Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі№ 489 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 қазанда № 12200 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1341 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 29.12.2022 № 1341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормалары бекітілсін.

      2. Бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларын іске асыру тиісті қаржы жылына бөлінген қаражат шегінде жүргізілсін.

      Арнайы автокөлік – банктермен және қазынашылық бөлімшелерімен жедел жұмысқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, жергілікті бюджеттерді атқаруға қызмет көрсетуге және республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпия мен таралуы шектелген қызметтік ақпарат болып табылатын мәліметтер бар қаржылық құжаттарды жеткізуге арналған жеңіл автомобиль.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Қ.Е. Баеділов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 489 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормалары

      Ескерту. Нормаға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 14.03.2019 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.09.2019 № 1028 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Р.с.

Атауы

Арнайы автокөліктің заттай нормалары

Жүру лимиті айына 1 а/м (км)

1

2

3

4

2

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті

1

2600

3

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаменті

2

2600

4

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті

2

2600

5

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаменті

1

2600

6

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті

2

2600

7

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті

1

2600

8

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Жамбыл облысы бойынша Қазынашылық департаменті

2

2600

9

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті

2

2600

10

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаменті

2

2600

11

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаменті

1

2600

12

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаменті

1

2600

13

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаменті

2

2600

14

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті

2

2600

15

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті

2

2600

16

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаменті

2

2600

17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы қаласы облысы бойынша Қазынашылық департаменті

2

2600

18

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазынашылық департаменті

2

2600

19

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаменті

2

2600


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады