Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 226 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5833 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 890 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 07.11.2015 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережелеріне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесі бекітілсін.
      2. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы өтініш беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 наурыздағы N 139 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 сәуірде, тіркеу N 2224, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 23-24, 852-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           В. Божко

Қазақстан Республикасы    
Төтенше жағдайлар министрінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі 
N 226 бұйрығымен      
бекітілген         

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болғанын негіздейтін материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және тарату жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесі
 

      1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес әзірленген.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы өтініш беруді төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкілетті орган қарайды. Бұл ретте, пайда болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай өңірлік немесе ғаламдық ауқым алуға тиіс.
      3. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органның резервінен ақша бөлу туралы өтінішті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандық (қалалық) қаржы бөлімі қарайды.
      4. Өтініште төтенше жағдай аймағы, қайтыс болған және зардап шеккен адамдардың саны, материалдық зиянның көлемі, төтенше жағдайды жоюға жергілікті атқарушы органнан, ұйымдар мен басқа да көздерден бөлінген және шығындалған қаражат көлемі туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
      5. Өтінішке табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалдардың мынадай тізбесі қоса беріледі:
      1) облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) аудандық (қалалық) әкімнің немесе төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиясы мүшелерінің және мүдделі мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен зардап шеккен объектілерді және тұрғын халықты тексеру туралы төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасының шешімі;
      2) комиссия мүшелері қол қойған және мөр басқан төтенше жағдай пайда болған аумақты тексеру актісі (болған төтенше жағдайлар, төтенше жағдай аймағының көлемі, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдалу және бұзылу сипаты мен деңгейі, зардап шеккендердің саны, келтірілген зиянның мөлшері, төтенше жағдайды жою шаралары туралы негізгі мәліметтер көрсетіледі);
      3) Өтініштерде өтініш жасаушының көрсетілген сұрау сомасына шығындардың сметалық жиынтық есебімен (бірінші кезектегі жұмыстар түрлері бойынша, материалдық-техникалық, қаржы және адамзат ресурстары есептерінің толық сомаларын ашумен) төтенше жағдайларды жою бойынша шұғыл жұмыстарға Комиссия мүшелерімен және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) Әкімінің, аудан (қала) әкімінің қаржы-экономикалық қызмет бастығымен қол қойылған жобалау-сметалық құжаттамалар;
      Жобалау-сметалық құжаттамаларға жойылған тауарлы-материалдық құндылықтардың құны кірмейді;
      4) бірінші кезектегі жұмыстарды жүргізу үшін жергілікті бюджетте көзделген қаражаттың болмауы туралы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан Әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) Әкімінің, аудан (қала) әкімі қаржы-экономикалық қызмет бастығы қол қойған негіздеме-анықтама;
      5) республикалық немесе жергілікті бюджеттен бұрын бөлінген қаражаттар туралы мәліметтер;
      6) бұзылған объектілерді салу мен күрделі жөндеу үшін төтенше резервтен қаражат бөліну қажеттілігі кезінде құжаттармен қоса құрылыс салу бойынша уәкілетті органның оң қорытындысы берілуі тиіс;
      7) зардап шеккен ғимараттардың, құрылыстардың, азаматтар мүлкінің сақтандырылуы туралы және сақтандыруды өтеу туралы мәліметтер көрсетілген анықтама, егер ондайлар болса;
      8) біржолғы көмек алу мақсатында төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтардың облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аудандық (қалалық) Әкіміне жазған арыздары негізінде жасалған азаматтардың тізімі;
      9) болған төтенше жағдайдың, келтірілген зиянның және басқа да салдардың ауқымын растайтын басшы немесе оның міндетін атқарушымен қол қойылған және мөрмен басылған мүдделі мемлекеттік органдардың анықтама-қорытындысы;
      10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу негіздемесі (жұмыстар түрлерімен, сұралатын сомалар мен толық түсіндірмесімен);
      11) төтенше жағдайлардың нақты жағдайлар кезінде төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкілетті органы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) Әкімінен төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдары аудан (қала) әкімдігінен сұралатын басқа да қажетті қосымша құжаттар.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.05.05 N 184 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      6. Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкілетті орган (аумақтық орган) түскен өтініш беруі оның түскен күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде қарастырады. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалдар тізбесінде көрсетілген мәліметтері жоқ өтініш қараусыз қайтарылады.
      7. Төтенше жағдайларды оқшауландыру және жою жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы", "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы", "Азаматтық қорғаныс туралы", "Өрт қауіпсіздігі туралы" заңдарымен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы ережесімен айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады