"Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 421 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 қаңтарда № 12920 болып тіркелді

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3) тармақшасына және 33-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.
      2. Экономика және қаржы департаменті (А. Б. Досходжаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгенен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтың актілерінің эталонда бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1)2) және 3) тақмақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
       4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасы


      Мәдениет және спорт Министрінің м.а.

М. Әзілханов



Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің м.а.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 421 бұйрығымен
бекітілген

"Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.
      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар және заңдық құқықтық актілерінің тізбесі:
      1) "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      2) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:
      Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету.
      4. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген.
 


 

Норма/нормативтің атауы
 

Норманы/нормативті реттейтін нормативтік құқықтық акт

Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар санаттары
 

Норма/норматив көлемі
 

1
 

Мәдени-демалыс ұйымдарына қолжетімділік
 

"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы және "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдары;
 

аудандық маңызы бар қалалардын тұрғындары халық саны 1000 адамнан астам ауылдық елді мекендердін тұрғындары

Мәдени-демалыс ұйымы есептелгенде 1000 адамға 50 орын
 




 
 
 

Тұрақты мәдени-демалыс кешені
халық саны 1000-2000 адам болған жағдайда 1000 адамға 230-300 орын;
халықтың саны 2000-5000 адам болған жағдайда 1000 адамға 190-230 орын;
халықтың саны 5000 адам астам болған жағдайда 1000 адамға 140-190 орын
 

халық саны 1000 адамнан кем емес ауылдық елді мекендердін тұрғындары
 

Аудандық орталық деңгейіндегі жылжымалы мәдени-демалыс кешені
 

2
 

Кітапханаларға қолжетімділік
 

"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы және "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдары;
 
 

республикалық маңызы бар қала, астана тұрғындары
 

20000 адамға 1 кітапхана;
2 оқырман орынға 4000 сақтау бірліктері;
20 000 адамға 1 кітапхана 0,1 оқырман орынға қосымша қоры 100 сақтау бірліктерімен орталық кітапханасы;
2 оқырман орынға 4000
 

халық саны 500 000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалар тұрғындары
 




халық саны 500 000 адамға дейін облыстық маңызы бар қалалардын тұрғындары
 
 

10000-12000 адамға 1 кітапхана, 2 оқырман орынға 4000 сақтау бірліктері;
0,3 оқырман орынға 300 сақтау бірліктерімен қосымша қоры бар орталық кітапханасы;
халық саны 250000-500000 адам болған жағдайда әр 20000 адамға 1 кітапхана, 2 оқырман орынға 4000 сақтау бірліктері;
0,2 оқырман орынға қосымша қоры 200 сақтау бірліктерімен орталық кітапханасы
 

аудандық маңызы бар қалалар тұрғындары
 

Тұрғын халқы 10000 адам болған жағдайда 1 кітапхана және 3 оқырман орындары бар 4500 сақтау бірліктері;
0,3 оқырман орынға қосымша қоры 500 сақтау бірліктерімен орталық кітапханасы;
Аудан орталығы кітапханасы деңгейіндегі әдебиеттерді беру жылжымалы бөлімшесі
 




халық саны 1000 адамнан астам ауылдық елді мекендердін тұрғындары
 
 

Тұрғын халқы 1000 адам болған жағдайда 5-6 оқырман орындары бар 5000 - 6000 сақтау бірліктері
 
 

халық саны 1000 адамнан кем емес ауылдық елді мекендердін тұрғындары
 

Аудан орталығы кітапханасы деңгейіндегі әдебиеттерді беру жылжымалы бөлімшесі
 
 

3
 

Мұражайларға қолжетімділік
 

"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы және "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдары;
 
 

республикалық маңызы бар қала, астана тұрғындары
халық саны 500 000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардын тұрғындары
 

Көрме залдар, өлкетану, тарихи, көркем мұражайлар
 

халық саны 500 000 адамға дейін облыстық маңызы бар қалалардын тұрғындары
 

Облыстық және қалалық көркем мұражайлары;
Көркем шығармалар коллекциясы бар облыс орталықтарында және қалаларда;
Облыстық өлкетану, тарихи, көркем мұражайлар – облыс орталықтарында;
Тұрғын халқы 100000 адамнан кем емес қалалардағы көрме залдар
 

аудандық маңызы бар қалалардын тұрғындары
 

1 мұражай немесе орталық мұражай жүйесінің филиалы – өлкетану, тарихи, көркем;
Халық саны 5000 адамнан кем болғанда және экспонаттардың
1000 дана (негізгі қорда) болған жағдайда
 




халық саны 1000 адамнан астам ауылдық елді мекендер
 
 

МДО-нда жауынгерлік және еңбектік даңқтар бөлмесі, қоғамдық бастамамен құрылған мұражай ұйымдаса алады;
Халық саны 5000 адамнан кем болғанда және экспонаттардың
1000 дана (негізгі қорда) болған жағдайда
 

халық саны 1000 адамнан кем емес ауылдық елді мекендер
 
 

4
 

Кинотеатрларға қолжетімділік
 

"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы және "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдары;
 

- республикалық маңызы бар қала, астана тұрғындары
 

1000 тұрғынға есептелген 35 орыннан
1 немесе бірнеше кинотеатр
 

- халық саны 500 000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардын тұрғындары
 




- халық саны 500 000 адамға дейін облыстық маңызы бар қалалардын тұрғындары
 

- аудандық маңызы бар қалалардын тұрғындарды
 
 

Тұрғын саны 3000 адамнан астам болған жағдайда 1000 адамға есептелген 35 орыннан тұратын
1 кинотеатр
 

-халық саны 1000 адамнан астам ауылдық елді мекендердін тұрғындары
 
 

Тұрғын саны 3000 адамнан астам болған жағдайда 1000 адамға есептелген 35 орыннан тұратын
1 кинотеатр
 

-халық саны 1000 адамнан кем емес ауылдық елді мекендердін тұрғындары
 
 

Аудан орталығы деңгейіндегі жылжымалы мәдени-демалыс кешені

5
 

Театрларға қолжетімділік
 

"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы және "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдары;
 
 

-республикалық маңызы бар қала, астана тұрғындары
 

Тұрғындар саны 30000 адамнан асқан жағдайда, 1000 адамға 5-8 көрермен орыннан, 1000 балаға 2-3 орыннан есптегенде 1 немесе бірнеше театр және жасөспірімдер және қуыршақ театрлары;
Облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде тұрғындар саны 500000 адамнан кем болмаған жағдайда бір опреа және балет театры және бір кәсіби театрды қарастыру: драмалық, музыкалық-драмалық, жасөспірімдер, қуыршық және басқа түрлерінен бір театрдан (балет, пантомима және т.б.);
 

-халық саны 500 000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардын тұрғындары
 

-халық саны 500 000 адамға дейін облыстық маңызы бар қалалардын тұрғындары
 

- аудандық маңызы бар қалалардын тұрғындары
 
 

-халық саны 1000 адамнан астам ауылдық елді мекендердын тұрғындары
 
 



-халық саны 1000 адамнан кем емес ауылдық елді мекендер тұрғындары
 


6
 

Концерттік ұйымдарға қолжетімділік
 

"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы және "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдары;
 

-республикалық маңызы бар қала, астана тұрғындары

Облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде тұрғындар саны 250000 адамнан асқан жағдайда 1000 адамға 3,5-5 орыннан есептегенде бір немесе бірнеше концерттік ұйымдар
 

-халық саны 500 000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардын тұрғындары

7

Цирктерге қолжетімділік

"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы және "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдары;
 

-республикалық маңызы бар қала, астана тұрғындары
 

Тұрғындар саны 250000 адамнан асқан жағдайда 1000 адамға 3,5-5 орыннан есептегенде бір цирк

-халық саны 500 000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалар тұрғындары

-халық саны 500 000 адамға дейін облыстық маңызы бар қалалар тұрғындары

8

Зоологиялық саябақтар және ботаникалық бақтар қолжетімділік
 

"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы және "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдары;
 

-республикалық маңызы бар қала, астана тұрғындары
 

Тұрғындар саны 100000 адамнан асқан жағдайда жобалау тапсырмасына сәйкес 1 ботаникалық бақ немесе зоологиялық саябақ

-халық саны 500 000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалар тұрғындары
 

-халық саны 500 000 адамға дейін облыстық маңызы бар қалалардын тұрғындары

9
 

Ойын-сауық және демалыс саябақтарына қолжетімділік
 

"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы және "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдары;

-республикалық маңызы бар қала, астана тұрғындары

Қызмет көрсету аймағы 1000 адамға есептегенде еден көлемі 3 ш.м. келетін жабық ойын-сауық саябағы;
Құрғындар саны 100000 адамнан кем болмаған жағдайда 100000-200000 адамға арналған 1 ашық ойын-сауық және демалыс саябағы

-халық саны 500 000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалар тұрғындары

-халық саны 500 000 адамға дейін облыстық маңызы бар қалалардын тұрғындары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады