"Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 121 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 242 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13423 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 36 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4718 тіркелген, 2007 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесінде:

      4-тармақта:

      1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құрылтайшылар-жеке тұлғалар үшін – Ережеге 1-қосымшаға сәйкес құрылтайшы-жеке тұлға туралы мәліметтер, сондай-ақ құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген осы тұлғада заңнамамен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығын растайтын құжатты қоса бере отырып, Банктер туралы заңның 24-бабы 1-тармағының г-1) тармақшасы екінші абзацының талаптарын орындағаны туралы ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімді құрайды).";

      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ережеге 2-қосымшаға сәйкес құрылтайшы-заңды тұлға туралы мәліметтер, оларға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе анықтама және құрылтай құжаттарының (жарғының, құрылтай шартының) нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Банктің басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген "Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысында белгіленген нысан бойынша жасалады.";

      18-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жаңадан құрылған банк уәкілетті органға депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу операцияларын қоспағанда (осы ерекшелік жаңадан құрылған еншілес банкке қолданылмайды), Банктер туралы заңның 26-бабы 2-тармағының 3), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, Ереженің 7, 7-1-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішін береді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Уәкілетті орган банкке банктік және өзге операциялардың қосымша түрлеріне, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің шағын түрлеріне лицензия беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, банкке банктік және өзге операциялардың қосымша түрлерін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің шағын түрлерін енгізумен қатар жаңа лицензия беріледі. Банктің бұрынғы лицензиясы уәкілетті органға қайтарылуға жатады.";

      21-тармақ алынып тасталсын;

      23-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар банк үшін бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің қосымша шағын түрін жүзеге асыруға лицензия алудың талаптары мыналар болып табылады:";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Банкке банктік және өзге операциялардың барлық және жекелеген түрлерін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің барлық және жекелеген шағын түрлерін жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не тоқтату";

      30-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Банк уәкілетті органға банктік немесе өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті тоқтату және (немесе) лицензиядан операциялардың жекелеген түрлерін және (немесе) банк қызметінің шағын түрлерін алып тастау туралы ерікті түрде өтініш жасаған жағдайда, банк акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде операциялардың барлық түрлері және (немесе) қызметтің шағын түрлері (банк уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасаған жағдайда) немесе алып тасталуға тиіс операцияның түрі және (немесе) қызметтің шағын түрі бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін уәкілетті органға күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасауына байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға және (немесе) лицензиядан операциялардың жекелеген түрлерін және (немесе) қызметтің шағын түрлерін алып тастауға өтініш береді.";

      30-1 және 30-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-1. Банк уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату және (немесе) лицензиядан операциялардың жекелеген түрлерін және (немесе) қызметтің шағын түрлерін алып тастау жөнінде ерікті түрде өтініш жасағаны туралы ақпаратты уәкілетті органға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      30-2. Банктің бірінші басшысы қол қойған уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасауына байланысты лицензияның қолданылуын тоқтату, лицензиядан операциялардың жекелеген түрлерін және (немесе) қызметтің шағын түрлерін алып тастау өтініші уәкілетті органға Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (операциялардың жекелеген түрлерін және (немесе) қызметтің шағын түрлерін алып тастау кезінде);

      2) банк акционерлерінің жалпы жиналысының уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату, лицензиядан операциялардың жекелеген түрлерін және (немесе) қызметтің шағын түрлерін алып тастау жөнінде ерікті түрде өтініш жасау туралы шешімі;

      3) бас банк пен еншілес банк арасында жасалған, активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру туралы шарттың түпнұсқасы қоса берілетін, Банктер туралы заңның 61-4-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, операциялардың барлық түрлері және (немесе) қызметтің шағын түрлері (уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасаған жағдайда) немесе алып тасталуға тиіс операцияның және (немесе) қызметтің шағын түрі бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқтығы туралы банктің кепілдік-хаты;

      4) өтініш жіберу күнінің алдындағы күнге жасалған бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба. Бухгалтерлік балансқа түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомасы мен олардың туындау негіздемелерін көрсете отырып, банктің кредиторлары (олар болған жағдайда) туралы ақпарат ашып көрсетіледі;

      5) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шотты және банктің жеке шотындағы барлық қосалқы шоттарды жабу туралы хаты немесе "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының банктің атына ашылған жеке шотқа "жоғалған клиент" мәртебесін беру туралы ақпараты;

      6) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимильдік хабарламалар түрінде операциялық құжаттарды қабылдау мен беру туралы шартты (уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасаған жағдайда) бұзу туралы хаты;

      7) "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының алдында қызметтің барлық шағын түрлері (уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасаған жағдайда) немесе лицензиядан алынуға тиіс қызметтің шағын түрі бойынша берешектің жоқ екені туралы "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының хаты.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтату кезінде ұсынылады, осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген құжат бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтату және (немесе) лицензиядан трансфер-агент қызметін қоспағанда, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің жекелеген шағын түрін алып тастау кезінде ұсынылады.";

      30-3-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-3. Уәкілетті орган лицензиядан операциялардың жекелеген түрлерін және (немесе) қызметтің шағын түрлерін алып тастау өтінішін Ереженің 30-2-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.";

      30-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-4. Уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасау, лицензиядан операциялардың жекелеген түрлерін және (немесе) қызметтің шағын түрлерін алып тастау мынадай талаптар орындалған кезде жүргізіледі:

      1) Ереженің 30-2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсыну;

      2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі;

      3) операциялардың барлық түрлері және (немесе) қызметтің шағын түрлері (уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасаған жағдайда) немесе алып тасталуға тиіс операция түрі және (немесе) қызметтің шағын түрі бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың болмауы.";

      30-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-6. Уәкілетті органның банктік немесе өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті тоқтату мүмкіндігі туралы хатын немесе лицензиядан операциялардың жекелеген түрлерін және (немесе) қызметтің шағын түрлерін алып тастауға байланысты лицензияны қайта ресімдеу туралы хатын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей банк уәкілетті органға лицензияның түпнұсқасын қайтарады.

      Банк уәкілетті органның банктік немесе өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті тоқтату мүмкіндігі туралы хатын алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органды банктің атауынан "банк" деген сөзді алып тастау бөлігінде мемлекеттік қайта тіркеу туралы хабардар етеді.";

      1, 2, 3, 6-2, 6-3, 7, 7-1, 8, 8-1 және 9-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Банктік қадағалау департаменті (Есболатов К.Қ.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму

      министрлігі

      Министрдің м.а.____________Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 28 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Министр________________Е. Досаев

      2016 жылғы 19 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 242 қаулысына
1-қосымша
  Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
банктер бағалы қағаздар рыногында
жүзеге асыратын қызметті, банктік
және өзге операцияларды
лицензиялау ережесіне
1-қосымша

      Сурет (3 x 4 сантиметр)

Құрылтайшы - жеке тұлға туралы мәліметтер

      ___________________________________________________

      (банктің атауы)

      20__ жылғы "___" ________________

      1. Құрылтайшы

      ________________________________________________________________.

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса))

      2. Туған күні

      ________________________________________________________________.

      3. Туған жері

      ________________________________________________________________.

      4. Азаматтығы

      ________________________________________________________________.

      5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      ________________________________________________________________.

      6. Тұрғылықты жері

      ________________________________________________________________.

      7. Жұмыс орны, лауазымы

      ________________________________________________________________.

      8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің нөмірі)

      ________________________________________________________________.

      9. Білімі

      ________________________________________________________________.

      (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

      10. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме

      ________________________________________________________________.

      (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)

      11. Құрылтайшы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы-жеке тұлға, ірі қатысушының (банк холдингінің)-заңды тұлғаның бірінші басшысы болды ма.

      Қолы __________________ күні _________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 242 қаулысына
2-қосымша
  Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
банктер бағалы қағаздар рыногында
жүзеге асыратын қызметті, банктік
және өзге операцияларды
лицензиялау ережесіне
2-қосымша

      Нысан

Құрылтайшы - заңды тұлға туралы мәліметтер

      __________________________________________________________

      (банктің атауы)

      20__ жылғы "___" ________________

      1. Құрылтайшы

      _________________________________________________________________.

      (заңды тұлғаның атауы)

      2. Орналасқан жері

      _________________________________________________________________.

      (почта индексі, облысы, қаласы, көшесі, байланыс телефоны)

      3. Мемлекеттік тіркелуі

      _________________________________________________________________.

      (құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берді)

      4. Қызмет түрі

      _________________________________________________________________.

      (қызметінің негізгі түрлері көрсетілсін)

      5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан Республикасының

      бейрезиденті (керегінің асты сызылсын) болып табылады ма).

      6. Құрылтайшы - заңды тұлғаның басшысы

      _________________________________________________________________.

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса), туған күні)

      Білімі _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________.

      (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

      Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________.

      (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)

      7. Соңғы күнтізбелік үш жылда құрылтайшы - заңды тұлғада ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма

      _________________________________________________________________

      (олардың туындау себептері)

      _________________________________________________________________.

      (бұл проблемаларды шешу нәтижелері)

      8. Банк құрылтайшысы - заңды тұлға ірі акционері болып табылатын немесе жарғылық капиталға қатысу үлесінің он немесе одан да көп пайызына тура және (немесе) жанама ие ұйымдарды көрсетіңіз: ұйымның атауы, орналасқан жері және мемлекеттік тіркелуі туралы деректер

      _________________________________________________________________

      (ұйым қызметінің түрі)

      _________________________________________________________________.

      (осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы)

      9. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен тізбесі белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұйым рейтингісі болған жағдайда, оны көрсетіңіз.

      10. Құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы-жеке тұлға, ірі қатысушының (банк холдингінің)-заңды тұлғаның бірінші басшысы болды ма.

      _________________________________________________________________

      (күні, қолы, мөрі (бар болса))

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 242 қаулысына
3-қосымша
  Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
банктер бағалы қағаздар рыногында
жүзеге асыратын қызметті, банктік
және өзге операцияларды
лицензиялау ережесіне
3-қосымша

      Нысан

Банкті ашуға рұқсат беру туралы
өтініш

      _________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса), ЖСН)

      _________________________________________________________________

      (өтініш берушінің осы өтінішті құрылтайшылардың атынан

      _________________________________________________________________

      беруге өкілеттігін растайтын нотариалды немесе басқадай

      _____________________________________________________________

      куәландырылған құжатқа сілтеме)

      _________________________________________________________________

      (өтініш берушінің жұмыс орны мен оның лауазымы, тұрғылықты жері,

      заңды мекен-жайы)

      Құрылтай жиналысының _____ жылғы "___" _________ №__ шешіміне

      (хаттамасына) сәйкес

      ____________________________________________________________

      (құрылатын банктің толық атауы мен орналасқан жері)

      ашуға рұқсат беруді сұрайды.

      Құрылтайшы (құрылтайшылар) өтінішке қоса берілген құжаттардың

      шынайылығына, сондай-ақ уәкілетті органға осы өтініштің қаралуына

      байланысты сұратылған ақпаратты уақтылы ұсынуға толық жауап береді.

      Қосымша (жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және

      әрқайсысының парақтар саны көрсетілсін):

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________

      (өтініш берушінің қолы, күні)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 242 қаулысына
4-қосымша
  Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
банктер бағалы қағаздар рыногында
жүзеге асыратын қызметті, банктік
және өзге операцияларды
лицензиялау ережесіне
6-2-қосымша

      Нысан

      _____________________________

      (уәкілетті органның

      толық атауы)

      ____________________________

      (банктің толық атауы)

Өтініш

      __________________________________________________________ байланысты

      (лицензияны қайта рәсімдеу себебі көрсетілсін)

      ___________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (лицензияның атауы, валюта түрі көрсетілсін - ұлттық және (немесе) шетелдік)

      лицензияны қайта рәсімдеуді сұраймын.

      Банк туралы мәліметтер:_________________________________________.

      1. Атауы, орналасқан жері ________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйдің нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (телефоны, факсы)

      2. Банктік және (немесе) өзге де операцияларды жүргізуге және

      (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметке алғаш рет алынған

      лицензия туралы деректер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және

      әрқайсысының парақтар саны__________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Банк пен құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса берілетін

      құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін толық растайды.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса), лауазымы

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      __________________

      (қолы)

      20___ жылғы ___ __________

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 242 қаулысына
5-қосымша
  Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
банктер бағалы қағаздар рыногында
жүзеге асыратын қызметті, банктік
және өзге операцияларды
лицензиялау ережесіне
6-3-қосымша

      Нысан

      _____________________________

      (уәкілетті органның

      толық атауы)

      ____________________________

      (ислам банкінің толық атауы)

Өтініш

      __________________________________________________________ байланысты

      (лицензияны қайта рәсімдеу себебі көрсетілсін)

      ___________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (лицензияның атауы, валюта түрі көрсетілсін - ұлттық және (немесе) шетелдік)

      лицензияны қайта рәсімдеуді сұраймын.

      Ислам банкі туралы мәліметтер:________________________________.

      1. Атауы, орналасқан жері ________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйдің нөмірі, телефоны, факсы)

      2. Ислам банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге

      алғаш рет алынған лицензиясы туралы деректер:

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және

      әрқайсысының парақтар саны__________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Ислам банкі мен құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса

      берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін толық растайды.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса), лауазымы

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      ____________________

      (қолы)

      20___ жылғы ___ __________

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 242 қаулысына
6-қосымша
  Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
банктер бағалы қағаздар рыногында
жүзеге асыратын қызметті, банктік
және өзге операцияларды
лицензиялау ережесіне
7-қосымша

      Нысан

      _____________________________

      (уәкілетті органның

      толық атауы)

      ____________________________

      (банктің толық атауы)

Банктік және өзге де операцияларды жүргізуге
лицензия беру туралы өтініш

      Банк операцияларын (валюта түрі көрсетілсін - ұлттық және (немесе) шетелдік):

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      өзге операцияларды:

      _____________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      жүргізуге лицензия беруіңізді сұраймын.

      Банк туралы мәліметтер:_______________________________________.

      1. Атауы, орналасқан жері ________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйдің нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (телефоны, факсы)

      2. Банктік және өзге операцияларды жүргізуге алғаш рет алынған

      лицензия туралы деректер:_________________________

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және

      әрқайсысының парақтар саны _________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Банк пен құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса берілетін

      құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін толық растайды.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      ____________________

      қолы)

      20___ жылғы ___ __________

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 242 қаулысына
7-қосымша
  Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
банктер бағалы қағаздар рыногында
жүзеге асыратын қызметті, банктік
және өзге операцияларды
лицензиялау ережесіне
7-1-қосымша

      Нысан

      _____________________________

      (уәкілетті органның

      толық атауы)

      ____________________________

      (ислам банкінің толық атауы)

Ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізуге
лицензия беру туралы өтініш

      Мынадай операцияларды (валюта түрі көрсетілсін - ұлттық және (немесе) шетелдік):

      1) ислам банкінің банк операцияларын:

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________;

      2) банктік және өзге де операцияларды:

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      жүргізуге лицензия беруіңізді сұраймын.

      Ислам банкі туралы мәліметтер:________________________________.

      1. Атауы, орналасқан жері ________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйдің нөмірі, телефоны,

      факсы)

      2. Ислам банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге

      алғаш рет алынған лицензиясы туралы деректер:

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және

      әрқайсысының парақтар саны__________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Ислам банкі мен құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса

      берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін толық растайды.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса), лауазымы

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      ____________________

      (қолы)

      20___ жылғы ___ __________

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 242 қаулысына
8-қосымша
  Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
банктер бағалы қағаздар рыногында
жүзеге асыратын қызметті, банктік
және өзге операцияларды
лицензиялау ережесіне
8-қосымша

      Нысан

      _____________________________

      (уәкілетті органның

      толық атауы)

      ____________________________

      (банктің толық атауы)

Лицензия беру туралы
өтініш

      Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын:

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      Банк туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері

      _____________________________________________________________________

      _________________________________________________________________.

      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйдің нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      (телефоны, факсы)

      2. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға алғаш рет

      алынған лицензия туралы деректер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және

      әрқайсысының парақтар саны:

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      Банк пен құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса берілетін

      құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін толық растайды.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса), лауазымы

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      ______________________

      (қолы)

      20___ жылғы ___ __________

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 242 қаулысына
9-қосымша
  Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
банктер бағалы қағаздар рыногында
жүзеге асыратын қызметті, банктік
және өзге операцияларды
лицензиялау ережесіне
8-1-қосымша

      Нысан

      _____________________________

      (уәкілетті органның

      толық атауы)

      ____________________________

      (ислам банкінің толық атауы)

Лицензия беру туралы
өтініш

      Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия

      беруіңізді сұраймын:

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      Ислам банкі туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйдің нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      (телефоны, факсы)

      2. Ислам банкінің банктік және өзге операцияларын жүргізуге:

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      ислам банкінің банктік және өзге операцияларын және бағалы

      қағаздар нарығында қызметті жүргізуге алғаш рет алынған лицензия

      туралы деректер:

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және

      әрқайсысының парақтар саны:

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      Ислам банкі мен құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса

      берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін толық растайды.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса), лауазымы

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________.

      ____________________

      (қолы)

      20___ жылғы ___ __________

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 242 қаулысына
10-қосымша
  Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
банктер бағалы қағаздар рыногында
жүзеге асыратын қызметті, банктік
және өзге операцияларды
лицензиялау ережесіне
9-қосымша

      Нысан

Уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасауға байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға, операциялардың жекелеген түрлерін және (немесе) қызметтің шағын түрлерін алып тастауға
өтініш

      ____________________________________________________________________

      (банктің атауы)

      акционерлерінің жалпы жиналысының 20___жылғы "___" ___________ №

      _____ шешіміне сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (өткізілген орны)

      банктік немесе өзге операцияларды және (немесе) бағалы қағаздар

      нарығында қызметті жүргізуге берілген 20___жылғы "__" ___________ №

      ____лицензияның қолданылуын тоқтату (керегі таңдалсын)

      ____________________________________________________________________,

      (лицензияның атауы)

      банктік немесе өзге операцияларды және (немесе) бағалы қағаздар

      нарығында қызметті жүргізуге берілген 20___жылғы "__" ___________ №

      _____ лицензиядан операциялардың жекелеген түрлерін және (немесе)

      қызметтің шағын түрлерін алып тастау

      _______________________________________________________________.

      (операция түрінің және (немесе) қызметтің шағын түрінің атауы)

      Банк өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың

      дәйектілігіне, сондай-ақ уәкілетті органға өтінішті қарауға

      байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уақтылы

      берілуіне толық жауап береді.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы

      тізбесі, даналар саны және әрқайсысының парақтар саны көрсетілсін):

      Банктің бірінші басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме)

      ______________________________

      (қолы, мөрі (бар болса))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады