«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 226 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы N 184 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 мамырдағы N 6979 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 890 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 07.11.2015 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 226 бұйрығына (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілері жинағында 2009 жылғы № 12 жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 5833 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
      Осы бұйрықпен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың бар-жоғын, оны оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды негіздейтін материалды, материалдық-техникалық, қаржылық және адам ресурстары есептерін ұсыну қағидасының 5-тармағындағы 3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакция да жазылсын:
      «Жобалау-сметалық құжаттамаларға жойылған тауарлы-материалдық құндылықтардың құны кірмейді.».
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі                            В. Божко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады