқасын) және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бұдан әрі – нөмірлік белгі) немесе машиналарды тіркеуден шығару туралы тіркеу құжатындағы белгі немесе машинаны уақытша тіркеу туралы анықтама беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік баждар мен алымдар мөлшері: |
7 | Мемлекеттік қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде: |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. |
(кімге)____________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың және
облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы)
(кімнен) азамат _____________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
туған жылы ________________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________________
(тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі)
төлқұжат (жеке куәлік) № ____________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________
Өтініш
__________________________________________________________________
________________________________________________________сұраймын.
Машинаның типі ______________________ маркасы _____________________
шығарылған жылы ________________________________
зауыттың нөмірі__________________ қозғалтқыштың маркасы ____________
нөмірлік белгісі ____________, техникалық паспорт нөмірі _______________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса ұсынамын:
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
20___ жылғы " " ____________
___________________________________________________________________
(меншік иесінің (иеленушінің) қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Инженер-инспектордың қызметтік белгілері:
Берілді: нөмірлік белгі ________________________________________________
техникалық паспорт сериясы ________ ______ № _________________________
20___ жылғы " " ____________
____________________________________________________________________
(инженер-инспектордың қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
2-нысан (заңды тұлғалар үшін) |
Кімге ____________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың
және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы)
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның мекенжайы)
бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________________________________
Өтініш
___________________________________________________________________
__________________________________________________________сұраймын.
Машинаның типі __________________ маркасы _________________________
шығарылған жылы ______________________________
зауыттың нөмірі_______________ қозғалтқыштың маркасы _______________
нөмірлік белгісі _________, техникалық паспорт нөмірі __________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса ұсынамын:
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
20___ жылғы " " ____________
__________________________________________________________________
(меншік иесінің (иеленушінің) қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Инженер-инспектордың қызметтік белгілері:
Берілді: нөмірлік белгі ______________________________________________
техникалық паспорт сериясы ________ ______ _________________________
20___ жылғы " " ____________
_________________________________________________________________
(инженер-инспектордың қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Машиналарды тіркеудің электрондық тізілімі Электронный реестр регистрации машин
Реттік сан № |
Машиналардың типі мен маркасы |
Шыққан (жасалған) жылы |
Машиналар туралы дерекетер |
Зауыттық нөмірі | |||
1 | 2 | 3 | 4 |
Меншік иесінің атауы немесе аты, әкесінің аты (бар болса), тегі. |
Техникалық паспорт берілді | |
Күні |
Сериясы, | |
5 | 6 | 7 |
Нөмірлік белгі берілді |
Меншік иесінің, машина иесінің өзгерістері, тіркеуден алу, нөмірлік белгілерді тапсыру, техникалық паспортты немесе нөмірлік белгіні ауыстыру туралы белгі |
Ескертпе | |
Күні |
Сериясы, нөмірі | ||
8 | 9 | 10 | 11 |
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 5-қосымша алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Машиналарды қарап-тексеру жөніндегі фотоматериалдарды ұсынуға арналған өлшемшарттар
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы және мекенжайы)
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 5-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы мен мекенжайын көрсету)
Сіздің машиналарды тіркеу шарттары туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы Қағидаларға
2-қосымшаға сәйкес көзделген мәліметтерді/құжаттар тізбесін, атап айтқанда:
1. ________________________________________;
2. ________________________________________;
3. ________________________________________
өтініште толық көрсетпеуіңізге/ұсынбауыңызға байланысты ________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі) мемлекеттік қызметін
көрсетуден бас тартады. Осы бас тарту әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
__________________________________________________________________
(тіркеуші орган қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі (қолы))
Алдым____________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20__ жылғы "___" _______
Беру уақыты мен орны көрсетіле отырып, тіркеу құжатының (телнұсқасының) және(немесе) нөмірлік белгінің дайын екендігі туралы хабарлама/ Уведомление о готовности регистрационного документа (дубликата) и (или) номерного знака, с указанием времени и места выдачи [Хабарлама мәтіні/Текст уведомления] [Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы] [қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі] ![]() | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Техникалық паспорттар бланкілерінің сериясында және мемлекеттік нөмірлік белгілерде қолданылатын Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының латын транскрипциясындағы әріптік белгілері тізбесі
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с | Өңірдің атауы | Әріптік белгі |
1. | Астана қаласы | Z |
2. | Алматы қаласы | A |
3. | Ақмола облысы | C |
4. | Ақтөбе облысы | D |
5. | Алматы облысы | B |
6. | Атырау облысы | E |
7. | Батыс Қазақстан облысы | L |
8. | Жамбыл облысы | H |
9. | Қарағанды облысы | M |
10. | Қостанай облысы | P |
11. | Қызылорда облысы | N |
12. | Маңғыстау облысы | R |
13. | Түркістан облысы | X |
14. | Павлодар облысы | S |
15. | Солтүстік Қазақстан облысы | T |
16. | Шығыс Қазақстан | F |
17. | Шымкент қаласы | Y |
18. | Абай облысы | G |
19. | Жетісу облысы | Q |
20. | Ұлытау облысы | W |
Нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың келіп түсуін және берілуін есепке алу журналы Журнал учета поступления и выдачи номерных знаков и технических паспортов
Келіп түсуі | |||
Күні |
Қайдан келіп түсті, жүкқұжаттың немесе ілеспе хаттың нөмірі |
Саны |
Сериясы мен нөмірлері |
1 | 2 | 3 | 4 |
Берілуі |
Ескертпе | |||||
Берілген күні |
Беру үшін негіз |
Кімге берілді (инспекцияның атауы, алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) |
Саны |
Сериясы мен нөмірлері |
Алғандығы туралы қолхат | |
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |