"Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 715 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 желтоқсанда № 12505 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2015 жылғы 3 ақпанда № 10176 болып тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарда:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Стратегиялық жоспар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы стратегиялық жоспарда айқындалған мақсаттармен өзара байланысқан республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
      Стратегиялық жоспар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысқан республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, бюджеттік бағдарламасы тиісті аумақтарды дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысқан жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
      3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаны жылжымалы негiзде жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлейдi және тікелей және түпкілікті нәтиженің көрсеткіштерін, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемін қамтиды.»;
      4-тармақ алынып тасталсын;
      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Бюджеттік бағдарлама стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына және (немесе) бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
      Әртүрлі көздер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар үшін қаржыландыру көздерінің әрқайсысы үшін бюджеттік кіші бағдарлама бөлінеді.
      12. Стратегиялық жоспардың немесе аумақты дамыту бағдарламасының мақсатына, бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру жөніндегі шығындар көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін.»;
      13-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері;»;
      15-тармақта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) «Бюджеттік бағдарламаның түрі» деген жолда:
      «мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты» деген жол бойынша бюджеттік бағдарламаны мынадай түрлерінің бірі көрсетіледі:
      республикалық;
      облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың;
      аудандақ (қалалық);
      қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары;
      «мазмұнына байланысты» деген жол бойынша бюджеттік бағдарламаның мынандай түрлерінің бірі көрсетіледі:
      мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру;
      бюджеттік кредиттер беру;
      бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру;
      күрделі шығыстарды жүзеге асыру;
      мемлекет міндеттемелерін орындау;
      нысаналы салым салу;
      нысаналы аударым;
      «іске асыру тәсіліне қарай» деген жолда не бөлінетін бюджеттік бағдарлама көрсетіледі;
      «ағымдағы/даму» деген жолда ағымдағы бюджеттік бағдарлама не бюджеттік даму бағдарламасы көрсетіледі;
      Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру жөніндегі шығындарды қамтитын бағдарламалар бойынша «мазмұнына байланысты», «ағымдағы/даму» деген жолдар бойынша бюджеттік бағдарламаның түрі көрсетілмейді;»;
      8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) «Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері» деген жолда бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық жоспардың мақсатына сандық өлшенетін қол жеткізуі көрсеткіштері, аумақтарды дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаның, мемлекеттік органның қол жеткізуі шартталған тікелей нәтижелер көрсетіледі.
      Егер бюджеттік бағдарлама стратегиялық жоспардың бір мақсатына сәйкес болса, онда бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі ретінде стратегиялық жоспардың осы мақсатының нысаналы индикаторы көрсетіледі.
      Бюджеттiк бағдарламаның нәтижелері:
      анық, айқын және нақты болуы тиiс;
      оның сандық көрсеткіштері мен оған қол жеткізу күнін (кезеңін) (белгілі бір уақыт аралығында, жоспарлы кезеңнің соңында, жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бөліністе) айқындау жолымен бюджеттік бағдарламаны іске асырудың сапалы қорытындысын көрсетуі тиіс;
      мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларынды не аумақтарды дамыту бағдарламаларын айқындалған нысаналы индикаторлармен өзара байланысады;
      абсолютті, салыстырмалы немесе пайыздық шамалармен беріледі және ақшалай шамада көрсетіле алмайды.
      Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын, тұрақты сипаттағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша олардың түпкілікті нәтижелерін көрсетпестен анықтауға жол беріледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерін және шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды пайдалануға бағытталған бюджеттік бағдарламларды қоспағанда, бөлінетін бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері бюджеттік бағдарламаны бөлетін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелері осы бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, сондай-ақ шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар үшін түпкілікті нәтижелер көрсетілмейді.
      9) «Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі)» деген жолда сипаттамада жоспарланатын бюджет қаражатының стратегиялық жоспарларда немесе не тиісті аумақтарды дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланыстылығы ашып көрсетіледі.
      Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі) бюджеттік бағдарламаның жоспарланып отырған бюджет қаражатының негіздемелерін, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылының сомасынан ауытқу себептерін қамтуы тиіс.
      Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі) бюджеттік бағдарламаның нәтіжесіне қол жеткізу әдістері пен тәсілдерін қамтуы мүмкін, сондай-ақ барынша қысқа, айқын және нақты болуы тиiс;
      10) «Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар» деген кестеде есептік деректер бойынша алдыңғы қаржы жылының, ағымдағы қаржы жылының және жоспарлы кезеңге арналған жылдар бойынша бөлінісінде бюджеттік бағдарламаның теңгемен көрсетілген шығыстардың жиынтық сомасы көрсетіледі»;
      12), 13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) «Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі» деген жолда мазмұнына байланысты бюджеттік кіші бағдарламаның түрі көрсетіледі, сондай-ақ ағымдағы кіші бюджеттiк бағдарлама не кіші бюджеттiк даму бағдарламасы көрсетіледі;
      13) «Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздеме)» деген жолда кіші бағдарламаның қысқаша сипаттамасы және бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен міндетіне қол жеткізуге кіші бағдарламаның іске асырылуының ықпал етуін бағалау келтіріледі.
      Бюджеттiк кіші бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі) бюджеттік бағдарламаның сипаттамасын (негiздемесін) қайталамауы тиіс.
      Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламада бұл жол көрсетілмейді;
      14) «Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi» деген кестеде қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызмет көрсететін мемлекеттік органның қызметіне толық тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көрсетілетін қызметтер көлемінің санмен өлшенетін сипаттамасы көрсетіледі.
      Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болған жағдайда, бұл кесте әрбір кіші бағдарлама бойынша толтырылады.
      Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi:
      есептік деректер бойынша есепті қаржы жылы, ағымдағы қаржы жылы бойынша және жылдар бойынша бөлінісінде жоспарлы кезеңге көрсетіледі;
      объективті түрде мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін көрсетеді және бюджеттік бағдарлама басшысының жетекшілік ететін саласына сәйкес келеді;
      бюджеттік бағдарламада көзделген бюджет қаражаты есебінен жоспарлы кезеңнің белгілі бір қаржы жылында қол жеткізу болжанатын мемлекеттік орган қызметінің барлық нәтижелерін қамтиды;
      бюджеттік бағдарламаның мақсатымен өзара байланысады;
      абсолюттік шамалармен көрсетіледі. Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiн салыстырмалы немесе пайыздық шамалармен, ақшалай көрсеткіште көрсетуге жол берілмейді.
      Бөлінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, сондай-ақ шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар үшін тікелей нәтижелер көрсеткіштері көрсетілмейді.
      Бюджет қаражаты есебінен бірлесіп қаржыландыруды көздейтін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша тікелей нәтижелер қарыз шарттының, гранттар туралы келісімдердің талаптарына сәйкес айқындалады;»;
      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
      «18-1. Бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде бюджет қаражаты жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Бюджетті түзету және нақтылау кезінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдармен және (немесе) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдармен келісім бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемі және нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаннан кейін немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімі бекітілгеннен кейін немесе тиісті бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың қаулылары мен өзге де нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалар қайта бекітіледі.»;
      2-қосымшада «Бюджеттiк бағдарламаның міндеті (түпкілікті нәтиже)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері;».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы                     М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 25 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады