Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда 12782 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 13.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау қорында орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

  Қазақстан Республикасы
  Бас Прокурорының
  2015 жылдың 26 желтоқсандағы
  № 156 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын
кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 20.05.2020 № 65 бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына (одан әрі – прокуратура органдары) қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу және оларды алдын ала зерделеу тәртібін айқындайды.

2. Іріктеу және алдын ала зерделеу тәртібі

      2. Кандидаттарды іріктеу және оларды алдын ала зерделеу аға басшы құрам лауазымдарына жүзеге асырылады және бірқатар дәйекті кезеңдерді өтуді қамтиды:

      1) кәсіби құзыреттіліктерге сәйкестік деңгейін анықтау;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуіне компьютерлік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу);

      3) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және прокуратура органының тиісті бөлімшесінде полиграфологиялық зерттеуден өткізу;

      4) міндетті арнайы тексеріс.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 20.05.2020 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Прокуратура органдарына қызметке қабылдануға ниетті кандидаттарды (одан әрі – кандидат) іріктеу және оларды алдын ала зерделеу аумақтық прокуратура органының кадр қызметімен (одан әрі – кадр қызметі) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидаттың жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      4. Деңгейінің кәсіби құзыреттілікке сәйкестігін анықтауды кадр қызметі кандидаттарды іріктеу көзделіп отырған прокуратура органы бөлімшесінің тәжірибелі қызметкерлерін тарта отырып жүзеге асырады.

      5. Кандидаттарды тестілеу олар өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес, Компьютерлік тестілеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

      Кандидаттарды хабарландыру байланыс құралдары бойынша, олардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына тестілеу тағайындалған күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      6. Тестілеу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (одан әрі – Бас прокуратура) "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлерін тестілеу жүйесі" ақпараттық жүйесінде "Он-лайн" режимінде мемлекеттік немесе орыс тілдерінде кандидаттың таңдауы бойынша өткізіледі.

      Тестілеу Прокуратура органдарының біртұтас көлік ортасының қорғалатын арналары бойынша аудио-бейне хаттамамен бейнеконференц байланысын пайдалану арқылы жүргізіледі.

      7. Тестілеуді өткізудің объективтілігі тестілеудің қорытындыларын автоматтандырылған санау шарттарының, уақытының және мазмұнының стандартты болуымен қамтамасыз етіледі.

      8. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжаты бар кандидаттар жіберіледі.

      9. Тестілеу басталғанға дейін кадр қызметінің өкілі тестілеуді жүргізудің тәртібі бойынша нұсқама жүргізеді, сұрақтар туындаған жағдайда тиісінше түсіндірмелер береді.

      10. Тестілеу сәтінде өзін нашар күйде сезінген кандидат бұл туралы тестілеу басталар алдында кадр қызметінің өкіліне хабарлауы қажет. Мұндай жағдайда бұл кандидатты тестілеуден өткізу сол күннің ішінде басқа уақытта немесе басқа күні өткізіледі.

      11. Тестілеу кезінде кандидаттарға тестілеу өткізіліп жатқан жайдан шығуға, басқа кандидат адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қабылдағыш-беруші электрондық қондырғыларды (соның ішінде ұялы телефондарды, қалталық дербес компьютерлерді немесе басқа электрондық құралдарды), қағаз тасымалдағыштарын пайдалануға рұқсат етілмейді.

      12. Осы Қағидалардың 11-тармағын талаптары бұзылған кезде кадр қызметінің өкілі тестілеуді тоқтатады, бұзуға жол берген кандидатты тестілеу жайынан шығарады және еркін нысанда тиісті акті жасайды. Кандидатты тестілеудің нәтижелері жойылады.

      13. Тестілеуді орындауға 90 минут (120 сұрақ) уақыт беріледі.

      Тестілеуге бөлінген уақыт аяқталған соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.

      14. Тестілеу бойынша төменгі шекті мәні сұрақтардың жалпы санының кемінде 70% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.

      Бұл ретте "Прокуратура туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – әдеп кодексі) бойынша дұрыс жауаптардың саны әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем болмауы тиіс.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 12.02.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      15. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматтандырылған түрде жүргізіледі.

      16. Тестілеу аяқталғаннан кейін кандидаттарға олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тестілеуді өткізу күні, жұмсалған уақыт, дұрыс жауаптардың саны көрсетілген тестілеудің нәтижесі беріледі.

      Тестілеудің нәтижелері ол өткізілген уақыттан бастап бір жыл ішінде жарамды болып саналады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 12.02.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      17. Тестілеуден өткен кезде төменгі шекті мәннен төмен баға алған кандидаттар тестілеу өткен күннен бастап бір айдан кем емес уақыт өткеннен кейін қайтадан тестілеуге жіберіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 12.02.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      18. Кадр қызметі тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен емес баға алған кандидаттарға үш жұмыс күні ішінде қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өтуге жолдама береді (лауазымға және мамандығына сәйкес).

      Кандидат науқастанған, жақын туысы қайтыс болған, дүлей апаттар кезіндегі, төтенше жағдай енгізілген жағдайларды қоспағанда, медициналық және психофизиологиялық куәландырудан уақтылы өтпеген жағдайда кандидатқа қайтадан жолдама берілмейді.

      Денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамды деп танылған кандидат полиграфологиялық зерттеуден өтеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 20.05.2020 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Міндетті арнайы тексеру жүргізу үшін кандидат тестілеуді өткізудің қорытындысы бойынша кадр қызметіне үш жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама;

      2) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптыларын көрсете отырып, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған өз қолымен жазылған толық өмірбаяны;

      3) жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) нотариалдық куәландырылған, бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;

      Басқа мемлекеттерде, халықаралық ұйымдарда немесе шетелдік білім беру мекемелерінде (олардың филиалдарында) білім алған кандидат тану туралы немесе білімі туралы құжаттардың нострификациясы туралы куәлік ұсынады;

      5) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

      6) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс еткенін растайтын құжаттар.

      Кандидат немесе оның жақын туысы атын, әкесінің атын (бар болса) тегін өзгерткен жағдайда атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгертудің мемлекеттік тіркеуі туралы құжаттың көшірмесін ұсынады.

      20. Міндетті арнайы тексеру жүргізу үшін кандидатқа қатысты құжаттарды кадр қызметі осы құжаттарды кандидат ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарына жібереді.

      21. Прокуратура органдарында қызмет етуге денсаулық жағдайлары бойынша жарамсыз деп танылған немесе прокуратура органдарына қызметке орналасуға кедергілердің болуы туралы қорытынды алынған жағдайда кадр қызметі осындай кандидаттарға әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысын және міндетті арнайы тексерудің нәтижесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кандидатқа хабарлайды.

      22. Іріктеуге қатысу жөніндегі шығыстарды (тестілеу жүргізетін орынға бару-қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану және басқа да шығыстар) кандидаттар өздерінің жеке қаражаттарының есебiнен жүргiзедi.

  Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарына
қызметке қабылданатын
үміткерлерді іріктеу және
оларды алдын ала зерделеу
қағидаларына 1 қосымша
  нысан
  __________________________
Қазақстан Республикасының
__________________________
прокуратура органының
_________________________
басшысына

Арыз

      Мені Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына үміткерлерді қызметке қабылдауға іріктеуге және оларды алдын ала зерделеуге жіберуіңізді сұраймын.

      Қолы

      Тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда)

      "___"__________ 20____ ж.

  Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарына
қызметке қабылданатын
үміткерлерді іріктеу және
оларды алдын ала зерделеу
қағидаларына
2 қосымша

Компьютерлік тестілеу бағдарламалары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 12.02.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Лауазымдар санаты

Программа

Тапсырмалар саны

C-GP-2
C-GP-3
C-GP-4
C-GP-5
C-GP-6
C-GP-7
C-ОGP-2
C-ОGP-3
C-ОGP-4
C-ОGP-5
C-ОGP-6
C-ОGP-7
C-ОGP-8
C-RGP-1
C-RGP-2
C-RGP-3
C-RGP-4
C-RGP-5

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексін (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексін (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (10 сұрақ),
"Прокуратура туралы" (15 сұрақ),
"Құқық қорғау қызметі туралы" (10 сұрақ),
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ),
"Әкімшілік рәсімдер туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттің қызметшілерінің этикалық кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі) (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды

120 сұрақ

C-AGP-3
C-AGP-4
C-AGP-5
C-AGP-6
C-AGP-7
C-AGP-8

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (7 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (7 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (7 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексін (7 сұрақ),
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексін (7 сұрақ),
"Прокуратура туралы" (15 сұрақ),
"Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ),
"Білім туралы" (15 сұрақ),
"Ғылым туралы" (15 сұрақ),
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ),
"Әкімшілік рәсімдер туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттің қызметшілерінің этикалық кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі) (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды

120 сұрақ

C-KGP-2
C-KGP-3
C-КGP-4
C-КGP-5
C-ОКGP-1
C-ОКGP-2
C-ОКGP-3
C-ОКGP-4
C-ОКGP-5
C-ОКGP-6
C-ОКGP-7

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексін (5 сұрақ),
"Прокуратура туралы" (15 сұрақ),
"Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ),
"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (15 сұрақ),
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ),
"Әкімшілік рәсімдер туралы" (5 сұрақ),
"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы" (10 сұрақ)
Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттің қызметшілерінің этикалық кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі) (10 сұрақ)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды

120 сұрақ

      Ескертпе:

      Заң мамандағы бойынша тиісті білімнің болуын талап етпейтін лауазымдарға орналасуға ниетті кандидаттар тестілеуден өтпейді.

  Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарына
қызметке қабылданатын
үміткерлерді іріктеу және
оларды алдын ала зерделеу
қағидаларына 3 қосымша
  Нысан

САУАЛНАМА

      (өз қолымен толтырылады)

      1. Тегі (егер өзгертсеңіз, бұрынғысын көрсетіңіз) _____________

      Аты ___________________________________________________________

      Әкесінің аты __________________________________________________

      2. Азаматтығы _________________________________________________

      егер өзгертсеңіз, қай уақытта өзгерткеніңізді көрсетіңіз ______

      _______________________________________________________________

      3. Сотталғансыз ба, қашан және не

      үшін ________________________________________________________________

      4. Шетелдегі оқу немесе жұмыс _________________________________

      Келген ел _____________________________________________________

      Келген уақыт __________________________________________________

      Жұмыс немесе оқу орны _________________________________________

      5. Соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті

      шектеулі деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________

      6. Белгілі бір мерзімге мемлекеттік қызметпен айналысу

      құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ________________________

      7. Прокуратура органының:

      1) Сіз ұмтылған лауазым тікелей

      бағынысты ___________________________________________________________

      2) Сіз ұмтылған лауазым тікелей бағынатын

      _______________________________________________________________

      лауазымды атқаратын қызметкердің (ата-анасы, ұлы, қызы, асырап

      алушысы, асырып алынған, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек

      ағалы-інілер немесе апалы-сіңлілер, атасы, әжесі, немересі, зайыбы

      немесе жұбайы) жақын туысы болып табыласыз ба.

      8. Прокуратура органдарына қызметке орналасардан үш жыл бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылдыңыз ба, қашан және кіммен

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      9. Прокуратура органдарына қызметке орналасардан үш жыл бұрын сот тәртібімен қасақана құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жазаға тартылдыңыз ба, қашан және не үшін ___________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      10. Құқық қорғау органдарына қызметке орналасардан үш жыл бұрын сот тәртібімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жазаға тартылдыңыз ба, қашан және не үшін ________________

      _____________________________________________________________________

      11. Бұрын құқық қорғау қызметінде болдыңыз ба, ________________________, егер болсаңыз, жұмыстан шығу себептерін көрсетіңіз ______________________________________

      20____ ж."___"_____________

      _____________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарына
қызметке қабылданатын
үміткерлерді іріктеу және
оларды алдын ала зерделеу
қағидаларына 4 қосымша
  Нысан

Өмірбаянды үміткер өз қолымен, еркін түрде, түзетулерсіз, төмендегі мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жазады:
Автобиография пишется кандидатом собственноручно, в произвольной форме, без помарок и исправлений, с обязательным указанием следующих сведений:
тегі, аты, әкесінің аты, туған датасы мен жері, ұлты, ана тілі, тағы қандай тілдерді біледі;
фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата и место рождения, национальность, родной язык, какими языками еще владеет;
қашан, қайда, қандай оқу орындарында оқыды, білімі бойынша мамандығы;
когда, где, в каких учебных заведениях учился, специальность по образованию;
кім болып, қашан және қайда жұмыс істеді, кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның толық атауы мен мекен-жайы, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысу себебі көрсетілсін, тәртіптік, материалдық немесе қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылды ма (қашан, кім қолданды, не үшін, ықпал ету шарасы);
кем, когда и где работал с указанием полного наименования и адреса предприятия, учреждения или организации, причины перехода с одной работы на другую, применялись ли меры дисциплинарного, материального или общественного воздействия (когда, кем, за что, мера воздействия);
әскери міндеттілікке қатысы, мерзімді әскери қызметке қашан және қандай әскери комиссариат шақырды (егер шақырылмаса, себебі көрсетілсін), қандай әскери бөлімдерде (номерлері көрсетілсін) және кім болып қызмет атқарды, Қарулы Күштерден запасқа қашан және қандай лауазымнан босатылған, әскери атағы;
отношение к воинской обязанности, когда и каким военкоматом призван на действительную военную службу (если не призвался, указать причину), в каких воинских частях (указать номера) и в качестве кого проходил службу, когда и с какой должности уволен в запас Вооруженных Сил, воинское звание;
отбасы жағдайы, қашан некеге тұрды, әйелінің (ерінің) тегі, аты, әкесінің аты, туған датасы мен жері, ұлты, жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері (сондай-ақ үміткер мен оның әйелінің (ерінің) жақын туысқандары; әкесі, шешесі, аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері) мен балалары, сондай-ақ бұрынғы әйелдері (ерлері) және олардың жақын туысқандары, ажырасу себептертері көрсетіле отырып, некені бұзу туралы куәліктерінің номерлері, оларды қандай орган қашан бергені туралы мәліметтер; егер үміткер, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандары тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, олардың бұрынғы бағыттық деректері көрсетіледі, туысқандарынан кім ішкі істер органдарында немесе ішкі әскерлерде қызмет етеді (туысқандық дәрежесі, тегі, аты, әкесінің аты, қайда, лауазымы, арнайы немесе әскери атағы);
семейное положение, когда вступил в брак, фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность; место работы и должность, место жительства жены (мужа); такие же сведения на близких родственников кандидата и его жены (мужа); отца, мать, братьев, сестер и детей, а также на бывших жен (мужей) и их близких родственников с указанием причин развода, номера свидетельств о расторжении брака, когда и каким органом оно выдано; если кандидат, его жена (муж) или их близкие родственники изменяли фамилию, имя, отчество, то указывается и их прежние установочные данные; служит ли то из родственников в органах внутренних дел или во внутренних войсках (степень родства, фамилия, имя, отчество, где должность, специальное или воинское звание);
үміткер, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандарынан біреу шетел азаматтылығында тұрды ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде кім шетелдерде болды (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе тұрақты тұруға шетелге шығу үшін өтініш білдірді (қашан, қандай себеппен), шетелдерде тұратын қазақстандық азаматтардың ішінде туысқандары бар ма (тегі, аты, әкесінің аты, туысқандық дәрежесі, немен айналысады, қайда тұрады), олармен байланыс немен көрінеді;
состоял ли кандидат, его жена (муж) или кто-нибудь из их родственников в иностранном гражданстве (кто, степень родства), кто из них был за границей (когда, где, с какой целью) или ходатайствовал о выезде за границу на постоянное место жительства (когда, по какой причине), имеются ли родственники, проживающие за границей (фамилия, имя, отчество, степень родства, род занятий, где проживают), в чем выражается связь с ними;
үміткер, оның әйелі (ері) немесе олардың жақын туысқандарынан біреу қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тартылған ба (қашан, не үшін, жазалау шарасы), осы адамдардың құқық қорғау органдары қызметіне қатысы;
привлекался ли кандидат, его жена (муж) или кто-либо из их близких родственников к уголовной или административной ответственности (когда, за что, мера наказания);
соңғы жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты мекен-жайы, егер бір жерден екінші жерге көшуге тура келсе, бұрынғы мекен-жайларын көрсетеді.
место последней работы и должность, место жительства, если приходилось переезжать с одного места жительства на другое, то указываются прежние места жительства.
 

ӨМІРБАЯН
АВТОБИОГРАФИЯ
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты /
фамилия, имя, отчество (при его наличии)
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады