БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12572 болып тіркелген):
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 292-бабының 1-тармағына, 296-2-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
реттік нөмірі 18-жол алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 12780 болып тіркелді):
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 293-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларында:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Осы Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Кәсіпкерлік Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 293-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ивестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін, сондай-ақ "Инвестицияларды жүзеге асыру мен инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.";
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"2. Осы ережелерде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсету, мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық нысанда қамтамасыз ету үшін құрылған, жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғандағы шоғырландырылған үкіметтік ақпараттың барлығына және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылудың техникалық шарттарын беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе.";
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"5. Инвестицияларды жүзеге асыру және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру туралы инвестициялық келісімшарт жасасу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық преференциялар беруге өтінімді (бұдан әрі – өтінім) мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.
Қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электронды көшірмелерін түпнұсқамен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде берілген мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша түрдегі келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.";
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараған кезде:
1) өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды;
2) Кодекстің 292-бабында көрсетілген құжаттардың бар-жоғын тексереді;
3) Кодекстің 292-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, инвестициялық жобаның бизнес-жоспарына талдау жүргізеді;
4) Кодекстің 282-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";
9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"9. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылдайды.
Стандарттың 9-тармағында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы алдын ала, бірақ Әкімшілік акт қабылданған күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оларды қанағаттандыру туралы не оларды толық немесе ішінара қабылдамау туралы шешім қабылдайды.";
14-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.";
15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"15. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
16 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларына 1-қосымшада:
реттік нөмірі 19-жол алынып тасталсын;
Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларына 5-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жол келесі редакцияда жазылсын:
"
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) құжаттар топтамасы Мемлекеттік корпорацияға тапсырылған сәттен бастап – 35 (отыз бес) жұмыс күні; |
";
реттік нөмірі 4-жол келесі редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
";
реттік нөмірі 7-жол, келесі редакцияда жазылсын:
"
7 | Жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден сенбіге дейін, 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз. |
";
реттік нөмірі 8-жол келесі редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекетік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі |
Мемлекеттік корпорацияға: |
".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі |
М. Тілеуберді |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы |
"Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан 20___жылғы "____" ______ №____ инвестициялық келісімшартты орындау туралы жартыжылдық есеп
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетіне
Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: www.mfa.gov.kz
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: 20___жылғы "____" ______ №____ инвестициялық келісімшартты орындау туралы жартыжылдық есеп
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): № 1 - ИК нысан
Кезеңділік: жартыжылдық
Есепті кезең: ағымдағы жылғы 25 шілдеге дейін және есептік кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен инвестициялық келісімшартты жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ағымдағы жылғы 25 шілдеге дейін және есептік кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін
1-бөлім. Тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге | ||||||
Р/н | Шығын баптары | Жоспар | Нақты | Ауытқулар (+;-) | Ауытқу себебі | Растайтын құжаттар (атауы, №, күні) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | Пайдалануға енгізген күні | |||||
3 | ||||||
Жиыны: | ||||||
2-бөлім. Технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат пен материалдар импорты | ||||||
4 | Қосалқы бөлшек (саны, өлшем бірлігі) | |||||
5 | Атауы | |||||
6 | Теңгерім есептерінде кірістерді растайтын құжат | |||||
7 | ||||||
8 | Шикізат және материалдар (саны, өлшем бірлігі) | |||||
9 | ||||||
10 | ||||||
Жиыны: | ||||||
3-бөлім. Өндірістік көрсеткіштер | ||||||
11 | Өнімді шығарудың/ қызметтерді көрсетудің басталған күні | |||||
12 | Өндірілген өнімнің/көрсетілген қызметтің көлемі | |||||
13 | Пайдаланылған шикізаттың және материалдың көлемі |
Осымен инвестициялық Келісімшарттың талаптарына сәйкес тіркелген активтер жалға берілмегенін, иеліктен айырылмағанын және берілген мемлекеттік заттай гранттың және сатып алынған тіркелген активтердің нысаналы мақсаты өзгертілмегенін растаймыз. Көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және түпнұсқалығын куәландырамыз.
Орындаушы ______________ Тел. _____________ E-mail __________
Тегі, аты, әкесінің аты
Қолы _______________
Басшы ______________________ Қолы _____________________ М.О.
Тегі, аты, әкесінің аты
Бас бухгалтер _______________ Қолы ___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
"20___жылғы "____" ______ №____ инвестициялық келісімшартты орындау туралы жартыжылдық есеп" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша түсініктеме
1. Нысан, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 296-2-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Нысан, Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен белгіленген активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығын баптары бойынша толық жазылып, 25 қаңтардан және 25 шілдеден кешіктірмей ұсынылады.
3. Нысан мынадай түрде толтырылады:
1-бөлім. "Тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге":
"Р/н №" деген 1-бағанда рет бойынша нөмірмен көрсетіледі. Кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс;
"Шығын баптары" деген 2-бағанда есептік кезең ішінде "Жұмыс бағдарламасы" инвестициялық келісімшартқа 1-қосымшадан шығын баптары көрсетіледі;
"Жоспар" деген 3-бағанда есептік кезең ішінде "Жұмыс бағдарламасы" инвестициялық келісімшартқа 1-қосымшадан шығын сомасы көрсетіледі;
"Нақты" деген 4-бағанда есептік кезең ішінде расталатын құжаттарға сәйкес шығын сомасы көрсетіледі;
"Ауытқу (+;-)" деген 5-бағанда "4" баған дерегінен "3" баған дерегін шегереміз;
"Ауытқу себебі" деген 6-бағанда "4" және "3" бағанар арасында туындаған айырмашылық себебі көрсетіледі;
"Растайтын құжаттар (атауы, №, күні)" деген 7-бағанда есептік кезең ішінде шығын сомасын растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні көрсетіледі;
"Пайдалануға енгізілген күні" деген жолда 1-жолдың шығын бабында көрсетілген, тіркелген активтердің пайдалануға енгізілген күні көрсетіледі;
1-бөлімнің қалған жолдары "1" жолға ұқсас толтырылады.
2-бөлім. "Технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдардың импорты, өлшем бірлігі".
2-бөлімнің деректері 1-бөлімге ұқсас толтырылады, бұл ретте "Шығын баптары" және "Жоспар" деген бағандардың көрсекіштері инвестициялық келісімшартқа 2-қосымшаға сәйкес көрсетіледі.
3-бөлім. "Өндірістік көрсеткіштер".
"Жоспар" деген бағандағы 3-бөлімнің деректері инвестициялық келісімшарт жасаған заңды түлға Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімге ұсынылған бизнес-жоспардан көрсетіледі. Қалған көрсеткіштер 1 және 2-бөлімдерге ұқсас толтырылады.
Қосымшалар: тіркелген активтердің пайдалануға енгізілгенін, технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттардың Инвестициялық келісімшартты жасасқан заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.