Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 29.12.2022 № 1341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 489 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12200 тіркеліп, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларында:
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
18 | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазынашылық департаменті | 2 | 2600 |
". |
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |