Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 306 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 қазанда № 12182 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данадағы көшірмесін қоса бере отырып, электрондық тасығышта осы бұйрықтың көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                 А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 1 қазандағы
№ 306 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.05.2016 № 148 бұйрығымен.
      2. «Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9923 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларында:
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) техникалық, санитарлық ережелерге және гигиеналық нормативтерге, пайдалану, өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес ғимараттарда, уақытша және бейімделген спорт ғимараттарында және мүгедектерге қолжетімді ғимараттарда;».
      3. «Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9992 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерінде:
      2-бөлімнің атауы орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.
      4. «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын түрлі дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының тізбесін және олардың қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 тіркелген, 2015 жылғы 26 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын олимпиада резервін даярлау орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
      17-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) спорттық нәтижелердің растамаларын (жарыс хаттамаларының көшірмесін).»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына сәйкес дене шынықтыру мен спортпен айналысатындардың статистикалық есебін жүргізу.».
      5. «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген, 2015 жылғы
5 ақпандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiппен:»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында:
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар берілген куәліктерді тіркеуді жүргізеді.»;
      26-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Куәлiк жоғалған жағдайда, спорт федерациясы бұл туралы куәлікті берген уәкiлеттi немесе жергілікті атқарушы органға хабарлайды және куәлiктiң телнұсқасын беру туралы осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.»;
      27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Спорт федерациясының атауы және (немесе) оның заңды мекенжайы өзгерген жағдайда, спорт федерациясы бұл туралы куәлік берген уәкiлеттi немесе жергілікті атқарушы органға хабарлайды және куәлiктi қайта ресімдеу туралы осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш береді.»;
      29-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) спорт федерациясының және (немесе) оның филиалдарының әрекетсіздігі (мәліметке уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінен және оның аумақтық органдарынан тиісінше мәліметтерге жылына бір реттен жиілетпей сұрау салады).»;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Куәлікті тоқтату мерзімі алты айдан аспайды.»;
      33-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) құқықтық мирасқорлықты қарастырмайтын қайта құру кезінде немесе спорт федерациясы таратылғанда.».
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органның куәлікті тоқтату, қайта жаңарту және қайтарып алу туралы шешімі уәкілетті органның тиісті бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның қаулысымен шығарылады.»;
      2-қосымша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесіне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің
өзгерістер енгізілетін
бұйрықтарының тізбесіне қосымша

Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

                                                             Нысан

                            

             Спорт федерациясын аккредиттeу туралы
                           КУӘЛIК
                                №

_____________________________________________________________________
   (дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның немесе
           жергілікті атқарушы органның атауы көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
    (мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы және заңды   
                             мекен жайы)
_____________________________________________________________________
   (Қазақстан Республикасы немесе облыс немесе республикалық маңызы
                  бар қала немесе астана көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
                  (спорт түрі (түрлері) көрсетіледі)
дамыту бойынша өкiлеттiктерi мен құқықтарын растайды.

Мөр орны _______ ___________________________________________________
         (қолы)   (уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы
                  органның басшысының тегi, аты, әкесінің аты)

Берілген күні:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады