Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 9-2/702 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 қыркүйекте № 12024 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 321 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.10.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрінің


міндетін атқарушы

С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрінің

      міндетін атқарушы

      _____________ Р. Жақыпов


      2015 жылғы 30 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрінің

      міндетін атқарушы

      ___________ Ұ. Қарабалин


      2015 жылғы 31 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 9-2/702 бұйрығымен
бекітілген

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны

      _______ қаласы № ___ 20__ жылғы "___"_____ ______ сериясы_____

      Бiрлесiп Тараптар, ал жеке Тарап деп аталатын, бұдан әрi "Сақтандырушы" деп аталатын, ___________________ атынан ___________ негiзiнде әрекет ететiн ________________ бiр тараптан және "Сақтанушы" деп аталатын, ___________ атынан ____________ негiзiнде әрекет ететiн _____________________________________________________ екiншi тараптан Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексi (ерекше бөлім) және "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының (бұдан әрi - Заң) негiзiнде төмендегi туралы осы Мiндеттi сақтандыру шартын (бұдан әрi - Шарт) жасасты:

1. Терминдер мен айқындамалар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) астықтан түсетін болжамды кіріс - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 316 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілерінің тізімінде № 4707 болып тіркелген) бекітілген Егістіктің жойылған алаңын анықтау әдістемесіне сәйкес комиссия айқындайтын кіріс;

      2) бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) - бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;

      3) егістіктің толық жойылуы - одан әрі өсіруге және астық жинауға арналған шығындар астықтан түсетін болжамды кірістен асып түсетін, егістікке қолайсыз табиғат құбылысы әсерінің салдары;

      4) егістіктің ішінара жойылуы - өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрін өндірудің бір гектарынан түсетін бағалау немесе нақты кірісі міндетті сақтандыру шартын жасау сәтінде белгіленген өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрін өндірудің бір гектарына арналған шығындар нормативінің мөлшерінен аз болатын егістікке қолайсыз табиғат құбылысы әсерінің салдары;

      5) қолайсыз табиғат құбылысы фактісі бойынша тексеру актісі (бұдан әрі - тексеру актісі) - Заңның 5-бабы 2-тармағының 12-5) тармақшасымен белгіленген нысан бойынша қолайсыз табиғат құбылысының (құбылыстарының) әсері мен егістіктің ішінара немесе толық жойылуы арасындағы себеп-тергеулік байланысты растайтын құжат;

      6) қолайсыз табиғат құбылысы - нәтижесінде өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жойылған немесе бүлінген табиғат құбылысы (ұзақ мерзiмдi - құрғақшылық, үсіп кету, жылудың жетiспеуi, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, су тапшылығы, аңызақ; қысқа мерзiмдi - бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсік шалу, қатты жел, сел);

      7) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру объектісі - сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушының шығынын ішінара немесе толық өтеуге байланысты Сақтанушының мөлшері Заңға сәйкес белгіленетін мүліктік мүдделері;

      8) өсімдік шаруашылығы - өсімдік шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді - жеке және заңды тұлғаларды қамтитын ауыл шаруашылығы саласы өндірістерінің кешені;

      9) өсімдік шаруашылығының өнімі - ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәнді, майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) өңдеу процесінде алынған өнім;

      10) пайда алушы - пайдасына шарт жасалған Сақтандырушы немесе өзге тұлға;

      11) Сақтандырушы - Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 122 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актілерінің тізімінде № 4731 болып тіркелген) сәйкес белгіленген тәртіппен өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге адамға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;

      12) Сақтанушы - өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Сақтандырушымен міндетті сақтандыру шартын жасасқан адам;

      13) сақтандыру сомасы - міндетті сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде осы шарт бойынша Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

      14) сақтандыру сыйлықақысы Сақтанушы міндетті сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде Сақтандырушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтандырушы Сақтанушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;

      15) сақтандыру жағдайы - басталуына орай міндетті сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға.

2. Шарттың мәнi

      2. Осы Шарт бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушының мөлшерi Заңға сәйкес айқындалатын шығынын iшiнара немесе толық өтеуге байланысты Сақтанушының мүлiктiк мүдделерiн Сақтандырушы сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етедi.

      3. Осы Шарттың әрекетi ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерде өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерiн өсiру және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн сақтау жөнiндегi қызметке қолданылмайды.

      4. Сақтандырушы қолайсыз табиғат құбылысынан өзге себептер бойынша туындаған Сақтандырушының шығынын сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етпейдi.

3. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi

      5. Сақтандыру сомасының мөлшерi Сақтанушы өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерiн өсiру жөнiндегi шығындарды жүзеге асыратын барлық алаңға көбейтiлген, бiр гектарға арналған шығындар нормативiне сәйкес өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң әрбiр түрi бойынша белгiленедi.

      6. Осы Шарт бойынша сақтандыру сомасы осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымшаға сәйкес өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының есебі бойынша ________________________________ (____________________________________) теңге мөлшерiнде белгiленедi.

      7. Сақтандыру сомасының мөлшерiнен тыс залалды және/немесе зиянды өтеудi Сақтанушы өз есебiнен жүзеге асырады.

      8. Осы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы __________________ (________________________________) теңгенi құрайды және осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымшаға сәйкес мерзiмде және тәртiппен айқындалады.

      9. Сақтанушы Шартта белгiленген сақтандыру сыйлықақысын бiр уақытта төлеу шарты бойынша оны төлемеген жағдайда мiндеттi сақтандыру шарты жасалмаған деп саналады.

      10. Осы Шартта белгiленген сақтандыру сыйлықақысын бөлiп төлеу шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының кезектi сомасы уақтылы төленбеген кезде Сақтанушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде Сақтандырушыға тұрақсыздық айыбын төлейдi.

      11. Егер сақтандыру жағдайы кезектi сақтандыру сыйлықақысын төлегенге дейiн не төлем уақыты өтiп кеткенде туындаса, Сақтандырушы сақтандыру төлемiн азайта отырып, төленбеген сақтандыру сыйлықақысын есепке алуға құқылы.

4. Сақтандыру жағдайлары

      12. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiндегi сақтандыру жағдайларына тексеру актісінде тіркелген қолайсыз табиғат құбылыстары немесе олардың жиынтығы нәтижесiнде Сақтанушыға залал келтiрiлген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң жойылуы немесе бүлiнуi жатады.

      13. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ келтiрiлген залалды Сақтанушы айғақтайды.

5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      14. Сақтандырушы:

      1) сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушымен және бағалаушымен (тәуелсiз сарапшымен) бiрлесiп, қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң нақты және (немесе) бағалау кiрiсiн айқындау жөнiнде жұмыс жүргiзуге;

      2) құзыреттi ұйымдардан сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн растайтын құжаттарды сұратуға;

      3) сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау үшiн қатыстырылған жағдайда бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) есеп-қисаптарын пайдалануға;

      4) бағалау кiрiсiн дербес немесе бағалаушыны (тәуелсiз сарапшыны) қатыстыра отырып айқындауға;

      5) Сақтанушы міндетті сақтандыру шартын жасасудың Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген мерзімін бұзған жағдайда, бұл шартты жасасудан бас тартуға құқылы.

      15. Сақтандырушы:

      1) Сақтанушыны өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру қағидасымен таныстыруға;

      2) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

      3) қолайсыз табиғат құбылысы басталған кезде қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алаңдарды айқындау жөнiнде тексеру жүргiзу үшiн Сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы құрған комиссияның құрамына өз өкiлiн жiберуге;

      4) соның салдарынан Сақтанушы шығынға ұшыраған сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушы өндiретiн өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша Заңда және осы Шартта белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүргiзуге;

      5) өзi тартатын бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) қызметтерiне ақы төлеуге мiндеттi.

      16. Сондай-ақ Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде және осы Шартта көзделген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.

      17. Сақтандырушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiрудiң агротехнологиясын сақтау жөнiнде талаптар қоюға құқығы жоқ.

      18. Сақтанушы:

      1) осы Шартта белгiленген мерзiмде сақтандыру төлемiн алуға;

      2) Сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру талаптарын, осы Шарт бойынша өз құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;

      3) келтiрiлген залал туралы жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерiмен танысуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртiппен Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту туралы шешiмi бойынша дауласуға;

      5) қолайсыз табиғат құбылысына ұшыраған егiстiк алаңында өсiрiлген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрiнен алынған нақты немесе бағалау кiрiсiн бағалау нәтижесiмен келiспеген жағдайда сотқа жүгiнуге;

      6) Шарт жасасу кезiнде сақтандыру сомасын есептеу үшiн шығындар нормативтерiнiң бiр түрiн таңдауға құқылы.

      19. Сақтанушы:

      1) әрбiр жеке ауыспалы егiс даласында өзiнiң мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруға;

      2) Шартта белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

      3) сақтандыру жағдайынан келтiрiлген залалды азайтуға шаралар қабылдауға;

      4) дереу, бiрақ сақтандыру жағдайының басталуына алып келуi мүмкiн қолайсыз табиғат құбылысының болу фактiсi туралы өзiне мәлiм болғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл туралы Сақтандырушыны қол жетiмдi тәсiлмен (ауызша, жазбаша) хабарландыруға. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша расталуға тиiс. Егер Сақтанушының көрсетiлген iс-қимылды дәлелдi себептермен орындауға мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжат түрiнде растауға тиiс;

      5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған егістік алқаптарының көлемін айқындау үшін комиссия құру туралы өтiнiш беруге:

      қысқа мерзiмдi құбылыс кезiнде - оның басталған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде;

      ұзақ мерзiмдi құбылыс кезiнде - гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасы болған кезде егiстiкке оның әсер етуi анықталғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде;

      6) Сақтандырушыға сақтандыру мәнiне қатысты жасалған немесе жасалатын барлық сақтандыру шарттары туралы хабарлауға;

      7) Сақтандырушының және бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) өкiлдерiне қолайсыз табиғат құбылысы болған аумақты қарау үшiн жағдай жасауға, жинау жұмыстары аяқталғанға дейiн олардың егiстiктер мен көшеттердiң жай-күйiн бақылауына кедергi келтiрмеуге;

      8) Сақтандырушыға сақтандыру төлемiн алу үшiн қажеттi барлық құжаттарды ұсынуға мiндеттi.

      20. Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде және осы Шартта көзделген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.

6. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау және оны жүзеге асыру тәртiбi

      21. Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау Заңға және осы Шартқа сәйкес жүргізіледі:

      1) егiстер iшiнара жойылған жағдайда, қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптардан жиналған өнiмнiң көлемi өнiмдi жинау кезiнде мiндеттi түрде бағалануға тиiс.

      Бұл ретте кiрiс мынадай тәртiппен есептеледi:

      егер алынған өнiм сатылса, нақтылы кiрiс арқылы, яғни оны алуға қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен, өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғаннан кейiн есептелiп шығарылатындай болуы мүмкiн;

      егер алынған өнiм сатылмаса, Кiрiс бағаланатындай, яғни оны алуға қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен, өнiм жиналғаннан кейiн және өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғанға дейiн есептелiп шығарылатындай болуы мүмкiн. Бағалау кiрiсiн Сақтандырушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша Сақтанушы айқындайды. Келiсiмге келмеген жағдайда бағалау кiрiсiн бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) айқындайды. Тараптар бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, өзгеше дәлелдеуге құқылы;

      егер алынған өнiм iшiнара сатылса, осы тармақшаның екінші абзацына сәйкес, ал өнiмнiң сатылмаған бөлiгiне кiрiс осы тармақшаның үшінші абзацына сәйкес есептеледi.

      Залал көлемi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарына жұмсалған шығындар нормативiнiң мөлшерi мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқапта өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарынан алынған, қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен өнiмнiң осы түрiн өндiру алқабына көбейтiлген кiрiс арасындағы оң айырмашылық ретiнде белгiленедi.

      Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi iшiнара ысырап болған жағдайда сақтандыру төлемi өнiм жинау аяқталған күннен бастап кемiнде бiр айдан соң, бiрақ үш айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады;

      2) егiстер толық жойылған жағдайда, залал көлемi табиғат құбылысы әсер еткен өнiмнiң осы түрiн өндiру алқабына көбейтiлген, өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарына жұмсалған шығындар нормативiнiң мөлшерi ретiнде белгiленедi.

      22. Сақтанушы сақтандыру төлемi туралы талапты Сақтандырушыға мынадай құжаттармен қоса сақтандыру төлемiн жүзеге асыру туралы өтiнiш түрiнде жазбаша нысанда бередi:

      мiндеттi сақтандыру шартының көшiрмесi;

      егiстiктiң орналасу картасының (схемасының) көшiрмесi;

      "Гидрометеорология қызметi органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасының үлгi нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шарауашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 9-2/156 (Нормативтiк құқықтық актілерінің тізімінде № 11178 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасы;

      Сақтанушының ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына қолайсыз құбылыстың әсерiне ұшыраған алқаптарының көлемін айқындау жөнiндегi комиссия құру туралы өтiнiшiнiң осы өтiнiштiң қабылданғаны туралы белгiсi бар көшiрмесi;

      сондай-ақ егiстiк iшiнара жойылған жағдайда Сақтандырушы кiрiстiң алынғанын растайтын құжаттарды ұсынады, атап айтқанда:

      өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн сатып алу-сату шарттарының көшiрмелерi;

      шот-фактуралардың көшiрмелерi, тауар-көлiк жүк қағазы;

      Сақтанушының немесе тәуелсіз сарапшының кiрiсiн бағалау актiсi.

      23. Құжаттарды қабылдаған Сақтандырушы құжаттардың толық тізбесі мен олардың қабылданған күні көрсетілген анықтаманы екі данада жасауға міндетті. Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, өтініш берушінің алу туралы белгісі бар екінші данасы Сақтандырушыда қалады.

      24. Сақтанушы шарттың 22-тармағында көзделген құжаттарды бермеген кезде Сақтандырушы шұғыл, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, Сақтанушыны жетпейтін құжаттар туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

      25. Егiстiк толық жойылған жағдайда Сақтандырушы бағалау кiрiсiн айқындауды жүргiзбейдi.

      26. Егістер толық жойылған жағдайда, Сақтандырушы осы Шарттың 22-тармағында көзделген құжаттарды Сақтандырушы алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде Сақтанушыға толық көлемде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндетті.

      27. Егер сақтандыру жағдайы осы Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде болса, сақтандыру төлемi жүргiзiледi.

      28. _________________________ Шарт бойынша пайда алушы болып табылады. Пайда алушының деректемелерін Сақтанушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініште көрсетеді.

      29. Осы Шарт бойынша сақтандыру сомасы толық төленген кезде осы Шарттың қолданылуы тоқтатылады.

      30. Сақтандыру төлемiнен бас тарту туралы шешiмдi Сақтандырушы қабылдайды және Сақтанушыға осы Шарттың 22-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар ұсынылған күннен бастап жетi күнтiзбелiк күн iшiнде бас тарту себептерiнiң уәжделген негiздемесiмен бiрге жазбаша нысанда хабарланады.

7. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату

      31. Егер сақтандыру жағдайы:

      1) қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекетi;

      2) Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекетi салдарынан болса, Сақтандырушы сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.

      32. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн, сондай-ақ мыналар да негiздеме болуы мүмкiн:

      1) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлауы;

      2) Сақтанушының сақтандыру жағдайынан келтiрiлген залалды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қабылдамауы;

      3) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеруге және оған келтiрілген залалдың мөлшерiн белгiлеуге кедергi жасауы;

      4) егер Сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы бiлгенi не Сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы оның сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпегенi дәлелденбесе, Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарланбауы;

      5) осы Шарттың 19-тармағының 5) тармақшасында белгiленген мерзiмдi бұза отырып, қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алаңдардың мөлшерiн айқындау жөнiнде комиссия құру туралы жергiлiктi атқарушы органға өтiнiш беру;

      6) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

8. Форс-мажорлық жағдайлар

      33. Егер дүлей апаттарды, әскери iс-қимылды, ядролық жарылыстың әсерiн, көтерiлiстердi, халықтық толқуларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құқықтық кесiмдерiнде көзделген тыйым салу шараларын қоса алғанда, еңсерiлмейтiн күш салдарынан тиiстi орындау мүмкiн болмаса, егер осы мән-жайлар Тараптардың осы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындауына тiкелей әсер етсе, Тараптар осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн iшiнара немесе толық орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады.

      34. Еңсерiлмейтiн күш мән-жайлары салдарынан осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудың мүмкiндiгi болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнiнен кешiктiрмей екiншi Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етуге және тиiстi айғақтар ұсынуға мiндеттi.

      35. 31-тармақта көрсетiлген мән-жайларды құзыреттi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар растауға тиiс.

      36. Тиiсiнше хабарламау Тарапты осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босататын негiздеме ретiнде жоғарыда көрсетiлген кез келген мән-жайға сүйену құқығынан айырады.

      37. Егер еңсерiлмейтiн күш мән-жайлары бiр айдан астам жалғасатын болса, Тараптардың кез келгенi осы Шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.

9. Сақтандыру шартының қолданылу мерзiмi және орны

      38. Осы Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап күшiне енедi және Тараптар үшiн мiндеттi болады әрі 20__ жылғы "__" _____ дейін қолданылады.

      39. Егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше көзделмесе, сақтандыру сыйлықақысы осы Шартта көзделгендей бөлiп төленген жағдайда, Шарт бiрiншi сақтандыру жарнасы түскен сәттен бастап күшiне енедi.

      40. Сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңi Шарттың қолдану мерзiмiмен сәйкес келедi.

      41. Осы Шартқа сәйкес Шарттың қолданылу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылады.

10. Сақтандыру шартын тоқтату негiздерi

      42. Осы Шарттың қолданылуы мынадай:

      1) осы Шарттың қолдану мерзiмi аяқталған;

      2) Шарттың қолдану мерзiмi iшiнде орын алған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемi жүзеге асырылған жағдайларда тоқтатылады.

      43. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда Шарт мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.

11. Тараптардың жауапкершiлiгi

      44. Тараптар өздерiнiң осы Шарт бойынша қабылданған мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайда Тараптарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген жауапкершiлiк жүктеледi.

12. Шарт талаптарына өзгерiстер енгiзу тәртiбi

      45. Шарт талаптарына өзгерiстер енгiзуге осы Шарт Тараптарының бұл туралы жазбаша келiсiмге қол қоюы жолымен ғана рұқсат етiледi.

13. Дауларды шешу тәртiбi

      46. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру жөнiндегi қатынастардан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.

14. Қосымша талаптар

      47. Осы Шартқа қосымша, өзгерiстер мен толықтырулар оның ажырамас бөлiгi болып табылады және егер олар жазбаша нысанда жасалған әрi оларға екi Тарап қол қойған жағдайда ғана олардың заңды күшi болады.

      48. Тараптардың ешқайсысының осы Шарттың талаптарынан туындайтын өз құқықтары мен мiндеттерiн бұған екiншi тараптың жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа беруге құқығы жоқ.

      49. Осы Шарттың талаптарымен көзделмеген қалған өзара қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасымен реттеледi.

      50. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшiн бiр данадан, әрқайсысының бiрдей заңды күшi бар екі данада жасалды.

15. Тараптардың деректемелерi

      "САҚТАНДЫРУШЫ" "САҚТАНУШЫ"

      Атауы: ___________________ Атауы: ____________________

      Мекенжайы: ______________ Мекенжайы: _______________

      БСН _____________________ БСН ______________________

      ЖСК ____________________ ЖСК _____________________

      БСК _____________________ БСК ______________________

      Экономика секторының коды Экономика секторының коды

      _________________________ __________________________

      _______________________ __________________________

      (Т.А.Ә., қолы) (Т.А.Ә., қолы)

      Mөр орны Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  Өсiмдiк шаруашылығындағы
мiндеттi сақтандыру шартының
үлгi нысанына қосымша

20___жылғы "___" _______ _______ облысы ____________ ауданының
_______ табиғи-климаттық аймағы бойынша ____________________
_____________ жасалған № ___ (ауыл шаруашылығы тауар
өндiрушiсiнiң атауы) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi
сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы мен сақтандыру
сыйлықақысының есебi

Егiстiктердi орналастыру карта-схемасына сәйкес егiстiк нөмiрi

Жалпы алаңы, (гектар)

Бос алаң, га (егiлмеген, оның iшiнде парлар)

Нақты егiлген алаң, (гектар)

Өсімдік шаруашылығы өнімнің түрлері

1 гектарға арналған норматив шығыны

Сақтандыру сомасы (теңге)

Сақтандыру тарифі (%)

Сақтандыру сыйлықақысы

барлығы

түрлерi бойынша

түрі

теңге



































      Шығындар нормативінің түрлерінің бірі бойынша:

      1) ғылыми негізделген агротехнология;

      2) оңайлатылған агротехнология;

      3) шығындардың үш түрі бойынша: жанар-жағар май материалдары; тұқым; жалақы арқылы.

      Сақтандыру сыйлықақысын бiр жолғы төлеу осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап ____ банктiк күннен кешiктiрмей жүргiзiледi.

      Сақтандыру сыйлықақысын бөлiп төлеу мынадай мерзiмде жүргiзiледi:

      1-жарна ____ осы Шартқа қол қойылған күннен бастап ____ күн iшiнде _______(____) теңге мөлшерiнде сақтандыру сыйлықақысының ___ %-ы;

      2-жарна _______ 20 ____ жылғы "___" _____ дейiн _____ (_______) теңге мөлшерiнде сақтандыру сыйлықақысының ___ %-ы.

      Сақтандырушы _____________ Сақтанушы ________________________

      (қолы, мөрi) (қолы, мөрi (заңды тұлғалар үшін))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады