Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12676 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.02.2016 № 51 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықпен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібінің 6, 7, 12-тармақтарын қоспағанда, 2017 жылғы 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі             А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы  
Мәдениет және спорт  
министрінің        
2015 жылғы 22 желтоқсанда 
№ 405 бұйрығымен бекітілген

Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:
      1) Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры (бұдан әрі – Дерекқор) – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;
      2) үкіметтік емес ұйым – ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда).
      3. Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалардың қосымшасында көрсетілген мәліметтерді электрондық түрде веб-порталға енгізу арқылы қалыптастырылады.
      4. Дерекқорға үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер веб-портал арқылы қазақ және орыс тілдерінде:
      1) уәкілетті органмен;
      2) үкіметтік емес ұйымдармен өз бетімен енгізіледі.
      5. Веб-порталға кіру веб-порталда көрсетілген нұсқама бойынша мәліметтерді енгізуден кейін берілетін логин мен құпиясөз арқылы асырылады.
      6. Дерекқорға уәкілетті органмен үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді енгізу үшін:
      1) үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылар (қатысушылар), мүлік құрамы, өткен жыл және ағымдағы жылдың тоқсан бойынша қаражатты қалыптастыру көздері және жұмсау бағыттары Осы Қағидалардың қосымшасында көрсетілген нысанына сәйкес мәліметтерді ұсыну тиіс. Мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде, пошта арқылы қағазды және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) ұсынылу тиіс;
      2) облыстың, республикалық маңызды қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) жыл сайын 10 сәуірге дейін тиісті әкімшілік-аумақтық бойынша үкіметтік емес ұйымдар туралы (тіркеу/қайта тіркеу күні, заңды мекенжай, құрылтайшылар, басшылар және олардың байланыс ақпараты, тіркелінген үкіметтік емес ұйымдар, соңғы есепті мерзімнің аясында салықтық есеп беру туралы мәліметтер) жалпыланған мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады. Мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде, пошта арқылы қағазды және электрондық түрде ұсынылу тиіс.
      7. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер пошта арқылы алынған жағдайда уәкілетті орган оларды уақыттылылығына, толығы мен нақтылығына тексереді.
      Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер толық, нақты болса, өз мерзімде ұсынылған жағдайда, оларды уәкілетті орган Дерекқорға енгізеді. Үкіметтік емес ұйымдар туралы толымсыз, дәйексіз мәліметтер кешігіп ұсынылған жағдайда, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген шаралар қабылданады.
      8. Үкіметтік емес ұйымдар осы Қағидалардың қосымшасында көрсетілген мәліметтерді өз бетімен Дерекқорға веб-портал арқылы енгізеді.
      Мәліметтер Дерекқорға енгізілгеннен кейін үкіметтік емес ұйым
веб-порталда дерекқордың тіркеу нөмірі берілу арқылы тіркеуден өтеді.
      9. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар өзгеріс күнінен он жұмыс күннен кеш емес:
      1) Дерекқорға веб-портал арқылы жаңа мәліметтер енгізеді;
      2) уәкілетті органды қағазды және электрондық тасымалдаушылар арқылы поштамен хабардар етеді (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда).
      10. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер келгеніне қарай Дерекқорды жаңартады.
      11. Үкіметтік емес ұйымдар үкіметтік емес ұйым Бизнес-сәйкестендіру нөмірлер Ұлттық тізілімінен жою туралы ақпарат алынған немесе анықталған күнінен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей Дерекқордан алып тасталынады.
      Осы жағдайда уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымды оны Дерекқордан жою туралы хабардар етеді.
      12. Үкіметтік емес ұйымдар уәкілетті органға «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабы 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбаған, кешіктіріп ұсынған және дәйексіз немесе көріне жалған ақпаратты ұсынған жағдайда уәкілетті орган «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексімен бекітілген тәртібі бойынша шараларды қабылдайды.     

Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде 
мәліметтерді ұсыну және олар туралы   
дерекқорды қалыптастыру қағидаларына   
қосымша                   

                                                              Нысан

  _________________________________________ қызметі туралы мәлімет
       (үкіметтік емес ұйымның атауы)

1-тарау. Жалпы мәліметтер

1. Атауы*

1

Үкіметтік емес ұйымның қазақ тіліндегі ұйымдастыру-құқықтық нысаны және толық атауы


2

Үкіметтік емес ұйымның орыс тіліндегі ұйымдастыру-құқықтық нысаны және толық атауы


3

Үкіметтік емес ұйымның ағылшын тіліндегі ұйымдастыру-құқықтық нысаны және толық атауы


4

Үкіметтік емес ұйымның қазақ тіліндегі қысқартылған атауы


5

Үкіметтік емес ұйымның орыс тіліндегі қысқартылған атауы


2. Құрылтайшылар туралы ақпарат*

1

Қазақ тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы


2

Орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы


3

Ағылшын тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы (шетел азамат үшін)


4

Байланыс ақпарат (пошталық мекенжай, қалалық немесе ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта)


3. Қызметкерлер туралы мәлімет

1

Қызметкерлердік саны, оның ішінде:


1.1

Штаттық қызметкерлердің саны


1.2

Еріктілер саны


1.3

Шетел қызметкерлердің саны


2. Басшы туралы мәлімет

2.1

Қазақ тіліндегі бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


2.2

Орыс тіліндегі бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


2.3

Ағылшын тіліндегі бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)**


2.4

Қазақ тіліндегі лауазымның атауы


2.5

Орыс тіліндегі лауазымның атауы


2.6

Азаматтық (бұрынғы азаматтық)


2.7

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, құжаттың қолдану мерзімі, құжатты берген орган


2.8

Жұмыс тәжірибесі


2.9

Байланыс ақпарат (пошталық мекенжай, қала немесе ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта)


2.10

Жеке сәйкестендіру нөмірі


2.11

Диплом бойынша мамандығы мен кәсібі


2.12

Коммерциялық ұйымдарды құру және олардың қызметіне қатысу туралы мәліметтер (ұйымдардың атаулары, қызметтің түрі, шарашылық серіктестіктердің жарғылық капиталында үлесі, акциялар)


2.13

Өзге коммерциялық емес ұйымдарда бірлескен құрылтайшылық/мүшелік (атауы, мекенжайы)


2.14

Сотталғандығы туралы ақпарат (бар болған жағдайда)


3. Бас бухгалтер туралы мәлімет

3.1

Қазақ тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


3.2

Орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


3.3

Байланыс ақпарат (пошталық мекенжай, қала немесе ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта)


4. Реквизиты

1

Заңды мекенжай (мемлекет, пошталық мекенжай, электрондық пошта)


2

Нақты мекенжай (мемлекет, пошталық мекенжай, сайт мекенжайы, телефон нөмірі, электронды пошта)


3

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеудің, қайта тіркеудің (мемлекеттік қайта тіркеудің бар болған жағдайда көрсету) күні мен нөмірі


4

Бизнес сәйкестендіру (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап)


5

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есепке алу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі


6

Бизнес сәйкестендіру нөмірі


7

Жеке сәйкестендіру коды


8

Қызмет көрсетуші банкінің атауы


9

Байланыстырма шоттың нөмірі


10

Есеп айыр шоттың нөмірі


5. Филиалдар және өкілдіктер

1

Қазақ тіліндегі толық атауы


2

Орыс тіліндегі толық атауы


3

Филиалдың (өкілдіктің) есеп тіркеудің, филиалдың (өкілдіктің) есеп қайта тіркеудің күні мен нөмірі (есеп қайта тіркеудің бар болған жағдайда көрсету)


4

Заңды мекенжай


5

Нақты мекенжай


6

Телефон нөмірлері, индекс, сайт мекенжайы, электрондық пошта


7

Басшының қазақ тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


8

Басшының орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


2-тарау. Қызметі туралы мәліметтер

1. Қызметтің бағыты

1

Ұйым қызметінің бағыттары


2

Қызметтің түрі


3

КҰЖЖ мемлекеттік сыныптауыш бойынша коды


4

Мақсатты аудитория (атаулы топ)


5

Ұйым есептік кезеңде өз қызметін атқарған аумағы: мемлекеттер мен аймақтарды атап өту


2. Іске асырылған бағдарламалар/жобалар

1

Донор ұйымның атауы (Қазақстан Респбликасының мемлекеттік органы, халықаралық немесе шетелдік ұйым)


2

Жобаның/бағдарламаның атауы мен мақсаттары


3

Жобаның/бағдарламаның қысқаша сипаттамасы


4

Жобаның/бағдарламаның бюджеті (сома, теңге)


5

Жобаның/бағдарламаның іске асыру мерзімі


6

Жобаны/бағдарламаны бірлесіп асырушылар (жеке және/немесе заңды тұлғалар)


7

Шығармашылық есеп (есепті кезең, ақпаратты жинау әдістемесі, есепке қатысты ақпарат көздері, мәселені шешу жолдары мен әдістері, іске асырылған іс-шаралар, жеткен мақсаттары)

қосу

3. Іске асырылатын жобалар/бағдарламалар

1

Донор ұйымның атауы (мемлекеттік орган, халықаралық немесе шетелдік ұйым)


2

Жобаның/бағдарламаның атауы мен мақсаттары


3

Жобаның/бағдарламаның қысқаша сипаттамасы


4

Жобаның/бағдарламаның бюджеті (сома, теңге)


5

Жобаның/бағдарламаның іске асыру мерзімі


6

Жобаны/бағдарламаны іске асыру күнтізбелік жоспары


7

Жобаны/бағдарламаны бірлесіп асырушылар (жеке және/немесе заңды тұлғалар)


8

Аралық шығармашылық есеп (есепті кезең, ақпаратты жинау әдістемесі, есепке қатысты ақпарат көздері, мәселені шешу жолдары мен әдістері, іске асырылған іс-шаралар, жеткен мақсаттары) (қосып беру)


4. Тұрақтық серіктестер

1

Қазақстан Республикасы немесе шетелдік мемлекеттің мемлекеттік органның атауы


2

Халықаралық немесе шетелдік коммерциялық емес ұйымның атауы


3

Коммерциялық ұйымның атауы


3-Тарау. Мүлік құрамы, үкіметтік емес ұйымның қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтер

1. Мүлік құрамы

1

Жылжымайтын мүліктің атауы, мекенжайы, мүлікке құқығын көрсетуімен


2

Жылжымалы мүліктің атауы, мекенжайы, мүлікке құқығын көрсетуімен


2. Мүлікті қалыптастыру көздері

1

Құрылтайшылардың түсімдері (қатысушылардың, мүшелердің) (сома, теңге) қалыптастыру көздің атауын көрсетуімен


2

Акциялар, облигациялар, өзге де құнды қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақылар, мүдделер) және заңмен рұқсат берілген өзге де кірістер (сома, теңге) қалыптастыру көздің атауын көрсетуімен


3

Ақысыз алынған мүлік (қайырымдылық, демеушілік, меценаттық қолдау, қайырмалдық, гранттар, сыйлықақылар) (сома, теңге) қалыптастыру көздің атауын көрсетуімен


3. Қаражатты жұмсау бағыттары

1

Кіріспе жарналар (сома, теңге)


2

Ұстау бойынша шығындар (сома, теңге)


3

Мүшелік жарналар (сома, теңге)


4

Жобаның/бағдарламаның аясында асырылған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша шығындар (сома, теңге)


4. Бюджет

1

Ағымдағы күнтізбелік жылға арналған бюджет (сома, теңге)


2

Өткен күнтізбелік жыл бойынша Қазақстан Республикасында гранттық қаржыландырдың бюджеті** (сома, теңге)


3

Ағымдағы күнтізбелік жыл бойынша Қазақстан Республикасында гранттық қаржыландырдың бюджеті** (сома, теңге)


      Қосымша:
      1) құрылтай құжаттардың көшірмелері: ____ бет;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша корпоративтік табыс салығы, жеке табыс және әлеуметтік салықтары, көлік салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларациялардың көшірмелері: ____ бет;
      3) Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген негізгі қорлар, еңбек бойынша, есептелген еңбек ақының өлшемі бойынша қызметкерлер санын үлестіру туралы, негізгі капиталға инвестициялар туралы есептердің көшірмелері: ____ бет;
      4) үш соңғы жыл бойынша жыл сайынғы қаржылық теңгерімнің көшірмесі: ____ бет;
      ____________________________________________________ _________
      (Бірінші басшының немесе оның орнын басатын тұлғаның   (қолы)
        тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
      ____________________________________________________
              (Мөр орны – қағазды нұсқау үшін)

      Ескертпе:
      * ақпарат заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге (мемлекеттік қайта тіркеуге) немесе филиалды (өкілдікті) есеп тіркеуге (есеп қайта тіркеуге) сәйкес толтырылады;
      ** ұйым шетелдік коммерциялық емес ұйымның филиалы немесе өкілдігі болып табылған жағдайда, көрсетілген бағанды толтыру қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады