Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 599 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қыркүйекте № 12070 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрі

      _____________ В. Школьник

      2015 жылғы "____" ________



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 7 тамыздағы
№ 599 бұйрығымен
бекітілген

Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен
жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу
және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты
қайтару қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заң) 28-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес әзірленді және сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) есепті кезең – тұтынылған жылу энергиясының есепке алынатын және тұтынушыға ақы төлеу үшін ұсынылатын уақыт кезеңі;

      2) жылыту жүктемесі – уақыт бірлігі ішінде жылу тұтынатын қондырғы қабылдайтын жылу энергиясының мөлшері;

      3) жылытуға жылу энергиясын тұтынудың есептік нормасы – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10313 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларына (бұдан әрі – Үлгі қағидалар) сәйкес жылыту кезеңінде пәтер алаңының бір шаршы метрін жылытуға жылу энергиясын жылыту кезеңінде тұтыну нормасы (Гкал/м2);

      4) жылу энергиясының шығысын есепке алу нүктесі – коммерциялық есепке алу аспабының көмегімен немесе ол болмаған кезде есептеу әдісімен жылу энергиясының шығысы анықталатын жылумен жабдықтау схемасының нүктесі;

      5) температуралық кесте – энергия беруші ұйым жасаған және жергілікті атқарушы орган келіскен тұтынушының есепке алу торабында сыртқы ауаның температурасына қарай жылу тасымалдағыш температурасының өзгеру кестесі;

      6) тұрғын үй-жай (пәтер) – тұрғын үйдің тұрғын алаңын да, тұруға жатпайтын алаңын да қоса алғанда, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке үй-жай;

      7) тұрғын емес үй-жай – ортақ мүлік болып табылатын тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) бөліктерін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және т.б.) жеке үй-жай;

      8) тұтынушы – электр және (немесе) жылу энергиясын шарттың негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.

2. Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен
жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта
есептеу тәртібі

      3. Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі (бұдан әрі – ОЖЖ) жылу энергиясын тұтынушыларды қосу технологиясымен және жылу тасымалдағыш көлігінің температуралық режимдерімен ерекшеленеді:

      1) жылумен жабдықтау жүйелерінен ыстық суды тікелей тартатын су ОЖЖ - ашық жүйелер;

      2) жергілікті (үй ішінде) немесе орталық (үйлердің тобына) жылу пункттерінде орналасатын ыстық сумен жабдықтаудың жылу алмастырғыштары бар су ОЖЖ – жабық жүйелер;

      3) орталық жылу пункттерінде бу-су жылу алмастырғыштары арқылы су жылу желілерін қоса отырып, бу ОЖЖ.

      Бұл ретте су ОЖЖ жылыту мен ыстық сумен жабдықтау

      (бұдан әрі – ЫСЖ) қажеттіліктеріне жылу энергиясын біріктіріп екі құбырлы жүйе арқылы жіберу қағидаты бойынша жұмыс істейді. Жылу қабылдағыштардың жылыту және желдетпе жүйелерінде үй-жайлар ішіндегі температураны реттейтін жеке автоматты құрылғылары болмаған жағдайда, сыртқы ауаның температурасына қарай жылыту жүктемесі бойынша жылу тасымалдағыштың температурасын реттеу қолданылады.

      4. Жылуды жылытуға және ЫСЖ-ға біріктіріп жіберген кезде беруші құбыржолдағы желілік судың температурасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес:

      жылумен жабдықтаудың жабық жүйелері үшін – кем дегенде 700С;

      жылумен жабдықтаудың ашық жүйелері үшін – кем дегенде 600С деңгейінде айқындалды.

      5. Жылыту жөнінде көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу кезінде беруші құбыржолдағы судың температурасы температуралық кесте өзгерісінің нүктесінен сыртқы ауа температурасының көтерілу жағына қарай жылумен жабдықтаудың жабық жүйелері үшін – 700С және ашық жүйелері үшін – 600С тұрақты тең қолданылады.

      6. Жылумен жабдықтаудың ашық жүйелеріндегі жылу энергиясының шығысын есептеу нүктесіндегі ЫСЖ-да су температурасының реттегіштері болмаған жағдайда, практикада ЫСЖ-да пайдаланылатын беруші құбыржолдағы желілік су температурасының қайнамау шарттары бойынша ең жоғары мүмкіндігіне қол жеткізу кезінде температуралық кестені мәжбүрлі өзгерту қолданылады. Жылыту жөнінде көрсетілетін қызметті қайта есептеу кезінде беруші құбыржолдағы желілік судың осы температурасы 950С тең болып қолданылады.

      7. Сыртқы ауаның температурасы ұзақ уақыт – бес тәуліктен астам төмен болған кезде (беруші құбыржолдағы 950С сәйкес келетін сыртқы ауаның температурасынан бастап) ЫСЖ жүйесін қайтарушы құбыржолға қосу ұсынылады.

      8. Есепті кезеңдегі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу кезінде барлық жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты орташа тәуліктік температурасы ескеріледі.

      9. Жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8887 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 284-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесін (бұдан әрі – Есептеу әдістемесі) қолдануды ескере отырып, жылу энергиясын өндіруге арналған тарифтің отындық құрамдасы бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша айқындалады:


Р = Zотын / Q x (Qесеп.к.норма – Qесеп.к.нақты) (теңге/м2) (1),

      мұндағы:


Р – жылытуға арналған жылу энергиясын тұтыну нормалары бойынша қайта есептеу жүргізілетін, есепке алу аспаптары жоқ барлық тұтынушылар үшін айқындалатын тұрғын және тұрғын емес үй-жай алаңының 1 м2 үшін қайта есептеу сомасы;

      Zотынзаңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жылу энергиясын өндіруге арналған тарифте ескерілген, жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға ақы төлеуге ұсынылатын отын шығындары;

      көп қабатты тұрғын үйлердің (КҚҮ) тұтынушылары үшін -

      Zотын = Z өндірушінің отын х 1,2;

      заңды тұлғалар және өзге де тұтынушылар үшін -

      Zотын = Z өндірушінің отын х 1,5;

      Q – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жылу энергиясын өндіруге арналған тарифте ескерілген энергия өндіруші ұйымның коллекторларынан жіберілетін жылу энергиясының көлемі (Гкал);

      Qесеп.к.нормаҮлгі қағидаларға сәйкес есептік жолмен айқындалған тұрғын және тұрғын емес үй-жай алаңының 1 м2 жылытуға есепті кезеңдегі жылу энергиясының есептік үлес шығысы (жылу энергиясын тұтыну нормасы) (Гкал/м2);

      Qесеп.к.нақтыҮлгі қағидаларға сәйкес есептік жолмен айқындалған тұрғын және тұрғын емес үй-жай алаңының 1 м2 жылытуға есепті кезеңдегі жылу энергиясының нақты үлестік шығысы.

      Табиғи монополия субъектісінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері және өзге қызмет бойынша шығындардың, кірістер мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебі болмаған жағдайда, қайта есептеу жылу энергиясының тарифі бойынша мынадай формула бойынша жүргізіледі:


Р = Тж.э. х (Qесеп.к.норма – Qесеп.кнақты) (теңге/м2) (2),

      мұндағы

      Тж.э. – Есептеу әдістемесін қолдануды ескере отырып, үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясының тарифі (теңге/Гкал).

      10. Тұрғын және тұрғын емес үй-жай алаңының 1 м2 жылытуға есепті кезеңдегі жылу энергиясының нақты шығысы (Qесеп.к.нақты) мынадай формула бойынша есептеледі:

      Qесеп.кнақты=Qоп есепнорма x (tiорт.нақты - tcорт.нақты)

      /(tiорт.есеп - tж.)х nнақты/nж(Гкал/м2) (3),

      мұндағы:

      Qесеп.к.нормаҮлгі қағидаларға сәйкес есептік жолмен айқындалған (Гкал/м2), жылыту кезеңіндегі жылытуға жылу энергиясын тұтынудың есептік нормасы (Гкал/м2);

      tcорт.нақты – есепті кезеңдегі сыртқы ауаның орташа өлшенген нақты температурасы (0С);

      tiорт.нақты – есепті кезеңдегі сыртқы ауаның орташа өлшенген нақты температурасы кезінде тұрғын және тұрғын емес үй-жай ішіндегі ауаның орташа өлшенген температурасы (0С);

      tiорт.есеп – осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес есептелетін жылыту кезеңіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жай ішіндегі ауаның орташа өлшенген есептік температурасы (0С);

      tж – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес айқындалатын есепті кезеңдегі сыртқы ауаның орташа есептік температурасы, (0С);

      nнақты – есепті кезеңдегі жылытуға жылу энергиясы тұтынылатын тәуліктердің нақты саны;

      nж – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес айқындалатын жылыту кезеңіндегі тәуліктердің жалпы саны.

      Қайта есептеу үшін жылыту кезеңінің басталуы мен аяқталуы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілетін мемлекеттік нормативтерге (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) сәйкес жылытуды жобалау үшін сыртқы ауаның есептік температурасы минус 300С дейін аудандарда сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы 80С және жылытуды жобалау үшін сыртқы ауаның есептік температурасы 300С төмен аудандарда – 100С кезінде қабылданады.

      11. Есепті кезеңдегі сыртқы ауаның орташа өлшенген нақты температурасын (tсорт.нақты) және есепті кезеңдегі сыртқы ауаның нақты температурасы кезінде тұрғын және тұрғын емес үй-жайдың ішіндегі ауаның орташа өлшенген температурасын (tіорт.нақты) есептеу үшін сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер нысаны толтырылады, онда:

      1-баған – есепті кезең айының күндері;

      2-баған – tснақты ("Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – РМК) деректері бойынша қабылданатын сыртқы ауаның нақты орташа тәуліктік температурасы;

      3-баған – q мәнін есептеу (жылытуды жобалау үшін сыртқы ауаның нақты орташа тәуліктік температурасы кезінде жылытуға жылу ағыны шамасының сыртқы ауаның есептік температурасы кезінде жылу ағынының шығысына қатысы (tж) мынадай формула бойынша айқындалады:

      q= (tінорм – tснақты) / (tінорм – tж) (4),

      мұндағы:

      tінорм – тұрғын ғимараттардың ішіндегі есептік температура сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес үй-жайдың ішіндегі оңтайлы температура бойынша қабылданады;

      tж – жылытуды жобалау үшін (неғұрлым суық бес күнде 0,92 қамтамасыз етіп) сыртқы ауаның есептік температурасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылданады;

      4-баған – q0,8 мәнін есептеу, мұнда 0,8 көрсеткіш дәрежесі тұрғын ғимараттардағы жылытқыш құралдардың жылу беру коэффициентін ескереді;

      5-баған – t1 мәнін есептеу – тұтынушының есепке алу торабындағы температуралық кесте бойынша айқындалған беруші құбыржолдағы желілік судың есептік ағымдағы температурасы.

      6-баған – tінақты мәнін есептеу (сыртқы ауаның нақты температурасы кезінде тұрғын және тұрғын емес үй-жай ішіндегі ауаның нақты орташа тәуліктік температурасы) әр тәулік үшін төмендегідей жүргізіледі:

      сыртқы ауа температурасының тұруы кезеңінде беруші құбыржолдағы есептік температураға сәйкес келетін сыртқы ауаның температурасынан төмен болған кезде (t1II), онда tінақты мәні жылумен жабдықтаудың ашық жүйелері үшін әр тәуілікке мынадай формула бойынша есептеледі:

      tінақты = tснақты + (tінорм – tснақты) х (t1II – tснақты) / (t1

      tс нақты) (оС) (5),

      мұндағы:

      t1II – жылыту температуралық кестені мәжбүрлі кеміту қолданылатын, ЫСЖ-ға пайдаланылатын беруші құбыржолдағы желілік судың температурасы, t1II =95оС;

      сыртқы ауа температурасының тұруы кезеңінде беруші құбыржолдағы есептік температураға сәйкес келетін сыртқы ауаның температурасынан жоғары болған кезде (t1I), онда tінақты әр тәуілікке мынадай формула бойынша есептеледі:

      tінақты = tс нақты + (tінорм – tс нақты) х (t1I – tс нақты) /

      (t1 – tс нақты) (оС) (6),

      мұндағы:

      t1I – жылыту температуралық кестені мәжбүрлі кеміту қолданылатын, ЫСЖ-ға пайдаланылатын беруші құбыржолдағы желілік судың температурасы, жылумен жабдықтаудың жабық жүйелері үшін t1I = 70оС, жылумен жабдықтаудың ашық жүйелері үшін t1I =60оС;

      сыртқы ауа температурасының қалған кезеңдерінде оның орташа айлық нормаланатыннан жоғары болуына не оған тең болуына қарамастан tі нақты мәні әр тәуілікке мынадай формула бойынша есептеледі:

      tі нақты = tі норма (оС) (7)

      12. Осы Қағидаларға 1-қосымшаның нысаны бойынша кестеде есептелген деректерге сүйене отырып, мыналар анықталады:

      1) есепті кезеңдегі сыртқы ауаның орташа өлшенген нақты температурасы (tсорт. нақты) мынадай формула бойынша:



      2) есепті кезеңдегі іштегі ауаның орташа өлшенген нақты температурасы (tіорт.нақты) мынадай формула бойынша:



      13. Жылыту кезеңінде тұрғын және тұрғын емес үй-жай ішіндегі ауаның орташа өлшенген есептік температурасын есептеу үшін (tіорт.нақты) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Көрсеткішті есептеу (tіорт.есеп), Температуралық кесте (t/t), ашық / жабық ОЖЖ" кестесі толтырылады, онда:

      1-баған – есептеуге қажетті жылыту кезеңінің көрсеткіштері мен айлардың атауы;

      2-баған – tсесеп (сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылданатын жылыту кезеңінің айлары бойынша сыртқы ауаның есептік орташа айлық температурасы және есептік көрсеткіштер tж, t1II, t1I);

      3-баған – q мәнін есептеу мынадай формула бойынша:

      q = (tінорм – tсесеп.) / (tінорм - tж) (10),

      мұндағы:

      tінорм – тұрғын ғимараттардың ішіндегі ауаның есептік температурасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылданады;

      tж – жылытуды жобалау үшін сыртқы ауаның есептік температурасы (неғұрлым суық бес күн) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылданады;

      4-баған – q0,8 мәнін есептеу;

      5-баған – t1 мәнін есептеу (жылыту кестесі бойынша беруші құбыржолдағы желілік судың ағымдағы температурасы (tсесеп.);

      6-баған – nесеп.(жылыту кезеңінің айлары бойынша тәуліктің есептік саны, оның ұзақтығы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылданады);

      7-баған – жылыту кезеңінің айлары бойынша (tіесептіктің) (nесептікке) көбейтіндісі,

      мұндағы

      tіесеп – жылыту кезеңінің айлары бойынша сыртқы ауаның есептік орташа айлық температурасы кезінде айқындалатын тұрғын және тұрғын емес үй-жай ішіндегі ішкі ауаның есептік орташа айлық температурасы (tіесеп).

      14. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Көрсеткішті есептеу (tіорт.есеп), Температуралық кесте (t/t), ашық / жабық ОЖЖ" кестесінде есептелген деректерге сүйене отырып жылыту кезеңіндегі іштегі ауаның орташа өлшенген есептік температурасы (tіорт.есеп) мынадай формула бойынша айқындалады:



      15. Қайта есептеу есепті кезеңге не күнтізбелік жылға жасалады, қайта есептеу үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кесте толтырылады.

3. Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен
жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу
нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару тәртібі

      16. Заңның 7-бабының 26) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тұтынушыларға тікелей не тұтынушының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге кейіннен ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтаруға міндетті.

      17. Өткен жылыту кезеңі ішінде жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету берілген шоттардағы төлем сомасын қайта есептеу шамасына төмендету жолымен жүргізіледі.

      18. Қайта есептеу нәтижесінде есептелген қаражатты қайтару тұтынушының жеке шотында көрсетіледі және аванс түрінде (сальдо) жеке жолда жазылады.

  Сыртқы ауаның нақты температурасын
ескере отырып, жылумен жабдықтау
бойынша көрсетілетін қызметтердің
құнын қайта есептеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      ________________________________________

      (есепті кезең)

      сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау

      бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу деректері

      Тұтынушы __________________________________________________

      Өнім беруші _______________________________________________

      Кесте

      Температуралық кесте (t1p/t2p), ашық / жабық ОЖЖ

Есепті кезең (ай, жыл)

Ай күндері

Tснақты

q

q0.8

t1

tінақты

1

2

3

4

5

6

1

х

х

х

х

х

2

х

х

х

х

х

3

х

х

х

х

х

31

х

х

х

х

х

Жиыны

х







х

tсорт.нақты

және tіорт.нақты. есебі

х







х

  Сыртқы ауаның нақты температурасын
ескере отырып, жылумен жабдықтау
бойынша көрсетілетін қызметтердің
құнын қайта есептеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Кесте

      Көрсеткішті есептеу (tіорт.есеп ), Температуралық кесте (t/t),

      ашық / жабық ОЖЖ

Атауы

tсесеп.

q

q0.8

t1

nесеп

tіесеп.х nесеп.

1

2

3

4

5

6

7

tж кезінде

to

х

х

х





t1II кезінде

х

х

х

х





t1I кезінде

х

х

х

х





қаңтар

х

х

х

х

х

х

ақпан

х

х

х

х

х

х

наурыз

х

х

х

х

х

х

сәуір

х

х

х

х

х

х

мамыр

х

х

х

х

х

х

қыркүйек

х

х

х

х

х

х

қазан

х

х

х

х

х

х

қараша

х

х

х

х

х

х

желтоқсан

х

х

х

х

х

х

Жиыны









х

х

tіорт.есеп. есебі











х


      Ескертпе: t1II кезінде және t1I кезінде tсесеп. айқындау беруші құбыржолдағы тиісті температураға жеткенге дейін іріктеу әдісімен жүргізіледі (t1).

  Сыртқы ауаның нақты температурасын
ескере отырып, жылумен жабдықтау
бойынша көрсетілетін қызметтердің
құнын қайта есептеу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      ________________________________________

      (есепті кезең)

      ішінде жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын

      қайта есептеу

      Тұтынушы________________________________________________

      Өнім беруші ____________________________________________

      Кесте

Кезең

Qоунорма, Гкал/ м2

Qоунақты, Гкал/ м2

Ауытқу (+ / -), Гкал/м2

Тарифтің отындық құрамдасы не жылу энергиясына тариф, теңге/ Гкал

Қайта есептеу (+ / -), теңге/м2

1

2

3

4

5

6

Жыл

х

х

х

х

х

қаңтар

х

х

х

х

х

ақпан

х

х

х

х

х

наурыз

х

х

х

х

х

сәуір

х

х

х

х

х

мамыр

х

х

х

х

х

қыркүйек

х

х

х

х

х

қазан

х

х

х

х

х

қараша

х

х

х

х

х

желтоқсан

х

х

х

х

х

Жиыны

х

х

х

х

х


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады