"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 20 мамырдағы № 65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 мамырда № 20707 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 13.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12782 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) "2. Іріктеу және алдын ала зерделеу тәртібі" деген тарауда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кандидаттарды іріктеу және оларды алдын ала зерделеу аға басшы құрам лауазымдарына жүзеге асырылады және бірқатар дәйекті кезеңдерді өтуді қамтиды:

      1) кәсіби құзыреттіліктерге сәйкестік деңгейін анықтау;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуіне компьютерлік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу);

      3) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және прокуратура органының тиісті бөлімшесінде полиграфологиялық зерттеуден өткізу;

      4) міндетті арнайы тексеріс.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Кадр қызметі тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен емес баға алған кандидаттарға үш жұмыс күні ішінде қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өтуге жолдама береді (лауазымға және мамандығына сәйкес).

      Кандидат науқастанған, жақын туысы қайтыс болған, дүлей апаттар кезіндегі, төтенше жағдай енгізілген жағдайларды қоспағанда, медициналық және психофизиологиялық куәландырудан уақтылы өтпеген жағдайда кандидатқа қайтадан жолдама берілмейді.

      Денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамды деп танылған кандидат полиграфологиялық зерттеуден өтеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық осы Қағидалардың 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады