"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1341 Бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 489 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12200 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 489 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 227 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18463 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 489 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 1028 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19413 болып тіркелген).