Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 545 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 491 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11744 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1022 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2015 № 801 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағының нысаны.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (А.А. Сарбасов):
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалалары бойынша еңбек инспекциясының жергілікті органдарының назарына жеткізуді;
      5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Мынадай:
      1) «Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 54-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 35 бірлескен бұйрығының (№ 6811 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2011 жылғы, № 4, 399 құжат);
      2) «Мемлекеттік еңбек инспекторларының жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 55-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 36 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (№ 6809 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2011 жылғы, № 4).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және           Ұлттық экономика министрінің
      әлеуметтік даму министрі        міндетін атқарушы
      ____________ Т. Дүйсенова       ______________ М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының Құқықтық
      статистика және арнайы есепке
      алу жөнiндегi комитетiнің төрағасы
      ___________________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 30 маусым

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және    
әлеуметтік даму министрінің 
2015 жылғы 30 маусымдағы № 545
және Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының    
2015 жылғы 30 маусымдағы № 491
бірлескен бұйрығына    
1–қосымша         

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 343 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11082 болып тіркелген) Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесіне сәйкес ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін әзірленді.
      2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел – қызметкердің өміріне немесе денсаулығына, оның еңбек міндеттерін атқару кезінде заңды мүдделеріне жұмыс берушінің қызметі нәтижесінде, оның ішінде жазатайым оқиғалардың нәтижесінде зиян келтіру ықтималдығы;
      2) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      3) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъекті қызметінің нәтижесіне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері.
      3. Ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады.

2. Объективті критерийлер

      4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу мынадай объективті критерийлерді ескере отырып жүзеге асырылады:
      1) жүзеге асырылатын қызметіне байланысты тексерілетін субъектінің қауіп деңгейі;
      2) жүзеге асырылатын қызмет процесіндегі зиянның ықтимал жағымсыз салдары ауырлығының ауқымы;
      3) адамның денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қолайсыз әсерін тигізу ықтималдығы.
      5. Объективті критерийлер бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне қызметкер саны 250 адамнан асатын, экономикалық қызметтің мынадай түрлеріндегі:
      адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтірудің жоғары ықтималдығымен жарақаттану қаупі бар мынадай экономикалық қызмет түрлерінде:
      тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру;
      құрылыс (құрылыс жобаларын әзірлеуді қоспағанда);
      электр энергиясын өндіру, өткізу және тарату;
      сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау (қалдықтарды жинауды, өңдеуді және жоюды; қалдықтарды жою, рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтерді қоспағанда);
      ауыл, орман және балық шаруашылығы;
      өңдеу өнеркәсібі (кемелер және жүзетін конструкциялар жасауды, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді қоспағанда);
      көлік және қоймалау (теңіз және жағалаудағы жолаушылар көлігін, такси қызметін, қойма шаруашылығын және қосалқы көлік қызметін, почта және курьер қызметін қоспағанда) қызметін жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер жатады.
      6. Объективті критерийлер бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне:
      1) қызметкерлер саны 250 адамнан асатын, осы Критерийлердің 5-тармағында көзделмеген экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметін жүзеге асыратын;
      2) қызметкерлер саны 250 адамнан аспайтын субъектілер жатпайды.

3. Субъективті критерийлер

      7. Ішінара тексерулер жүргізу үшін тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерді (объектілерді) бөлу және іріктеу субъективті критерийлер арқылы жүзеге асырылады.
      Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері қолданылады:
      1) алдыңғы тексерулердің нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, едәуір, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;
      2) өндірістегі жазатайым оқиғалардың материалдары;
      3) бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері.
      8. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде субъективті критерийлер мынадай үш топқа бөлінеді: өрескел, едәуір, болмашы.
      9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған критерийлердің үлес салмағы айқындалады.
      10. Өрескел дәреженің орындалмаған бір критерийі 100 көрсеткішіне теңестіріледі және субъект жоғары тәуекел дәрежесіне жатады.
      11. Егер өрескел критерийлер бойынша сәйкессіздік анықталмаса, онда тәуекел дәрежесін айқындау үшін едәуір және болмашы критерийлер бойынша жиынтық мағынасы есептеледі.
      Едәуір критерийлердің жиынтық көрсеткішін айқындау кезінде орындалмаған критерийлердің үлес салмағына 0,7 коэффициенті қолданылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
      Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
      мұндағы:
      Рз – едәуір критерийлер көрсеткіші;
      Р1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеру барысында қойылатын едәуір критерийлердің жалпы саны;
      Р2 – бұзылған едәуір критерийлердің саны.
      12. Болмашы критерийлер көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
      Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
      мұндағы:
      Рн – болмашы критерийлер көрсеткіші;
      Р1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеру барысында қойылатын болмашы критерийлердің жалпы саны;
      Р2 – бұзылған болмашы критерийлер саны.
      13. (УР) тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және барлық ақпарат көздері бойынша көрсеткіштерді жинақтау арқылы мынадай формула бойынша айқындалады:
      Р = Рз + Рн,
      мұнда:
      Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
      Рз – едәуір критерийлерді бұзу көрсеткіші;
      Рн – болмашы критерийлер көрсеткіші.
      14. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізілгеннен кейін, тексерілетін субъектілер тәуекелдің екі дәрежесі бойынша (тәуекелдің жоғары және жоғары дәрежесіне жатпайтын) бөлінеді.
      15. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект мыналарға жатады:
      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтын – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.
      16. Ішінара тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен аспайды.
      17. Ішінара тексерулер тиісті есептілік кезеңі басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
      18. Ішінара тексерулер жүргізу үшін кейінгі тізімдер ағымдағы кестенің ішінара тексерулерімен толық қамтылғаннан кейін жасалады.

Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасы саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне қосымша 

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері

Р/с

Еңбек заңнамасы саласындағы тәуекелдер критерийлері

Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың материалдары

1.

Өндірістегі еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиға

өрескел

2.

Кісі өлімімен аяқталған өндірістегі жазатайым оқиға

өрескел

3.

Ауыр аяқталған өндірістегі жазатайым оқиға

өрескел

4.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу

өрескел

5.

Өндірістегі жазатайым оқиға фактісін жасыру

өрескел

6.

Жеңіл аяқталған өндірістегі жазатайым оқиға (5-тен асатын факті)

едәуір

Алдыңғы тексеру нәтижелері
(ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді)

7.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді және есепке алуды жүргізу

өрескел

8.

Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы қамтамасыз ету

едәуір

9.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу

едәуір

10.

Қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру салаларының аттестаттауға жататын және қосалқы бөлімшелері бар (есептеу орталықтары, жөндеу шеберханалары, автогараж, монша-кір жуатын орындар, қазандықтар, қоймалар, медициналық кабинеттер және т.б. техникалық қызметтер) өндірістік емес ұйымдарда еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізу

едәуір

11.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің (маманның) болуы

едәуір

12.

Қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз ету

едәуір

13.

Қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, жуу және дезинфекциялау құралдарын, медициналық қобдиша беру

едәуір

14.

Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті өзге де құралдармен қамтамасыз ету

едәуір

15.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жүргізу

едәуір

16.

Міндетті медициналық қарап - тексеруді өткізу

едәуір

17.

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болуы

едәуір

18.

Қызметкерлерге демалыс беру

едәуір

19.

Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін сақтау

едәуір

20.

Жұмыс берушінің мүгедектерді жұмыспен қамту және кәсіби оңалту саласындағы міндеттерін сақтауы

едәуір

21.

Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асырудағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (өтініш не шағым түскен жағдайда тексеріледі)

едәуір

22.

Тәртіптік жаза қолдану

едәуір

23.

Ұжымдық шарт талаптарын орындау

едәуір

24.

Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету

едәуір

25.

Еңбек шарттарының болуы және олардың заңнама нормаларына сәйкес келуі

болмашы

26.

Жұмыс берушінің халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануы

болмашы

27.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-қонушыларды тарту

болмашы

28.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген ерекше шарттарды орындау

болмашы

29.

Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде жұмысқа орналастыру бойынша заңсыз қызмет

болмашы

30.

Еңбек қатынастарына қатысты жұмыс беруші қабылдаған актілердің заңдылығы

болмашы

31.

Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыру

Болмашы

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және    
әлеуметтік даму министрінің 
2015 жылғы 30 маусымдағы № 545
және Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының    
2015 жылғы 30 маусымдағы № 491
бірлескен бұйрығына    
2–қосымша         

Нысан

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы
мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акт _______________________________________
                                             (№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің БСН (ЖСН)___________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________


р/н

Талаптардың тізбесі

Қажет

Қажеті жоқ

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

Өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдарға қатысты

1.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу





2.

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болуы





3.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің (маманның) болуы





4.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді және есепке алуды жүргізу





5.

Қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз ету





6.

Қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, жуу және дезинфекциялау құралдарын, медициналық қобдиша беру





7.

Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті өзге де құралдармен қамтамасыз ету





8.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жүргізу





9.

Міндетті медициналық қарап - тексеруді өткізу





10.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-қонушыларды тарту





11.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген ерекше шарттарды орындау





12.

Жалақы мен өзге де төлемдердің толықтығы және уақтылылығы





13.

Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыру





14.

Ұжымдық шарттың талаптарын орындау





15.

Еңбек шарттарының болуы және олардың заңнама нормаларына сәйкес келуі





16.

Жұмыс беруші актілері ережелерінің заңнама нормаларына сәйкес келуін қамтамасыз ету





17.

Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін сақтау





18.

Қызметкерлерге демалыс беру





19.

Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету





20.

Тәртіптік жаза қолдану мерзімдері мен тәртібі





21.

Жұмыс берушінің халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы





22.

Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асыруда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (өтініштер не шағымдар болған жағдайда тексеріледі)





23.

Жұмыс берушінің мүгедектерді жұмыспен қамту және кәсіби оңалту саласындағы міндеттерді сақтауы





24.

Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде жұмысқа орналастыру бойынша заңсыз қызмет





Өндірістік емес саладағы (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану бойынша қызметтер) ұйымдарға қатысты

1.

Қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру салаларының аттестаттауға жататын және қосалқы бөлімшелері бар (есептеу орталықтары, жөндеу шеберханалары, автогараж, монша-кір жуатын орындар, қазандықтар, қоймалар, медициналық кабинеттер және т.б. техникалық қызметтер) өндірістік емес ұйымдарда еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізу





2.

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болуы





3.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің (маманның) болуы





4.

Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды жүргізу





5.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жүргізу





6.

Міндетті медициналық қарап - тексеруді өткізу





7.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-қонушыларды тарту





8.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген ерекше шарттарды орындау





9.

Жалақы мен өзге де төлемдердің толықтығы және уақтылылығы





10.

Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыру





11.

Ұжымдық шарттың талаптарын орындау





12.

Еңбек шарттарының болуы және олардың заңнама нормаларына сәйкес келуі





13.

Жұмыс беруші актілері ережелерінің заңнама нормаларына сәйкес келуін қамтамасыз ету





14.

Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін сақтау





15.

Қызметкерлерге демалыс беру





16.

Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету





17.

Тәртіптік жаза қолдану мерзімдері мен тәртібі





18.

Жұмыс берушінің халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы





19.

Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асыруда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (өтініштер не шағымдар болған жағдайда тексеріледі)





Қызметкерлері еңбек қызметін кеңсе үй-жайларында жүзеге асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарға қатысты

1.

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болуы





2.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-қонушыларды тарту





3.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген ерекше шарттарды орындау





4.

Жалақы мен өзге де төлемдердің толықтығы және уақтылылығы





5.

Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыру





6.

Ұжымдық шарттың талаптарын орындау





7.

Еңбек шарттарының болуы және олардың заңнама нормаларына сәйкес келуі





8.

Жұмыс беруші актілері ережелерінің

заңнама нормаларына сәйкес келуін

қамтамасыз ету





9.

Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін сақтау





10.

Қызметкерлерге демалыс беру





11.

Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету





12.

Тәртіптік жаза қолдану мерзімдері мен тәртібі





13.

Жұмыс берушінің халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы





14.

Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асыруда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (өтініштер не шағымдар болған жағдайда тексеріледі)





Лауазымды адам (дар)_________________________________________________
                     (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
                    _________________________________________________
                     (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы ____________________________________
                      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) лауазымы) (қолы)

Об утверждении Критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в области трудового законодательства Республики Казахстан

Совместный приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 545 и и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 491. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 24 июля 2015 года № 11744. Утратил силу совместным приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1022 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 801

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра здравоохранения и социального развития РК от 25.12.2015 № 1022 и Министра национальной экономики РК от 28.12.2015 № 801 (вводится в действие с 01.01.2016).

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 11, пунктом 3 статьи 13, пунктом 1 статьи 15 Закона Республики Казахстан «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан», ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) критерии оценки степени риска в области трудового законодательства Республики Казахстан, согласно приложению 1 к настоящему совместному приказу;
      2) форму проверочного листа в сфере государственного контроля в области трудового законодательства Республики Казахстан, согласно приложению 2 к настоящему совместному приказу.
      2. Комитету труда, социальной защиты и миграции Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан (Сарбасов А.А.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;
      4) доведение настоящего совместного приказа до сведения местных органов по инспекции труда областей, городов Астана и Алматы;
      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнений мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Признать утратившими силу:
      1) совместный приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 16 февраля 2011 года № 54-п и Министра экономического развития Республики Казахстан от 16 февраля 2011 года № 35 «Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6811, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2011 года, № 4, ст. 399);
      2) совместный приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 16 февраля 2011 года № 55-п и Министра экономического развития Республики Казахстан от 16 февраля 2011 года № 36 «Об утверждении формы проверочного листа при осуществлении государственного контроля государственными инспекторами труда в сфере частного предпринимательства» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6809, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2011 года, № 4, ст. 400).
      4. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Нурымбетова Б.Б.
      5. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
____________ Т. Дуйсенова

Исполняющий обязанности Министра национальной экономики
Республики Казахстан
______________ М. Кусаинов

      «СОГЛАСОВАН»
      Председатель Комитета по правовой
      статистике и специальным учетам
      Генеральной прокуратуры
      Республики Казахстан
      _____________________ С. Айтпаева
      30 июня 2015 год

Приложение 1       
к совместному приказу   
Министра здравоохранения  
и социального развития   
Республики Казахстан    
от 30 июня 2015 года № 545 
и Исполняющего обязанности 
Министра национальной   
экономики Республики Казахстан
от 30 июня 2015 года № 491 

Критерии оценки степени риска в области
трудового законодательства Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящие Критерии оценки степени риска в области трудового законодательства Республики Казахстан (далее - Критерии) разработаны в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан» и Методикой формирования государственными органами (за исключением Национального Банка Республики Казахстан) системы оценки рисков, утвержденной приказом и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 апреля 2015 г. № 343 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан № 11082) для отбора проверяемых субъектов при проведении выборочной проверки.
      2. В настоящих Критериях используются следующие понятия:
      1) риск - вероятность причинения вреда в результате деятельности работодателя жизни или здоровью работника, его законным интересам при исполнении им трудовых обязанностей, в том числе в результате несчастных случаев;
      2) объективные критерии оценки степени риска (далее – объективные критерии) – критерии оценки степени риска, используемые для отбора проверяемых субъектов в зависимости от степени риска в определенной сфере деятельности и не зависящие непосредственно от отдельного проверяемого субъекта;
      3) проверяемые субъекты - физические лица, юридические лица, в том числе государственные органы, филиалы и представительства юридических лиц, за деятельностью которых осуществляются контроль и надзор;
      4) субъективные критерии оценки степени риска (далее – субъективные критерии) – критерии оценки степени риска, используемые для отбора проверяемых субъектов в зависимости от результатов деятельности конкретного проверяемого субъекта.
      3. Критерии оценки степени риска для выборочных проверок формируются посредством объективных и субъективных критериев.

2. Объективные критерии

      4. Отнесение проверяемых субъектов к степени риска осуществляется с учетом следующих объективных критериев:
      1) уровень опасности проверяемого субъекта в зависимости от осуществляемой деятельности;
      2) масштабов тяжести возможных негативных последствий вреда в процессе осуществляемой деятельности;
      3) возможности неблагоприятного воздействия на здоровье человека, законные интересы физических и юридических лиц, государства.
      5. По объективным критериям к высокой степени риска относятся проверяемые субъекты с численностью работников более 250 человек, осуществляющие деятельность в следующих видах экономической деятельности:
      осуществляющие деятельность в следующих травмоопасных видах экономической деятельности, с высокой вероятностью причинения вреда жизни или здоровью человека, законным интересам физических лиц:
      горнодобывающая промышленность и разработка карьеров;
      строительство (за исключением разработки строительных проектов);
      производство, передача и распределение электроэнергии;
      водоснабжение, канализационная система, контроль над сбором и распределением отходов (за исключением сбора, обработки и удаления отходов; утилизации отходов, рекультивации и прочих услуг в области удаления отходов);
      сельское, лесное и рыбное хозяйство;
      обрабатывающая промышленность (за исключением строительства, ремонта и технического обслуживания кораблей и плавучих конструкций);
      транспорт и складирование (за исключением морского и прибрежного пассажирского транспорта, деятельности такси, складского хозяйства и вспомогательной транспортной деятельности, почтовой и курьерской деятельности).
      6. Не относятся к высокой степени риска по объективным критериям субъекты:
      1) с численностью работников более 250 человек, осуществляющие деятельность по видам экономической деятельности, не предусмотренных пунктом 5 настоящих Критериев;
      2) с численностью работников не более 250 человек.

3. Субъективные критерии

      7. Распределение и отбор проверяемых субъектов (объектов), отнесенных к высокой степени риска, для проведения выборочных проверок осуществляется посредством субъективных критериев.
      Для оценки степени рисков используются следующие источники информации:
      1) результаты предыдущих проверок. При этом, степень тяжести нарушений (грубое, значительное, незначительное) устанавливается в случае несоблюдения требований законодательства, отраженных в проверочных листах;
      2) материалы несчастных случаев на производстве;
      3) результаты иных форм контроля.
      8. На основании имеющихся источников информации субъективные критерии подразделяются на три группы: грубые, значительные, незначительные.
      9. При расчете показателя степени риска определяется удельный вес невыполненных критериев.
      10. Один невыполненный критерий грубой степени приравнивается к показателю 100, и субъект относится к высокой степени риска.
      11. Если по грубым критериям несоответствие не выявлено, то для определения степени риска рассчитывается суммарное значение по значительным и незначительным критериям.
      При определении суммарного показателя значительных критериев к удельному весу невыполненных критериев применяется коэффициент 0,7, и рассчитывается по формуле: Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7 где:
      Рз – показатель значительных критериев;
      Р1 – общее количество значительных критериев, предъявленных к проверке проверяемому субъекту (объекту);
      Р2 – количество нарушенных значительных критериев.
      12. При определении показателя незначительных критериев применяется коэффициент 0,3, и данный показатель рассчитывается по следующей формуле:
      Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
      где:
      Рн – показатель незначительных критериев;
      Р1 – общее количество незначительных критериев, предъявленных к проверке проверяемому субъекту (объекту);
      Р2 – количество нарушенных незначительных критериев.
      13. Общий показатель степени риска (УР) рассчитывается по шкале от 0 до 100 и определяется путем суммирования показателей по всем информационным источникам по следующей формуле:
      Р = Рз + Рн
      где:
      Р – общий показатель степени риска;
      Рз – показатель нарушений значительных критериев;
      Рн – показатель незначительных критериев.
      14. После проведения анализа всех возможных рисков, проверяемые субъекты распределяются по двум степеням риска (высокая и не отнесенная к высокой степени риска).
      15. По показателям степени риска проверяемый субъект относится:
      1) к высокой степени риска – при показателе степени риска от 60 до 100 и в отношении него проводится выборочная проверка;
      2) к не отнесенной к высокой степени риска – при показателе степени риска от 0 до 60 и в отношении него не проводится выборочная проверка.
      16. Кратность проведения выборочной проверки не может быть чаще одного раза в год.
      17. Выборочные проверки проводятся на основании списков выборочных проверок, формируемых на полугодие по результатам проводимого анализа и оценки, которые направляются в уполномоченный орган по правовой статистике и специальным учетам в срок не позднее, чем за пятнадцать календарных дней до начала соответствующего отчетного периода.
      18. Последующие списки для проведения выборочных проверок составляются после полного охвата выборочными проверками текущего графика.

Приложение      
к Критериям оценки степени
риска в области трудового
законодательства   
Республики Казахстан 

          Субъективные критерии оценки степени риска

№ п/п

Критерии рисков в области трудового законодательства

Показатели степени риска

Материалы несчастных случаев на производстве

1.

Групповой несчастный случай, связанный с трудовой деятельностью на производстве

Грубый

2.

Несчастный случай на производстве со смертельным исходом

Грубый

3.

Несчастный случай на производстве с тяжелым исходом

Грубый

4.

Необеспечение расследования несчастных случаев на производстве

Грубый

5.

Сокрытие факта несчастного случая на производстве

Грубый

6.

Несчастный случай на производстве с легким исходом (более 5 фактов)

Значительный

Результаты предыдущих проверок
(степень тяжести устанавливается при несоблюдении нижеперечисленных требований)

7.

Проведение расследования и учета несчастных случаев на производстве

Грубый

8.

Обеспечение полноты и своевременности выплаты заработной платы и иных выплат

Значительный

9.

Проведение аттестации производственных объектов по условиям труда

Значительный

10.

Проведение аттестации по условиям труда в непроизводственных организациях сферы услуг, здравоохранения, образования, подлежащих аттестации и у которых имеются вспомогательные подразделения (вычислительные центры, ремонтно-мастерские, автогараж, банно-прачечные, котельные, склады, медицинские кабинеты и др. технические службы)

Значительный

11.

Наличие службы (специалиста) по безопасности и охране труда

Значительный

12.

Обеспечение работников средствами индивидуальной и коллективной защиты, специальной одеждой

Значительный

13.

Выдача работникам молока, лечебно-профилактического питания, моющих и дезинфицирующих средств, медицинской аптечки

Значительный

14.

Создание условий безопасности труда, а также обеспеченность работников рабочим местом, оборудованным в соответствии с требованиями безопасности и охраны труда, оборудованием, инструментами, технической документацией и иными средствами, необходимыми для исполнения трудовых обязанностей

Значительный

15.

Проведение обучения, инструктирования и проверки знаний по безопасности и охране труда

Значительный

16.

Проведение обязательных медицинских осмотров

Значительный

17.

Наличие договора обязательного страхования работника от несчастных случаев при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей

Значительный

18.

Предоставление работникам отпусков

Значительный

19.

Соблюдение режима рабочего времени и времени отдыха

Значительный

20.

Соблюдение работодателем обязанностей в сфере занятости и профессиональной реабилитации инвалидов

Значительный

21.

Обеспечение равных возможностей в реализации прав и свобод в сфере труда (проверяется в случае наличия обращений либо жалоб)

Значительный

22.

Применение дисциплинарного взыскания

Значительный

23.

Выполнение условий коллективного договора

Значительный

24.

Обеспечение трудовых прав отдельных категорий работников

Значительный

25.

Наличие трудовых договоров и их соответствие нормам законодательства

Незначительный

26.

Применение работодателем законодательства Республики Казахстан о занятости населения

Незначительный

27.

Привлечение иностранной рабочей силы и трудовых иммигрантов в соответствии с законодательством Республики Казахстан

Незначительный

28.

Выполнение особых условий, указанных в разрешении на привлечение иностранной рабочей силы

Незначительный

29.

Незаконная деятельность по трудоустройству граждан Республики Казахстан за границей

Незначительный

30.

Законность принятых актов работодателя, касающихся трудовых отношений

Незначительный

31.

Осуществление гарантий и компенсационных выплат

Незначительный

Приложение 2       
к совместному приказу   
Министра здравоохранения  
и социального развития   
Республики Казахстан    
от 30 июня 2015 года № 545 
и Исполняющего обязанности 
Министра национальной   
экономики Республики Казахстан
от 30 июня 2015 года № 491 

Форма           

      Проверочный лист в сфере государственного контроля
  в области трудового законодательства Республики Казахстан

Государственный орган, назначивший проверку
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Акт о назначении проверки ___________________________________________
_____________________________________________________________________
                             (№, дата)
Наименование проверяемого субъекта __________________________________
_____________________________________________________________________
БИН (ИИН) проверяемого субъекта _____________________________________
_____________________________________________________________________
Адрес местонахождения _______________________________________________


п/п

Перечень требований

Требуется

Не требуется

Соответствует требованиям

Не соответствует требованиям

В отношении организаций, занимающихся выпуском и изготовлением продукции, разработкой, добычей и переработкой полезных ископаемых, строительством и другими видами производственной деятельности

1.

Проведение аттестации производственных объектов по условиям труда





2.

Наличие договора обязательного страхования работника от несчастных случаев при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей





3.

Наличие службы (специалиста) по безопасности и охране труда





4.

Проведение расследования и учета несчастных случаев на производстве





5.

Обеспечение работников средствами индивидуальной и коллективной защиты, специальной одеждой





6.

Выдача работникам молока, лечебно-профилактического питания, моющих и дезинфицирующих средств, медицинской аптечки





7.

Создание условий безопасности труда, а также обеспеченность работников рабочим местом, оборудованным в соответствии с требованиями безопасности и охраны труда, оборудованием, инструментами, технической документацией и иными средствами, необходимыми для исполнения трудовых обязанностей





8.

Проведение обучения, инструктирования и проверки знаний по безопасности и охране труда





9.

Проведение обязательных медицинских осмотров





10.

Привлечение иностранной рабочей силы и трудовых иммигрантов в соответствии с законодательством Республики Казахстан





11.

Выполнение особых условий, указанных в разрешении на привлечение иностранной рабочей силы





12.

Полнота и своевременность выплаты заработной платы и иных выплат





13.

Осуществление гарантий и компенсационных выплат





14.

Выполнение условий коллективного договора





15.

Наличие трудовых договоров и их соответствие нормам законодательства





16.

Обеспечение соответствия положений актов работодателя нормам законодательства





17.

Соблюдение режима рабочего времени и времени отдыха





18.

Предоставление работникам отпусков





19.

Обеспечение трудовых прав отдельных категорий работников





20.

Сроки и порядок применения дисциплинарных взысканий





21.

Соблюдение работодателем законодательства Республики Казахстан о занятости населения





22.

Обеспечение равных возможностей в реализации прав и свобод в сфере труда
(проверяется в случае наличия обращений либо жалоб)





23.

Соблюдение работодателем обязанностей в сфере занятости и профессиональной реабилитации инвалидов





24.

Незаконная деятельность по трудоустройству граждан Республики Казахстан за границей





В отношении организаций непроизводственной сферы (здравоохранение, образование, культура, социальное обеспечение, торговля, услуги по проживанию и питанию)

1.

Проведение аттестации по условиям труда в непроизводственных организациях сферы услуг, здравоохранения, образования, подлежащих аттестации и у которых имеются вспомогательные подразделения (вычислительные центры, ремонтно-мастерские, автогараж, банно-прачечные, котельные, склады, медицинские кабинеты и др. технические службы)





2.

Наличие договора обязательного страхования работника от несчастных случаев при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей





3.

Наличие службы (специалиста) по безопасности и охране труда





4.

Проведение расследования и учета несчастных случаев, связанных с трудовой деятельностью





5.

Проведение обучения, инструктирования и проверки знаний по безопасности и охране труда.





6.

Проведение обязательных медицинских осмотров





7.

Привлечение иностранной рабочей силы и трудовых иммигрантов в соответствии с законодательством Республики Казахстан





8.

Выполнение особых условий, указанных в разрешении на привлечение иностранной рабочей силы





9.

Полнота и своевременность выплаты заработной платы и иных выплат





10.

Осуществление гарантий и компенсационных выплат





11.

Выполнение условий коллективного договора





12.

Наличие трудовых договоров и их соответствие нормам законодательства





13.

Обеспечение соответствия положений актов работодателя нормам законодательства





14.

Соблюдение режима рабочего времени и времени отдыха





15.

Предоставление работникам отпусков





16.

Обеспечение трудовых прав отдельных категорий работников





17.

Сроки и порядок применения дисциплинарных взысканий





18.

Соблюдение работодателем законодательства Республики Казахстан о занятости населения





19.

Обеспечение равных возможностей в реализации прав и свобод в сфере труда (проверяется в случае наличия обращений либо жалоб)





В отношении организаций непроизводственной сферы, работники
которых осуществляют трудовую деятельность в офисных помещениях

1.

Наличие договора обязательного страхования работника от несчастных случаев при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей





2.

Привлечение иностранной рабочей силы и трудовых иммигрантов в соответствии с законодательством Республики Казахстан





3.

Выполнение особых условий, указанных в разрешении на привлечение иностранной рабочей силы





4.

Полнота и своевременность выплаты заработной платы и иных выплат





5.

Осуществление гарантий и компенсационных выплат





6.

Выполнение условий коллективного договора





7.

Наличие трудовых договоров и их соответствие нормам законодательства





8.

Обеспечение соответствия положений актов работодателя нормам законодательства





9.

Соблюдение режима рабочего времени и времени отдыха





10.

Предоставление работникам отпусков





11.

Обеспечение трудовых прав отдельных категорий работников





12.

Сроки и порядок применения дисциплинарных взысканий





13.

Соблюдение работодателем законодательства Республики Казахстан о занятости населения





14.

Обеспечение равных возможностей в реализации прав и свобод в сфере труда
(проверяется в случае наличия обращений либо жалоб)





Должностное (ные) лицо (а) __________________________________________
                      (должность) (подпись) (Ф.И.О. (при его наличии)
_____________________________________________________________________
           (должность) (подпись) (Ф.И.О. (при его наличии)
Руководитель
проверяемого субъекта________________________________________________
                      (Ф.И.О. (при его наличии), должность) (подпись)