Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.08.2017 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 1 шілдедегі № 01-38.14 дсп бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 593 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11535 тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрілігінің Регламентінде:
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Бюджет кодексінің және "Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының талаптарына сәйкес Министр бекітетін Ішкі бақылау департаменті (бұдан әрі – ІБД) жұмыс жоспарларын қоспағанда, қызметіне тікелей Министр жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарларын олардың басшылары бекітеді."
56-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"56. Сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі құжаттар (сақтау мерзімі 75 жыл, тұрақты, ЭПҚ белгісі бар құжаттардан басқа) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттардың электрондық нысанында ғана қабылданады және жолданады.
Шығыс хат-хабарларына қол қою өкілеттігі:
Оның өз өкілеттігі шеңберінде Жауапты хатшымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберілетін құжаттарға Министр немесе Министрдің міндетін атқару ресми жүктелген тұлға қол қояды;
орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, республика және шетелдердің ұйымдарына жіберілетін құжаттарға өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша жауапты хатшы немесе вице-министр қол қояды;
Министрліктің қарамағындағы ұйымдарға жіберілетін құжаттарға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарға жауапты хатшы, вице-министрлермен, комитет төрағаларымен қол қояды;
Ведомстваларға жіберілетін құжаттарға немесе оның аймақтық және құрылымдық бөлімшелердің басшылары немесе оның орнын алмастыратын тұлға қол қояды.".
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрдің міндетін атқарушы | А. Рау |