"Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 1081 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 желтоқсанда № 12438 болып тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 29 шілдедегі № 108 (1924)) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. ӘҚҚ қызметтерінің мамандары аэронавигациялық ұйымның басшысы бекіткен, ӘҚҚ қызметі диспетчерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары мен жұмыс технологияларын басшылыққа алады.
      ӘҚҚ жүзеге асыратын диспетчерлердің лауазымдық нұсқаулықтары әрбір диспетчерлік пункт үшін әзірленеді.
      ӘҚҚ қызметі диспетчерлерінің жұмыс технологиялары әрбір диспетчерлік пункт (сектор) үшін әзірленеді.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. ӘҚҚ органдарындағы сағаттар және уақытты тіркейтін басқа да аспаптар уақытты UТС-ден шамамен ±30 секунд дәлдікпен көрсетуге тиіс. Деректерді тарату желісін қолданған жағдайда, сағаттар және уақытты тіркейтін басқа да аспаптар уақытты UТС-ден шамамен 1 секунд дәлдікпен көрсетуге тиіс.
      Ақпаратты жазу кезінде ағымдағы уақытты тексеру радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің (бұдан әрі – РТЖБП қызметі) жедел журналына жазу арқылы әрбір 4 сағат сайын жүргізіледі, уақытты тіркейтін басқа аспаптардағы ағымдағы уақытты тексеру ӘҚҚ органдарында (ӘҚҚ қызметтерінде) «Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 345 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11285 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. ӘҚҚ қызметі ондағы персонал әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша міндеттерді орындаған кезінде әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылау үшін құрылады.»;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. ӘҚҚ аудандарының (диспетчерлік аймақтарының) және әуеайлақ аудандарының шекаралары радиолокаторлардың қолданылу аймақтарын, «әуе-жер» радиобайланысын қамтамасыз етуді, навигациялық жабдықпен жарақталуын ескере отырып белгіленеді.
      ӘҚҚ аудандарының және әуеайлақтар аудандарының шегіндегі диспетчерлік секторлардың шекарасын аэронавигациялық ұйымның басшысы бекітеді.
      Аэротораптардың шекаралары аэроторапқа кіретін әуеайлақтар аудандарының сыртқы шекаралары бойынша белгіленеді.
      Әуеайлақтар (аэротораптар) аудандарында ұшып көтерілу және қону аймақтары, кіру және шығу дәліздері, күту аймақтары және арнайы мақсаттағы басқа да аймақтар белгіленеді.
      Егер АДО және ӘДО (ӘАДП) жауапкершілік ауданы (аймағы) тиесілілігі бойынша әртүрлі аэронавигациялық ұйымдарға жатқызылған жағдайда, әуе кемелерінің қабылдау-тапсыру шептері тиісті ӘҚҚ органдарының арасындағы үйлестіру рәсімдері туралы келісімге сәйкес белгіленеді.
      Ұшып көтерілу және қону аймақтарының шекаралары ұшуды осы әуеайлақта орындайтын әуе кемелерінің ұшу-техникалық сипаттамаларын ескере отырып белгіленеді және өзінің көлемдері бойынша төмендеу мен қонуға кіру, ұшып шыққаннан кейін биіктікті алу және ұшудың әуеайлақтық шеңбері бойынша ұшу маневрін қауіпсіз орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 65-1 және 65-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «65-1. Жабдықталмаған көлік құралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізі қағидаларының 111-тармағына сәйкес байланыс құралдарымен жабдықталған басқа көлік құралына ілесіп келе жатқан, немесе әуеайлақтық диспетчерлік пунктпен келісіліп, алдын ала жасалған жоспар бойынша пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, бақыланатын әуеайлақтардағы маневрлеу алаңында пайдаланылатын барлық көлік құралдары әуеайлақтық диспетчерлік пунктпен екі жақты байланысты қолдауы тиіс.
      65-2. Маневрлік алаңында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанда (қауіпсіздіктің жанама жолағын санағанда) ұшуларды жүргізу кезеңінде әуеайлақтық диспетчерлік пункт пен жұмыстарды басқаратын жауапты тұлға (немесе жұмыстарды бақылайтын аэропорт қызметтері) арасында екі жақты радиотелефон байланысы қамтамасыз етіледі.
      Байланыс жүргізу тәртібі әуеайлақтық диспетчерлік пунктімен келісіледі.»;
      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «67. ӘҚҚ органдары өздерінің тиісті функцияларын (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекет тізілімінде № 11277 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылға 24 наурыздағы № 346 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орындау үшін қажетті нақты және болжамды метеорологиялық жағдайлар туралы, сондай-ақ жаңартау қызметі туралы соңғы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.».
      16-тараудың 2-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-параграф. Шектеулі көрінушілік жағдайларында жүзеге
асырылатын операциялар
      250. Шектеулі көрінушілік жағдайларындағы жүзеге асырылатын операциялар тұтас маневрлеу алаңы немесе оның бір бөлігі диспетчерлік пункттен көзбен шолып бақыланбайтын жағдайда, 550 метрден кем RVR кезінде қолданылады.
      251. ӘДО (ӘАДП) диспетчеріне әуе кемелері мен көлік құралдарының қозғалысын көзбен шолып бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін шектеулі көрінушілік жағдайында маневрлеу алаңында мыныдай тәртіп қолданылады:
      1) рульдеу жолдарының қиылысында РЖ-да тұрған әуе кемесі немесе көлік құралы ескерту сызығының оттарымен, «тоқта» сызығы оттарымен немесе РЖ қиылысқан жерлерінің таңбаларымен белгіленген шекарада күтіп тұрады;
      2) рульдеу жолдарында әрбір нақты әуеайлақ үшін әуе кемелерінің және көлік құралдарының эшелондау рәсімдермен белгіленген бойлық интервал ұсталады. Бұл арақашықтықты қолданған жағдайда жерүсті қозғалысын бақылау және басқару құралдарының сипаттамалары, әуеайлақтың жоспарының күрделілігі, және осы әуеайлақты пайдаланатын әуе кемелерінің сипаттамалары ескеріледі.
      252. ІІ/ІІІ санаттар бойынша қонуға кіруді орындау кезінде жерүсті қозғалысын басқару үшін әуеайлақ (әуежай) пайдаланушысы ӘҚҚ қызметімен бірлесіп шектеулі көрініс жағдайындағы операциялар жөніндегі нұсқаулықты бекітеді.
      253. Шектеулі көрінушілік жағдайындағы операциялар бойынша нұсқаулықта мыналарды көрсетіледі:
      1) шектеулі көрінушілік жағдайындағы операциялар қолданылатын RVR мәні (міндері);
      2) ІІ/ІІІ санаттар бойынша ұшуды қамтамасыз ету үшін ILS/MLS жабдығына қойылатын ең төменгі талаптар;
      3) осы бұйрықтың 322-1-тармағына сәйкес қалыпты жұмыс істеу мәніне бақыланатын жерүсті аэронавигациялық оттарды қоса алғанда, ІІ/ІІІ санаттар бойынша ұшуды қамтамасыз ету үшін қажетті басқа қызметтер мен құралдар;
      4) ILS/MLS жабдығының сипаттамалары ІІ/ІІІ санаттар деңгейінен де төмен төмендейтін критерийлер мен жағдайлар;
      5) жабдықтың кез келген істен шығуы немесе оның сипаттамаларының нашарлауы туралы тиісті ұшу экипаждарына, жақындау диспетчерлік органына және кез келген тиісті ұйымға шұғыл түрде хабарлауға қатысты талап;
      6) маневрлеу алаңындағы қозғалысты басқарудың арнайы процедуралары, оның ішінде:
      ҰҚЖ-да күту орындарын тиісінше пайдалану;
      радиомаяк құралдарының сезімтал және шекті аймақтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін ұшып келген және ұшып шыққан әуе кемелері арасындағы ең аз қашықтық;
      әуе кемелері мен көлік құралдарының ҰҚЖ-ы босатуын тексеру тәртібі;
      әуе кемелері мен көлік құралдарының эшелондау процедуралары (қолданылған жағдайда);
      7) бірінен кейін бірі қонуға кіруді орындайтын әуе кемелері арасында қолданылатын интервал;
      8) шектеулі көрінушілік жағдайында операцияларды тоқтату қажеттігі болған жағдайда қабылданатын іс-қимылдар;
      9) шектеулі көріну жағдайларында операцияларды орындау кезінде қажетті басқа тиісті жағдайлар немесе талаптар.
      254. Шектеулі көрінушілік жағдайларындағы рәсімге ұшу басшысы (ауысым аға диспетчері), ал жоқ болған жағдайда – ӘДО (ӘАДП) диспетчері бастама білдіреді.
      ӘДО (ӘАДП) диспетчері шектес диспетчерлік пункттерге II/III санаттары бойынша қонуға дәл кіруді және көру мүмкіндігі шектеулі жағдайлардағы операцияларды орындаумен байланысты рәсімдер қолданысының басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
      LVP рәсімдерінің іс-қимылдарының басталғаны ATIS арнасы арқылы беріледі немесе ол туралы ӘҚҚ органының диспетчері хабарлайды.
      255. Шектеулі көрінушілік рәсімдерін қолданысқа енгізу алдында ӘДО (ӘАДП) сол уақытта маневрлеу алаңында болған көлік құралдары мен тұлғаларды есепке алуды бастайды және осы алаңдағы қауіпсіздік қызметін қамтамасыз етуге көмек көрсету үшін осы рәсімдердің тұтас қолданылу кезеңі барысында осы есепке алуды жалғастырады және әуеайлақ қызметтерінің көлік құралдарының перрондар мен маневрлеу алаңдары бойынша қозғалысын шектейді.
      Шектеулі көрінушілік рәсімдерін қолданысқа енгізу кезінде маневрлеу алаңында сол сәтте болған көлік құралдары мен тұлғаларды есепке алу тәртібін аэронавигациялық ұйым белгілейді.
      256. ҰҚЖ-да және РМЖ аймақтарында кедергілердің бар-жоғын бақылауды ӘҚҚ органы ұшу алаңын шолу локаторын (бар болған жағдайда) пайдаланумен, әуе кемелері экипаждарының немесе әуеайлақ қызметі маманының баяндаулары бойынша жүзеге асырады.
      257. ІІ/ІІ санаттар бойынша қонуға дәл кіруді орындау кезінде курстық және глиссадалық радиомяактардың сигналдары қонуға кірудің соңғы кезеңінде кедергілерден қорғаумен қамтамасыз етіледі.
      258. ӘҚҚ органы әуе кемесінің пилотын (экипажын) радио және жарық-техникалық жабдықтары жай-күйінің өзгергені туралы хабардар етеді.
      259. ӘҚҚ органы әуе кемесінің пилотына (экипажына) ҰҚЖ-да көріну ұзақтығының мәндерін хабарлайды:
      І санат бойынша қонуға дәл кіру және қондыру құралдарымен жабдықталмаған немесе қонуға кіру және аспаптар бойынша қондыру құралдарымен жабдықталған ҰҚЖ-ға қону аймағында;
      ІІ санат бойынша қонуға кіруді және аспаптар бойынша қонуды орындауға арналған ҰҚЖ-ға қону аймағында және ортасында;
      ІІІ санат бойынша қонуға кіруді және аспаптар бойынша қонуды орындауға арналған ҰҚЖ-ға қону аймағында, ҰҚЖ ортасында және ең арғы шетінде.
      260. Шектеулі көрінушілік жағдайында тек жарық белгілерімен белгіленген РМЖ шекті аймағын босағаннан кейін ғана рульдеу жолындағы ҰҚЖ-ның босағаны туралы баяндалады.
      ҰҚЖ босағаннан кейін рульдеу сүйемелдеу машинасынан кейін жүзеге асырылады. Әуе кемесін тұраққа қарай бұру қарсы алушының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
      Ұшып көтерілуге бұрылатын әуе кемелерін тұрақ орындарынан алдын ала сөреге дейін сүйемелдеу машиналары жетектейді. Алдын ала сөреде әуе кемелері РМЖ-ның шекті аймағын белгілейтін жарық белгісінің алдында тоқтауға тиіс.
      РЖ осьтік оттары бар болған жағдайда ӘК сүйемелдеу машинасынсыз РЖ осьтік оттары бойынша рульдеуге жол беріледі.»;
      267-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «267. ӘҚҚ органы ҰҚЖ-да кедергінің болуымен немесе ҰҚЖ-ға заңсыз кірумен байланысты кез келген оқиға туралы есеп (міндетті хабарлама) жасайды және оны деректерді тарату жүйесі (міндетті және ерікті хабарламалар жүйесі) арқылы аэронавигациялық ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшесінің атына жібереді.»;
      16-тараудың 12-параграфы мынадай мазмұндағы 322-1 және 322-2-тармақтарымен толықтырылсын:
      «322-1. Әуеайлақтың жарықсигналды жабдығының жұмысқа қабілеттілігін істен шығуларды (егер бар болса) автоматты индикациялау (бақылау) жүйесі арқылы ӘДО (ӘАДП) диспетчері анықтайды.
      Әуеайлақтың жарықсигналды жабдығының жұмысқа қабілеттілігін істен шығуларды автоматты индикациялау (бақылау) жүйесі жоқ болған жағдайда немесе осындай жүйені қолдау мақсатында ӘДО (ӘАДП) диспетчері көріну шегіндегі жарықсигналды жабдық оттарын көзбен шолып бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ әуе кемелерінің экипаждарынан келіп түскен ақпаратты немесе әуежай қызметтерінің мамандары жүргізген жарықсигналды жабдықты тексеру қорытындыларын пайдаланады.
      322-2. Қандай да бір оттың (оттардың) іске жарамсыз болуы туралы ақпаратты алғаннан кейін ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемелерінің немесе көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды және әуеайлақ пайдаланушысы тағайындаған жауапты тұлғаға осы ақаулықты жою қажеттігі туралы хабарлайды.»;
      423-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «423-1. Шектес мемлекеттердің іргелес диспетчерлік қызмет көрсету органдары арасында ӘҚҚ үйлестіру және тапсыру өзара әрекеттесу рәсімдері туралы келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.»;
      423-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «423-4. Бір аэронавигациялық ұйым құрамында диспетчерлік пункттер (секторлар) арасындағы үйлестіру ӘҚҚ қызметінің диспетчерлерінің жұмыс технологияларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      429-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «429-3. Аэронавигациялық жүйеге өзгерістер енгізбестен бұрын ӘҚҰ қызметі жариялауға арналған тиісті материалдарды дайындау, рәсімдеу және шығару үшін аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметіне қажетті уақытты есепке алуға тиіс.
      Егер енгізілетін өзгерістер аэронавигациялық карта мен (немесе) автоматтандырылған жүйелерге енгізуге жататын болса, олар «Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10605 нөмірімен тіркелген) бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпараттармен қамтамасыз ету қағидаларында белгіленген мерзімде аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметіне ұсынылады.»;
      447-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «447. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жердегі радиоқұрылғының толық істен шығу салдарын азайту үшін Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 345 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімдер № 11285 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланыс радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі нұсқаулық әзірленеді.».
      457-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «457. STCA берілгеннен кейін эшелондау минимумы бұзылған жағдайда ӘҚҚ органы инцидент туралы есеп (міндетті хабарлама) жасайды және оны деректерді тарату жүйесі арқылы аэронавигациялық ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшесінің атына жібереді.»;
      467-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «467. MSAW бергеннен кейін, егер ең төменгі қауіпсіз абсолютті биіктік байқаусызда тиісті ақаусыз әуе кемесінің жерге соғылуына әкеп соқтыратындай бұзылған болса, ӘҚҚ органы инцидент туралы есеп (міндетті хабарлама) жасайды және оны деректерді тарату жүйесі арқылы аэронавигациялық ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшесінің атына жібереді.»;
      22-тарау төмендегі мазмұндағы 10-1-параграфпен толықтырылсын:
      «10-1-параграф. КҰҚ бойынша ұшу және қолайсыз метеорологиялық жағдайларда КҰҚ бойынша ұшу кезінде бағдарды жоғалту.
      471-1. КҰҚ бойынша ұшуды орындайтын және өзінің орналасқан жеріне сенімсіз, немесе бағдарын жоғалтқан, немесе қолайсыз метеорологиялық жағдайға ұшыраған әуе кемесін авариялық жағдайда деп санау керек.
      ӘҚҚ органы көмек көрсету үшін жағдайға қарай әуе кемесінің экипажынан мынадай ақпаратты сұратады:
      1) әуе кемісінің ұшу жағдайы;
      2) орналасқан жері (егер ол белгілі болса) және эшелон;
      3) ұшып шығу және бару әуеайлақтары;
      4) борттағы адамдар саны;
      5) отын қалдығы;
      6) әуе кемесінің жылдамдығы және қажет болса, соңғы белгілі орналасқан жерінен басталатын бағыты;
      7) борттағы қолданыстағы навигациялық жабдық және қандай да бір навигациялық сигналдар қабылдана ма;
      8) ТОБЖ коды (қолданылса);
      9) ADS-B мүмкіндіктері (бар болған жағдайда).»;
      471-2. Әуе кемесімен байланыс тұрақсыз немесе бұзылған жағдайда, әуе кемесіне егер метеорологиялық жағдайлар мен басқа да жағдайлар мүмкіндік берсе ӘҚҚ диспетчері әуе кеменің экипажына ең биік эшелонға дейін биіктікке көтерілуді ұсыну қажет. Сонымен бірге қолайсыз метеорологиялық жағдайлар нәтижесінде бағдарын жоғалту мүмкіндігі ескеріледі.
      471-3. Пилотқа әуе кемесінің орналасқан жерін анықтау үшін навигациялық көмек көрсету ӘҚҚ-ның бақылау жүйесін, пеленгаторды, навигациялық құралдарды қолдану арқылы немесе оны басқа әуе кемелерінің тану құралдары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      471-4. ӘҚҚ органы көзбен шолу метеорологиялық жағдайлары бар жақын орналасқан әуеайлақтар туралы ақпаратты пилотқа хабарлайды.
      471-5. Егер пилот КҰҚ бойынша ұшуды орындай алмаса, онда ӘҚҚ диспетчері пилотқа әуе кемесінің орналасқан немесе орналасты деп болжанған аймақтағы ең төменгі қауіпсіз абсолюттік биіктікті хабарлайды.
      471-6. Әуе кемесінің орналасқан жері анықталғаннан кейін, бару әуеайлағына (қосалқы) немесе трассаға шығу үшін маршруттар және ұшу жағдайлары экипажға беріледі.»;
      472-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «472. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қатысты инциденттерге, оның ішінде әуе кемелерінің жақындауы сияқты жағдайларға (AIRPROX) және әуе кемесіне қауіп төндіретін және қолданылатын рәсімдердің дұрыс емес қолдануына немесе қолданбауына, сондай-ақ жерүсті құралдарының істен шығуына және инцидент қызмет көрсету аймағында болған ӘҚҚ органына есеп беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 473-1-тармақпен толықтырылсын:
      «473-1. Егер инцидент болған әуе кемесі Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан бару пунктіне бағыт алса, инцидент болған қызмет көрсету аймағындағы ӘҚҚ органы әуе кемесінің экипажынан инцидент туралы есепті алу қажеттігі туралы бару әуеайлағының ӘҚҚ органына хабарлайды.
      Инцидент туралы хабарламада мынадай ақпарат қамтылады:
      1) инцидент түрі;
      2) тиісті әуе кемесінің тану индексі;
      3) инцидент кезіндегі уақыт пен орналасқан жері;
      4) инцидент туралы қысқаша мәліметтер.
      Қазақстан Республикасы аумағынан тыс орналасқан бару әуеайлағынан халықаралық рейсті орындау кезінде инцидент туралы есепті аэронавигациялық ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган арқылы сұратады.».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                              Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады