"Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 7-1/1041 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 желтоқсанда № 12395 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларында және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда:
      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «3. Ветеринариялық сертификаттың, ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық анықтаманың бланкілері мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, ветеринариялық сертификат қажет болған кезде ағылшын тілінде беріледі.
      Ветеринариялық құжаттың нөмірі мыналарды қамтитын әріптік және сандық символдардан (символдар дефис арқылы бөлінеді) тұрады:
      алдыңғы екі символ - ҚР литерлік коды (Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның - ISO кодына сәйкес келетін екіәріптік қысқарған атау);
      үшінші символ - облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды;
      төртінші-бесінші символдар - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;
      алтыншы-он бірінші символдар – құжаттың реттік нөмірі.
      Облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес енгізіледі.
      Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада берілген ветеринариялық құжаттарды нөмірлеген кезде төртінші-бесінші символдарда нөлдер көрсетіледі.
      Берілген ветеринариялық құжаттарды есепке алу қатаң есептілік құжаттарымен қатар жүргізіледі, ветеринариялық құжаттардың көшірмелері мен түбіртектері үш жыл ішінде сақталуға жатады.
      Қағаз бланкілерде ресімделген ветеринариялық құжаттар мәтінінде әр түрлі сиямен, қолмен, қаріппен толтыруға, сондай-ақ ветеринариялық құжат нысанында көзделген немесе басқа келісілген жағдайларда жүзеге асырылатын сызуларды (түзетудің жанына мөр, анық қол қойылады және түзетуді енгізуші жауапты лауазымды адамның жазбаша тегі, аты, әкесінің аты, көрсетіледі) қоспағанда, түзетуге жол берілмейді.
      Қағаз бланкілерде ресімделген ветеринариялық құжат айқын мөр бедері бар мөрмен расталады, ветеринариялық құжаттың берілген күні, оны берген лауазымды адамның лауазымының толық атауы, аты-жөні, қолы көрсетіледі және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделеді.»;
      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «9. Қазақстан Республикасы аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығарылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге ветеринариялық сертификат Кедендік одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар) сәйкес беріледі.
      Қазақстан Республикасына үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) әкелінетін талаптары бойынша Бірыңғай ветеринариялық (ветеринария-санитариялық) талаптардан ерекшеленетіп орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер және олардан өндірілген өнімдер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығарылмайды.»;
      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «10. Өтініш иесі ветеринариялық сертификатты алу үшін тасымалдауға үш жұмыс күнінен кем емес уақыт қалғанда тиісті аумақтық бөлімшеге немесе www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді.
      Ветеринариялық сертификатты алу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылыға жануарына берілетін ветеринариялық паспорт немесе ветеринариялық паспорттан үзінді, ит және мысықтың орнын ауыстыру (тасмалдау) кезінде Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарымен бекітілген нысан бойынша ветеринариялық паспорт немесе халқаралық паспорт;
      3) асыл тұқымды жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде әр жануар басына және асыл тұқымдық өнімге (материалға) қосымша «Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-2/330 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11196 болып тіркелген) сәйкес берілген асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжат;
      4) жануарлардан алынатын өнімді шикізатты, жемшөпті тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық зертхана немесе ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың бағалау сәйкестігі жөніндегі органдарының біріңғай тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зертханалары берген сараптама актісі (сынақ хаттамасы);
      5) бес килограмнан асатын балықты және басқа да су жануарларын (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гамарус, салина артемиясы (цисталар)) тасымалдау кезінде – «Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 204-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9570 болып тіркелген) сәйкес балықтың және басқа да су жануарларының (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гамарус, салина артемиясы (цисталар)) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) көлеміне жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама;
      6) объектінің үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалдаунатын) объектілердің экспортына рұқсат;
      7) үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекет), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнын ауыстыру (тасымалдау) және (немесе) республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысуы кезінде – ветеринариялық анықтама;
      8) бланк үшін төлем жасағаны туралы түбіртек.
      Осы құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпарат алу мүмкіндігі болмаған жағдайда өтінім беруші талап етілетін құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
      Электрондық сұраным берілген кезде талап етілетін құжаттардың электрондық көшірмелерін, оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ұсыну қамтамасыз етіледі.»;
      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «13. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге ветеринариялық сертификат беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) құжаттардың толық емес топтамасы;
      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті туралы ақпараттың ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуі;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға және қауіпсіздік қағидаларына сәйкес келмеуі;
      4) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға рұқсаттың болмауы үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) экспорттау кезінде;
      5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Қазақстан Республикасына үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекет) әкелінген талаптары бойынша Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан ерекшеленетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді және олардан өндірілген өнімдерді шығару.»;
      24 және 25-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
      «24. Ветеринариялық анықтама жануардың ветеринариялық паспортының және жеке нөмірінің, ветеринариялық қарап тексеру нәтижелерінің бар болуы, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы эпизоотиялық ахуал, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордағы немесе одан үзіндідегі жануарлар туралы мәліметтер, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) көлемге қайдан ауланғаны туралы анықтамалар (бес килограмнан асатын балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) тасымалдау кезінде), ветеринариялық құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) әкелінетін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) бақылау объектілерінің республика аумағы бойынша орнын ауыстырған кезде) негізінде жануарға, жануардан алынатын өнім мен шикізатқа беріледі) және өтініш беруші жүгінген күні ресімделеді.
      Ветеринариялық анықтама Қазақстан Республикасы аумағында жарамды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті түрде барлық жолдарын толтыра отырып беріледі.
      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) әкелінген ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орнын ауыстырған кезде ветеринариялық анықтамада ол бойынша республика аумағына ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжат туралы мәліметтер де (құжаттың күні және нөмірі, тауардың шыққан елі) көрсетіледі.
      Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтер олар берілген, межелі пунктіне келген кезде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, ветеринариялық анықтамалар берілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті межелі пунктіне келген күннен бастап бір тәулік ішінде ақпараттық жүйеге енгізіледі.
      Жануарға, жануардан алынатын өнім мен шикізатқа берілген ветеринариялық анықтама межелі пунктіне дейін, жануардан алынған сүтке берілген анықтама берілген сәтінен бастап бір ай ішінде жарамды. Жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шыққан жерінің эпизоотиялық ахуалы өзгерген жағдайда бұрын берілген ветеринариялық анықтама алып қойылады.
      25. Жануардың және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, жемшөптердің орнын ауыстыруды (тасымалдауды) жүзеге асыратын өтініш беруші жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, жемшөптің шыққан жері бойынша жергілікті атқарушы орган бөлімшесі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманына (бұдан әрі – ветеринария саласындағы маман) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
      Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық анықтаманы Заңның 8-бабы 46-8) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіппен, өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі – аттестатталған ветеринариялық дәрігер) береді.
      Бес килограмнан балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) тасымалдау кезінде қайдан ауланғаны туралы анықтама қажет.
      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) әкелінген ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орнын ауыстырған кезде ол бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжаттың көшірмесі болуы қажет.»;
      27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «27. Ветеринариялық дәрігер өтініш берушіге жүгінген күні мынадай жағдайларда ветеринариялық анықтама беруден жазбаша дәлелді бас тарту береді:
      1) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шығу (орналасу) орнындағы жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық ахуалдың өзгеруі (нашарлауы);
      2) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шығу (орналасу) орны саламатсыз аймақ деп белгіленуі;
      3) жануардың жеке нөмірінің болмауы;
      4) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен талаптарға сәйкес келмеуі;
      5) осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттардың болмауы.»;
      30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «30. Ветеринариялық құжаттардың бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады және мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) Қазақстан Республикасы ветеринариялық сертификаттарының бланкілерінің және олардың түбіртектері бланкілерінің кемінде бес дәрежелі қорғанысы болады, оның ішінде:
      түсі;
      су белгілері;
      типографиялық нөмір және бланкінің реттік нөмірі (сегіз араб цифрынан тұратын сан);
      оңтайлы көріністегі гильоширлық рамка;
      гильоширлық рамканың периметрі бойынша орналасқан микротекст.
      Ветеринариялық сертификаттар бланкілер түсі, ресімделуі және қорғаныс элементтері бойынша бірдей болады. Бланкінің форматы 210 x 297 миллиметр.
      Бланк кемінде 50% мақта талшықтарынан тұратын, оны сенімді визуалды бақылауды қамтамасыз ететін контрастілігі айқын, жарық-көлегейлі эксклюзивті су белгісі бар арнайы қағазда дайындалады. Қағаз ультрафиолетті сәулелердің әсеріне жарқырамайды, спектрдің көрінетін және өзге облыстарында бақыланатын екіден кем емес талшық түрінен тұрады. Ультрафиолетті сәулелердің әсерінен көгілдір түсті көрінетін люминесценциясы бар арнайы талшықтар қолданылмайды.
      Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық сертификатының бланкілері Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы № 455 шешімімен бекітілген талаптарға сәйкес келуі тиіс;
      2) ветеринариялық-санитариялық қорытындының бланкілері мынадай қорғаныс дәрежелеріне ие:
      офсеттік жазу әдісімен орындалған бет жағындағы рамка;
      екі түрлі тангирлік сеткасы;
      көшіруге қарсы элемент.
      Бланкілер ашық жасыл түсті түрде босатылады. Бланкінің форматы 210 x 297 миллиметр;
      3) ветеринариялық анықтаманың бланкілері мынадай қорғаныс дәрежелеріне ие:
      офсеттік жазу әдісімен орындалған бет жағындағы рамка;
      екі түрлі тангирлік сеткасы;
      көшіруге қарсы элемент.
      Ветеринариялық анықтаманың бланкілері көк түсті түрде босатылады. Бланкінің форматы 210 x 297 миллиметр.».
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      __________________Ә. Исекешев
      3 желтоқсан  2015 жыл

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________________ Е. Досаев
      5 желтоқсан 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады