"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экономика министрінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 594 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1 қыркүйекте № 11984 болып тіркелді

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:
      5-тармақтың 9-тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын, ал орысша мәтіні өзгеріссіз қалады:
      «9) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор акцияларының мемлекеттiк пакетiн беру;»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) опера және балет өнерін дамыту үшін құрылған, жалпы ауданы 60 000 шаршы метрден кем емес ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды және өзге мүлікті қамтитын кешендер түріндегі театрларды беру жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізде жүзеге асырылады.»;
      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы Қағидалардың 5-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда, объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру объектіні сенімгерлік басқаруға беру өтінімі (бұдан әрі – өтінім) негізінде жүзеге асырылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика
      министрі                                            Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 7 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады